Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
Насихаттың нарқы
Баяғыда дін жүрекке жарық, сөздің өзі шырақ еді. Енді ше? Күндердің бір күнінде сөз де, шырақ та теңгеге байланады. Әншілер әнін сатты, бұл түсінікті. Ал бүгінгі “ұстаздар” да сол жолға түсіп, насихатын билетке байлағанын көріп, таңдай қағудан қалдық. Қасиетті сөздің қадірін теңгемен өлшейтін заманды кім ойлап тапты? Әлде бұл жаңа дәуірдің “даналығы” ма?
Әнші – сахнаның сәні. Ол көрермен жинайды, билетін өткізеді, осылайша кәсібін атқарады. Ал енді уағызшыларға не жорық? Олар да соларға еліктеп, “рухани кеш”, “рухани тур” деп атау ойлап тауып, билет құнын жарты айлыққа теңеп қояды. Қайбіреуі мұнысын “шығынды жабу” деп түсіндіреді. Бірақ жүректің шынайы азығын алған елдің қалтасы жұқарып, көңілі толмай қайтқанын байқамай ма? Әлде, рухани кештің “сауабы” билет құнымен бірге таразыға түсе ме, қалай өзі?!
Алдындары бір шәкірт ұстазына барып:
– Ұстаз, маған иман үйретіңіз, – деп өтінсе, ұстазы:
– Құлағыңды аш, жүрегіңді тазала, – деп сөз бастаушы еді. Қазір ше? Бүгінгі шәкірттің құлағы билет құнынан артық ештеңе ести алмайды. Ұстаз мінберден шындық айтудың орнына, сахнаға шығып, әсерлі қойылым қояды. Ал оның сөзінің құнын залдағы адамның саны мен жиналған қаржы белгілейді.
Қасиетті діннің атынан сөйлеу – пайғамбарлардың ісі. Ал оны саудаға салу – не қасірет? Баяғыда базарда құл сатушы саудагерлер болған деседі. Бүгінде сол базарға сөз түсіп, “насихат саудагерлері” шыққандай. Кеше ғана Құранды ақшаға сату деген сөз жүрекке ауыр тисе, енді насихатты саудаға салу қалыпты нәрсеге айналып барады.
Әнші сахнаға шығып, жүректі әуезбен тербетсе, уағызшылар жүректі сөзбен толқытатын. Бірақ бұл екі жолдың айырмасы қазір жоқ. Қазір кейбір уағызшылар да әншілер сияқты танымалдыққа құмар. Шапалақ ұрған дауысты естіп, өзін “құрметті тұлға” сезінгісі келеді. Ал халықты рухани азық емес, әсер мен эмоция қызықтырады. Сөйтіп, сөздің қадірі қаңбақтай ұшып, діннің жүгі жеңілдейді.
Шын ұстаз сахнаны емес, жүректі таңдайды. Ұстаз деген жарықтың астында емес, қарапайым жерде отырып та әсер етеді. Ал қазір кейбір уағызшылардың ісі әншінің жолынан аспай барады. Әншінің мақсаты – көңіл көтеру, ал ұстаздың мақсаты – рух көтеру еді асылында. Бірақ рухани кештердің жарнамасын көргенде, “бұл не – шоу ма, уағыз ба?” деп шатасатын күнге жеттік. Қайда барып күн көреміз…
Егер діннің қадірі теңгемен өлшенсе, ертең “сауап акциялары” деген жарнаманы да көріп қалармыз. “Бір билетке екі сауап сыйлыққа беріледі!” деген жарнама ілінсе, таң қалмаңыз. Сіз билетіңізді алып, рухани кешке барсаңыз, өзіңізді жұмаққа жақындағандай сезінесіз. Ал ұйымдастырушының қалтасы ауырлап, ниеті жеңілдей береді.
Дін – базардың тауары емес, жүректің азығы. Уағыз – тауар емес, шындықтың үнін жеткізетін құрал. Егер дінді дүниеге құл етсек, ертең діннің қадірін өзіміз түсіреміз. Ал ұстаздың жолын әртістің жолына теңеудің өзі ұят. Өйткені әртістің мақсаты – әсер, ұстаздың мақсаты – жүрек. Осы айырманы ұмытпайық. Жарық залдың ішінде емес, шынайы шындықтың астында ғана руханият өседі. Насихат та сатылмайды, рух та теңгемен өлшенбейді!
Кейде махаббат деген тек сезім емес, рухтың терең үндестігі екенін естен шығарып аламыз. Бүгін “Нурикамал” фильмін тамашалап, шынайы махаббаттың шекарасын көргендей болдым. Бұл оқиға қарапайым күнделікті өмірде байқала бермейтін, бірақ жүректің тереңінде үнсіз сыр шертіп жатқан құндылықтарды ұғындырды.
Ханбибі… Оның есімі – төзімнің символы, даналықтың айнасы. Өзінің күйеуі Тұрдықылыштың жүрегі Нурикамалға қарай ауғанын біліп, әйел затының ең нәзік жарасы – қызғанышын үнсіз жеңе білген жан. Әдеттегі әйелдердің айқайы мен өкпесінің орнында оның жүрегінде тек түсінік пен қолдау тұр. Өз сезімдерін құрбан етіп, махаббаттың биік шыңын таңдады. Бұл – сезімді емес, рухты сүйген жанның ерлігі. Ханбибінің бұл әрекеті кейбіреулерге әлсіздік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның даналығы – сезімде емес, адамды бағалай білуінде. Ол тек әйел емес, нағыз рухани серік екенін дәлелдеді.
Ханбибі Тұрдықылышқа тек серік қана емес, оның ішкі әлеміне жарық түсіретін шамшырақ бола білді. Оның жүрегі күйеуінің жан-дүниесіне терең бойлап, Тұрдықылыштың ішкі арпалысын сезді. Өз мүддесін емес, күйеуінің рухани қайта өрлеуін таңдаған әйел – нағыз рухани кемелдікке жеткен тұлға. Ол Нурикамалға арналатын әннің сөзін жазу арқылы күйеуінің жан күйзелісіне өз қолымен көпір салды.
Бұл тек махаббат емес, рухани ерліктің суреті. Қанша әйелдер айқаймен, ажырасумен, нала мен өкпемен өзінің махаббатын тұсаулап қояды. Бірақ Ханбибі басқа. Ол махаббатты жан дүниенің ұлы мақсатымен өлшейді. Ол үшін Тұрдықылыштың бақыты мен шығармашылығы отбасының ең асыл құндылығы.
Ханбибі мен Тұрдықылыш – өмірден көргеніміздей емес, шынайы рухы тоғысқан адамдар. Мақсаттары бір, құндылықтары ортақ. Олар үшін махаббат – уақытша сезім емес, екі рухтың мәңгілік үндеуі.
“Нурикамал” – махаббаттың көркем теңізі. Бірақ бұл теңізде батып кетпей, тереңіне үңілу үшін, Ханбибінің көзімен қарай алатын жүрек керек. Махаббаттың тек жүрек емес, рух биігінде екеніне осы фильммен тағы бір көз жеткіздім.
Махаббат – ішкі жан дүниелердің үнсіз келісімі. Ал шынайы келісім тек сабыр мен құрбандық арқылы келеді…
Қарилық өз алдына ғылым емес! Көп қарилар тек Құранды жаттайды, алайда оның ілімдерін тереңдетіп оқымайды. Шын мәнінде, егер қари қырағат ілімін де меңгерсе, мұндай адамды нағыз білімді, ғалым деп атауға болады. Бірақ халық арасында тек Құран жаттаған адамды ғалым деп түсіну қате. Кейбір бауырлар Құран жаттаумен шектеліп, өздерін ғалым санап алған. Олардың арасында шариғат туралы ешқорықпай сөз қозғайтындарын да көрдік. Сондықтан, қари мен ғалымды ажыратыңыздар, әрқайсысына лайықты дәреже беріңіздер. Қари бөлек, ғалым бөлек, уағызшы мүлдем бөлек. Сөз саптауға икемі бардың бәрі уағызшы бүгінде; әр адамның деңгейіне сай құрмет көрсету керек.
Ұйқысыз жұмыс жасау — бұл рух пен тәннің күресі. Көзге тыным бермей, санаңды ұштап, шаршаған сәттерде шабытыңды шақыру. Бұл — шаршаған тәннің, бірақ қайтпайтын жігердің сынағы. Әр сәтте ұйқыға қарсы тұрып, арманға бір қадам жақындау. Ұйқысыз түндер — еңбектің ұлы ерліктері жазылатын, табандылық пен қажырдың құпия кітабы.
Нағыз құнды еңбек – өз құндылығын уақытпен де, жағдаймен де жоғалтпайтын еңбек.
Әр адамның ісіне адал болу – ең алдымен өзіне деген құрмет. Еңбегіңнің бағаланбауы уақытша жағдай ғана, ал сенің іштей сезінген ләззатың мен өз ісіңе деген сүйіспеншілігің – мәңгілік. Тіпті біреулер сенің ісіңді міндет деп қабылдаса да, шынайы жасалған еңбектің түбінде өз жемісін берері анық. Ең бастысы, өзіңнің қандай құндылықты атқарып жатқанынды білу және оған сену.
Кітап оқылмайтын қоғамда өмір сүріп жатқасын бір-бірімізге неге ренжиміз? Бұдан кейін тілі мен дінін ұмытып, мәңгүрттенген жастардан не күтесің?!
Қазіргі ажырасу мен ренжісудің себебін Мухтар Шахан ағамыз өзінің «Жетінші түйсік» өлеңіне сидырып кеткен. Әр шумағына бір сабақ арнауға болады.
бар білетінім тұғырға қонар сұңқар боп жаратылып, қарға мен жапалақтарға ілесіп бұтаққа қонып қала ма деп қимадым. Адамның тұлға боп қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қабілеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты. Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың. "Қарғын"
Түнде ұйықтар алдында келген ойларды таң ертең естен шығып қалмас үшін бірден жазып қою қажет. Себебі бұл уақытта келген ой көбіне сәтті жүзеге асады.
Неге уатсабта келген фото ұзақ загрузка болады?
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago