Қатал редактор

Description
Медиа сыны: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін. Арна журналистерге арналған
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago

3 months, 1 week ago

Журналистиканың халықаралық стандарттарына сай жұмыс істейтін Азаттық радиосы Қазақстанның "қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі" мүмкін емес. Керісінше, қауіпсіздігін нығайта түспесе. Бұл — сылтау. Елді бұзса, 70 жыл бойы бұзбай, не қарап жүр. Қазақстанда Азаттық журналистері аккредиттелсін!

4 months, 2 weeks ago
6 months, 2 weeks ago

"Қазақстандық қаза тапты", "қазақстандық бүйтті", "қазақстандық сүйтті" деген кезде "қазақстандық" деген сөз сын есім екенін білесіз бе? Неге қазақ сөйлемінің бастауышы сын есімнен бола беруі керек?

Орысша ақпаратта "казахстанка", "казахстанец" болғаны себепті қазақшасы да солай болуы керек пе?

Қазақша ақпаратты орыс тілінің ықпалынсыз жазуға болмай ма?

7 months ago
10 жылдан бері айтып келе жатыр …

10 жылдан бері айтып келе жатыр ғой, тыңдасаңдарш)

7 months, 1 week ago

Мейірімнің керемет репортажы. Оны қақпайлап жатқан Қаншайым деген журналист-ау деймін

YouTube

Кемел Тоқаев аудиториясы. Әкесін мақтап, баласына жағыну ма?

Қазақстанда биыл президенттің әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына билік айрықша назар аударды. Туған жерінде ас берілді, халықаралық деңгейде конференция ұйымдастырылды. Ал бүгін, 4 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде…

7 months, 2 weeks ago

ҚазТАГ лентасынан "Специалисты о фонтане из теплосетей в Экибастузе: Будет еще хуже" деген тақырыпты көрдім. Ішінде жағдайға түсінік берген маман жоқ, Матаев бар. ҚазТАГ бұрын жаңалықты бұлай жасамайтын. Тапсырма берілген соң, журналистер жоқтан бар жасап, солай жазуға мәжбүр болғаны көрініп тұрады. Жақында Матаевтың бір экологпен сұхбаты жарияланған күні лента соның үзінділерінен жасалған "жаңалыққа" толып кетті. Президенттің жолдауынан жасалатын "жаңалықтар" сияқты. Жалпы, Матаевтың аты-жөні лентадан жиі көрінеді:

*Бизнесмен Кайрат Боранбаев может выйти на свободу уже сейчас, считает журналист Асет Матаев;

Председатель правления АО "Казахтелеком" Куанышбек Есекеев и министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Багдат Мусин должны подать в отставку, считает журналист Асет Матаев;

Возросшее влияние "старого Казахстана" является угрозой для государственности, считает журналист Асет Матаев;

Срок продленных полномочий Даниала Ахметова на посту акима Восточно-Казахстанской области истекает лишь через три дня – об этом сообщает журналист Асет Матаев.*
ҚазТАГ өкілі (басшысы) ретінде өз пікірі араласса, оның қай жері объектив ақпарат? Біртүрлі, біртүрлі. Қалай ойлайсыз?

7 months, 2 weeks ago

"Жылы ~~және~~ дымқыл жертөле";
"Құрғақ ~~және~~ лас ауа";
"Суы таза ~~және~~ тұщы".
Мынаның бәріне "жәнеден" гөрі "әрі" (немесе "да, де/та, те") деген келеді.

7 months, 2 weeks ago

"Бұл мектепте қазір 1800 оқушы білім алады"."Қазір" болса – "білім алып жатыр"."Бұл ел қазір дүниежүзіне бәлен өнім жеткізеді""жеткізіп беріп отыр"/"жеткізіп отыр"."Бүгінде өнеркәсіп елдегі қоршаған орта жағдайын одан әрі ушықтырады""ушықтырып отыр".

8 months ago

Мен/бен/пен, және, әріОл шкафтан шүберек пен/~~және/әрі~~ *қышқылды алды;

Ол шкафтан шүберекті және қышқылды алды;

Бөлменің іші қараңғы ~~және~~/әрі салқын*;

Астана мен Алматыда, Астанада және Алматыда.

8 months ago

"Традиционный", "нетрадиционный".

Медиадағы контексте ол көбіне "әдепкі", "әдеттегі", "қалыптасып кеткен", "көпшілік ұстанатын", "қоғам қолай көретін", "көп жылдан бері келе жатқан", "бұрыннан келе жатқан үлгідегі", "жұрт дәстүр деп есептейтін", "дәстүр болып кеткен", "дәстүрге сай" немесе, керісінше, "дәстүрден тыс" және тағы сол сияқты мағыналарда тұрған тіркес болуы мүмкін.

Яғни "дәстүрі бар" нәрсе дегеннен гөрі сол нәрсенің "өзі дәстүр болып кеткен" деген мағынада.

Бірақ бізде анау-мынауы талданбай, штамп болып жүре береді: "дәстүрлі ориентация", "дәстүрлі ағым", "дәстүрлі медиа"."Өмірлінің" қасында "дәстүрлі" айналайын дейсіз ғо.

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago