afiyat ?️

Description
utegenova_a
أسيل جومارت ابنة
Advertising
We recommend to visit

أتخيلك يَمي وعليّك أنتچي .

تأسيس القناة
2022/3/13
@ALI3IIBOT

Last updated 1 month ago

لطلب التمويل + الرشق : - @SQ1HH

Last updated 2 months, 1 week ago

Last updated 2 days, 11 hours ago

1 year, 1 month ago

Уа, Раббым!
Өзіңнің құзырыңа барамын. Алайда, сауап қоржыным бос. Шексіз рақымдылығыңнан үміттімін. Мені кешір.

1 year, 1 month ago

Бүгін жұма намазынан кейін бір бауырымыз келіп, шариғаттағы “алимент” туралы сұрады. Түсіндіріп болып, мән-жайды білсем, алты ай бұрын “ауызша” ажырасыпты. Әйелі екі баласын алып төркініне кетіп қалыпты. Жақында соты болады екен. Сосын “Неге алимент туралы сұрап жатсың? Қосылатын ойың жоқ па?” деп сұрадым. Ол “Қосылғым-ақ келеді. Телефон шалсам аузына келгенін айтып жатыр” дейді. Мен:
— Әрине, айтады! Сен телефон шалма. Бар. Біле білсең, отбасына ер адам жауапты. Ертең қияметте сенен сұрайды. Ұрысқан шығарсың, ұрған шығарсын. Бар да, кешірім сұра. Ол:
— Әке-шешесі келмесін деп жатыр. Мен:
— Әрине, солай дейді. Қызының көңілін қалдырғанды кім жақтырады?! Қызы кешірсе, әке-шеше қайда барады?! Олар да баласының бақытты болғанын қалайды. Ол:
— Онда бұл менің кінәлі екенімді мойындағаным болады ғой?! Мен:
— Бола берсін. Ол ақымақ болса, сен ақылды бол. Екеуің өстіп “кім кінәлі” деп жүргенде екі бала тірі жетім болып қалады. Жақсы ма сол?! Әке-шешеңнен бастап, ақыл айтқыш ағайын мен бірге қаңғып ұрыс-керіске себеп болған жолдастарыңа шейін ”Барма. Өзі келсін. Құтырып кетеді” деп жатқан шығар. Бірақ бұл сенің өмірің. Сенің тағдырың. Сенің отбасың. Саған қатын табылар, ол да байсыз қалмас. Бірақ балаға әке табылмайды. Соны ойла. Ол:
— “Болды! Солай істейм. Бәрі ойдағыдай болып жатса некемізді жаңартып бересіз ғой!”, — деп бейне бір осы сөзді күткендей қуанып шығып кетті...

Шынымен кейде адамдар “жалған намысқа” тырысып, бір жағынан біреулердің “теріс ақылын” тыңдап өзінің жүрек қалауына қарсы шығып жүреді ғой.

1 year, 1 month ago

? Құран оқып жатқан адамның көңіліне “мен рия жасап жатырмын” деген ой келсе, амалын тоқтатпай жалғастыра бергені жөн. Себебі бұндай ой шайтаннан болуы мүмкін. Шайтан қай кезде болмасын адамды игі істен тосады.

??‍♂️ Дәл сол секілді парыз намазын оқып жатқан адамға осындай ой келсе, алаңдамай жалғастыруы қажет. Себебі құлшылық кезінде ондай ойлардан сақтану мүмкін емес. Сондай-ақ, намаз бір бүтін ғибадат болғандықтан, о баста риясыз басталса, намаз ішінде рия араласа алмайды.

?Раддул мухтар 1/415, 438, Мухит әл-Бурһани 5/314

1 year, 2 months ago

«Ықыласты “мухлис” адамның айқын бір мысалы – басқа адамның жетістігіне қуана білуі».

©️Шейх Әдһәм (хафизаһулла)

1 year, 2 months ago

Суфиән әс-Сәуридің қанатты сөздер жиынтығы?

Бұл сөздер “Сиәр әғләм ән-нубәлә” кітабының 7-томынан алынған.

Маған Алла Елшісінен ﷺ қандай да бір хадис жеткен болса, онымен тіпті бір мәрте болсын амал еттім.

Бұрындары мал-дүние жеккөрінішті болатын. Ал қазір ол – мүміндердің қалқаны.

Адам біреудің ас табағына қол сұқса, соған әрдайым бағынышты болады.

Болмыстарыңды хадиспен әсемдеңдер! Алайда (жасап жатқан кей нәпсіге жағар амалдарыңды) хадиспен әсемдеп көрсетпеңдер.

Ілім иесінің молшылықта болуын қалаймын. Өйткені, әрбір бәлекет те, адамдардың ащы тілі де оған өте тез жетеді.

Егер төрт-түлік мал, өлім жайлы сендер білетін нәрселерді білер болса, онда ешқашан да семіз мал жемес едіңдер.

Жылаудың он түрі бар. Соның біреу ғана Алла үшін. Қалған тоғызы одан басқа істер үшін болады. Егер Алла үшін жылына тіпті бір мәрте жыласаң, оның өзі жеткілікті болар еді.

Ниетім болмаса да, ілім ізденіп бастадым. Одан соң Алла мені жақсы ниетпен ризықтандырды.

1 year, 2 months ago

Пайғамбарымыз (ﷺ) мәдинаға келген кезде ең бірінші үйін салған жоқ, ең бірінші үйінен бұрын мешіт салды.

©Шейх Әдһам (хафизахулла)

1 year, 3 months ago

чтобы стать хорошим бизнесмен или предпринимателем, ты должен быть хорошим психологом.

?экономика-бизнес.

1 year, 3 months ago

„ Қыздың (әйелдің) естілігі жеңсе - сұлулығы арта түседі “.
©️ Ғабит Мүсірепов

1 year, 3 months ago

Іштің өзі 9 бөліктен тұрады, адам денесінде 200-ден астам сүйек бар , жалпы айтқанда 12 мүше -> сіздің 1 мүшеңізді кем қылмай жаратқан Аллаһқа мақтау мен мадақ айтуды ұмытпаңыз .

1 year, 3 months ago

Болашақ жар мәселесі❗️

Мінезіміз жараспай қалды деп екі жаққа кету болмаса екен.

Мінезі барлық адаммен, рухы менімен жарасатындай болса екен.

We recommend to visit

أتخيلك يَمي وعليّك أنتچي .

تأسيس القناة
2022/3/13
@ALI3IIBOT

Last updated 1 month ago

لطلب التمويل + الرشق : - @SQ1HH

Last updated 2 months, 1 week ago

Last updated 2 days, 11 hours ago