Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Description
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

3 weeks, 3 days ago

Айт құтты болсын, әпенділерім!

Келесі Рамазанға аман-сау жетейік!🤲

Алла елімізді түрлі сынақтар мен жамандықтардан сақтасын!

Асыл дініміз өркендеп дами берсін! Алла Тағала баршамызға амандық берсін!

Пітір беруді ұмытпаңыздар😊

3 weeks, 4 days ago

Соңғы тарапы... Соңғы тәспі... Соңғы сәресі...

Көңілің мұңданады екен...

Медляк музыкамен ойланып көріңіз, жүректі тербейді...

3 weeks, 4 days ago

Соңғы бес күнде хит боп жатқан үш музыка:

- Һәзә сәләәм...

- Тасып жатыр бойда батыр рух

- Қиын-қыстау қилы заманда...

Соңғысы уже ығырды шығарды))

2 months, 3 weeks ago

*❗️СОҢҒЫ РЕТ...!*

Мына кітапты осы бағамен соңғы рет ертеңге дейін сатуды жөн көрдім.

Жұрт жүз бетке жетпейтін шағын кітапшасын 2000-ға бағалап жатқанда, сира еңбектерінің төресі ретінде бағаланатын 700 беттік туындыны екі-ақ мың теңгеге сатуым "құндылыққа қиянат па" деген ой келді. Әрісі, бұл кітапты баспаға бермей, PDF нұсқасын сатуымыздың себебеі Атырауда бой көтеріп жатырған медресемізге кішкене болса да демеу болсын деген ой еді.
Келесі апта баға көтеріледі...😉****

2 months, 3 weeks ago

Орамалды қыздар Жайдарманда өз мұңын әзілмен әдемі жеткізіпті

2 months, 4 weeks ago

Бірде жақын досым уатсапқа арабшалап:

''Иннә лиллаһи уә иннә иләйһи ражиғуун!''* - деп жазып жіберіпті.

Смсті ашқан бойда жүрегім зу ете түсті. ''Қай танысым қайтыс болды? Анам емес пе, әлде туысқаным ба екен? Авария болған жоқ па аяқасты'' деген сұрақтар миымды кезіп кетті.

Сәлден кейін:

- Сәке, осы сөздің мағынасы қалай? - деп жазып тұр көксоққан😅

Боқтап жібердім (ішімнен)

  • Мағынасы: Шын мәнінде, біз Аллаға тәнбіз және Оған қайтамыз (Бақара сүресі, 152 аят)

Бұл аят бір мұсылман дүниеден өткенде (көңіл айту, естірту) айтылады.

3 months ago

Бұрын айтқан едім,

Блогерлердің хиджаб кигеніне шыны керек қуану керек, себебі олардың өмірін тамашалап, ақыл-кеңесін тыңдайтын жүз мыңдаған, миллиондаған аудиториясы бар. Олар өздерін өзгерту арқылы өзгелерді өзгертуге де мүмкіндігі бар. Орамалды блогерлер жанама түрде хиджабтың жарнамасын жасап, діннің жалауын көтеріп жүр. Халықтың орамалға көзі үйренуіне, орамал туралы жылы пікірдің қалыптасуына ықпал жасауда. Солардың арқасында, стильді, заманауи дизайндағы көйлектер нарыққа шықты.

Хош, бұрын да айтқан да тағы бір сөзім бар. Блогерлерараласқан кез-келген нәрсе өзінің құндылығын жоғалтады деп. Сондай құндылықтардың бірі – хиджаб. Хиджабтың материалдық болмысы киім болғанымен, руханияты ұят еді. Қазір сол руханиятынан ажырап барады. Тіпті, бейнамаз қыз бен кей орамалды қызды айырып тұрған үстіндегі киімі ғана деуге болады.

Ең обидно жері, кей орамалды блогерлер (имамдармен араласатын әншілер сияқты) жандарына бір-екі ұстаз әйелді байлап алған. Ал, ана ұстаз оларға жөн сілтеп, ақыл айтудың орнына солармен қыдырып, сторис түсіргеніне мәз.

Мысалы, саған лауазымды шенеунік құзіреті берілсе, саған жасауға болмайтын нәрселер болады. Себебі, имиджіңе сай емес. Орамалды қыз да солай. Егер осылай жалғаса берсе, алдағы он жылдықта орамалды қыздар көбейгенімен, шынайы шариғаттың шәлісін тағынып жүргендер азаяды.

Осыдан он шақты жыл бұрын есімде. Кейбір қазақы әншілер дінге бет бұрды. Бірақ хиджабты намаз оқитын сәтте ғана киетін. Басқа уақытта баяғы таз қалпында жүруші еді. Сонда кей ата-аналар, «ана әншіні қарашы, намаз оқиды, бірақ сен құсап оранып жүрмейді. Сен неге сол сияқты жүрмейсің?» деп қыздарын орамалын шешуге үгіттейтін.

Енді «ана түгенше деген блогерді қара, сен сияқты орамал тағады, бірақ сүйтіп жүр, бүйтіп жүр, сен де солай жасамайсың ба» дейтіндер көбейеді. Қазір араб елдерінде орамалға қатысты үлкен дегредация бар. Оларда орамал жәй шүберек халіне жетіп қалды. Бізге де сол кезек келуі әбден мүмкін.

Қайтпек керек?

✍️ Ескі жазба

3 months ago

Депутаттар педофилдерді өмір бойы асырау туралы заң қабылдамақшы екен... 😤

3 months ago

Бір қанішер жүз мың доллар ақшаға у жағып, әлгі ақшаны балалар үйіне қайырымдылыққа жұмсапты. Нәтижесінде сол қаланың замакимы мен бірнеше шенеунік уланудан қайтыс болыпты. Ең таң қаларлығы, балаларға ешқандай зиян жетпеген екен…

3 months ago

Бірде такси жүргізушісі балмұздақ жеп отырған балаға: “Жеме, тамағың ауырады”, - депті.
Бала: “Менің атам жүз жасады” дейді.
Таксист: “Балмұздақ жеп сондай жасқа келді ма?” десе,
Бала: “Жоқ, басқаларының шаруасына араласпады” деген екен…

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago