Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
ПЕНТАГОН БАСШЫСЫНА КАНДИДАТ: «БІЗ АГРЕССОРДЫҢ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ...»
Дональд Трамп АҚШ қорғаныс министрі лауазымына ұсынған Пит Хегсет өзінің кандидатурасын қарауға арналған тыңдауларда АҚШ Конгресі Сенатының Қарулы күштер істері жөніндегі комитетінде сөз сөйлеп, болашақ әкімшілік Украинадағы соғыстың табиғатын түсінетінін және оның тезірек аяқталуын қолдайтынын мәлімдеді.
Сенатор Ангус Кинг Хегсеттен Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты оның ұстанымын сұрағанда: «АҚШ-тың келесі президенті Украинадағы «қақтығысты» Киев үшін барынша тиімді жолмен реттеуге тырысады», - деп мәлімдеді Хегсет.
Пентагон басшысы лауазымына үміткерден Вашингтонның жаңа әкімшілігі «Украинаны тастап кетуді» жоспарлап отырғанын анықтап беруін сұраған шақта Хегсет: «Бұл президенттік деңгейдегі саяси шешім. Трамп бұл қақтығыстың аяқталғанын көргіміз келетінін анық айтты.
Біз агрессордың кім екенін білеміз. Біз жақсы жігіттің кім екенін де білеміз. Біз оны (шешімді) украиндықтар үшін барынша тиімді болады деп ойлаймыз. Қанша дегенмен бұл соғыс тоқтатылуға тиіс», - деп атап өтті Хегсет.
КИШИНЕВ ПАТРУШЕВТІҢ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІНЕ ЖАУАП БЕРДІ!
Молдова Сыртқы істер министрлігі Ресей президентінің көмекшісі Николай Патрушевтің «Молдова билігінің Ресейге қарсы саясаты бұл елдің мүлдем мемлекет ретінде жойылуына алып келуі мүмкін» деген сөзіне қарсы жауап қатты.
«Мұндай мәлімдемелер еліміздің ішкі істеріне қол сұғушылық. Бұл өңірді тұрақсыздандыруға бағытталған қадам болып табылады. Молдова Республикасы өз азаматтарының еркіне сәйкес демократия және еуропалық интеграция жолымен дәйекті түрде жүріп келе жатқан егеменді мемлекет», - деді Молдова сыртқы саяси ведомствосы.
Патрушев қызды-қыздымен: «Кишиневтің Ресейге қарсы агрессивті саясаты Молдованың не басқа мемлекеттің құрамына кіруіне, не мүлдем өз өмір сүруін тоқтатуына алып келеді. Бұл жағдайда Украинаның мысалын сөз етуге болады, онда неонацизм мен русофобия арнайы әскери операциядан бұрын елді күйреуге бастап алып келді», - деген ойын қосты .
Ол: «Ресей мен АҚШ Украина бойынша басқа елдердің қатысуынсыз келіссөздер жүргізуге тиіс. Ешқандай Лондонмен және Брюссельмен сөйлесуге қақылары да жоқ. Еуропалық одақ басшылығының бірқатар мүшелерінің, оның ішінде Еуропадағы тұрақтылыққа мүдделі және Ресейге қатысты салмақты ұстанымды ұстанатын Венгрия, Словакия, Австрия, Румыния және Еуропаның басқа да кейбір елдерінің атынан сөйлеуге олар үшін ешкімде құқық берген жоқ», - деп, кеңінен көсіле гәпіріп алды.
«Bloomberg» сарапшылары: «Трамп Украинаны Ресеймен мерзімінен бұрын келіссөздер бастауға мәжбүрлемейді. Трампқа Украинаның тағдыры АҚШ мүддесі үшін стратегиялық маңызды емес сияқты көрінеді. Бірақ Трамп «Ауғанстан оқиғасының қайталануын» қаламайды», - деп жазады.
ХАМАС пен Израиль соғысты тоқтатуға қатысты келісімді бекітуге дайын…
Келісімге қай күні қол қойылуы мүмкін? Келісім қанша кезеңнен тұрады және қанша уақытқа созылады?
Келісім құжатында не жазылған? Тараптардың міндеттемелері қандай? Израиль мен ХАМАС қанша тұтқыннан босатады?
ХАМАС-тың тағдыры не болмақ? Толығырақ⬇️
**Қазақстан мен БАӘ байланысы арта ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.**
Онда Президент Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитіне қатысады. БАӘ-ге кеше барған қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізген. Президент әуелі БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Кездесу «Qasr Al Shatie» сарайында өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
– БАӘ – біздің араб әлеміндегі басты серіктесіміз. Елдеріміздің игілігі үшін екіжақты және көпжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Мен достық, өзара сенім мен құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Аса Мәртебелі Президент мырза, Сізді өз елімде құшақ жая қарсы алуға дайынмын. Қазақстанға жасайтын сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне бастау болатынына сенімдімін, – деді.
РЕПЛИКА: БАӘ Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 ірі инвестордың қатарына кіреді. Қазақстан мен БАӘ компаниялары екеуара көлік-логистика, энергетика, қаржы, туризм және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Екі ел басшылары ақырғы рет 2023 жылы Абу Дабиде және Дубайда кездесулер өткізген. Сол кездесулер барысында екіарадағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу туралы мақсат қойылған. Ал былтыр БАӘ-ден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайған.
ЖОСПАР: Қазқастан мен БАӘ үкіметтері өзара сауда-саттыққа жаңа күш беру мақсатында нақты экономикалық күн тәртібін жасамақ. Нақтылай айтқанда: Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияны жүзеге асыру мәселесіне мән берілмек.
Венесуэла диктаторы Николас Мадуро Пуэрто-Риконы АҚШ ықпалынан «азат етуді» жоспарлап отырғанын айтты...
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков: Ресей үшін қауіпсіздік кепілдігі - Украина дағдарысын реттеу бойынша ықтимал келіссөздердің ажырамас бөлігі болып табылады!
Оңтүстік Корей барлауы: Курскіде Солтүстік Корейдің 300-дей сарбазы қаза тапты. Ал КХДР-ның жалпы адам шығыны - 3000. Олардың 2700-і жараланғандар...
Швейцария өзін АҚШ, Украина мен Ресей арасында келіссөз алаңы ретінде ұсынды!
Швейцария әуелі Владимир Путин мен
Дональд Трамп арасындағы кездесуді ұйымдастыруға дайын, деп жазады Le Temps.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago