Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 3 weeks, 6 days ago
Last updated 2 months, 1 week ago
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 months, 1 week ago
Қайырлы күн достар! Біраз уақыт тыныш болып кеттік. Сол үшін кешірім сұраймыз. Сіздер үшін бүгін ағылшын тілінің үздік оқулығы Баршаға арналған ағылшын тілінің грамматика кітабының біраз тарауын салып отырмыз. Ұнатсаңыз от, лүпіл, лайк баса отырыңыздар.
Достар қайырлы кеш! Бүгінгі сұмдық кептелісте өзіңізге, отбасыңызға пайдалы тамаша бір кітаптың 1-2 тарауын бөліскіміз келеді. Ол "Тиыннан тенге құрайтын бала" деген кітап. Ұнап жатса лайк немесе лүпіл басып, кейін сатып алып қолдау көрсетіңіздер.
Ал енді романның бір неше тарауын оқып көріңіз де Лүпіл басқанды ұмытып кетпеңіз ☑️
?Романнан цитаталар: Лүпіл басып сақтап, сүйіктіңізге немеск сырттай ұнатып жүрген адамыңызға жіберіңіз.
?Жұрттың бәрі жапа-тармағай оқитын кітаптарды оқысаң, солар сияқты ойлап кетесің.
?Көзімді жұмып, оқып шыққан кітабымды қолыма ұстағанда, оның хош иісі мұрныма келетін. Маған осыдан артық бақыттың керегі де жоқ еді.
?????
- Сені жақсы көрем, Мидори. Қатты жақсы көрем.
- «Қатты» деген қалай сонда?
- Көктемдегі аюдай.
- «Көктемдегі аюдай» ...? – деп қайтадан басын көтерді.
– Ол не деген сөз?
- Көктемнің бір жаймашуақ күні көк шалғында келе жатырмын деп ойла. Алдыңнан мамық жүнді сүйкімді қонжық шығады да, «Сәлем, сұлуым! Менімен домалап ойнағанға қалай қарайсың?» дейді. Оған қосылып аласың да, күні бойы қалың беденің ішінде екеуің құшақтасып ап домалап ойнайсыңдар. Күшті емес пе?
??????
Ең бастысы, адам уақытынан бұрын күйремеуі керек. Ақылымды тыңдасаң, салың суға кетпесін, мықты бол! Тіпті жағдай қиындап, шамаң келместей боп жатса да, сасқалақтамай, бәрін сабырмен істеу керек. Кез келген мәселе бірден шешілмейді. Төзім керек. Сабыр етсең, бірте-бірте орнына келеді. Осылай қылуға дәтің жете ме сенің?
?????
Маған керегі – эгоизм. Мінсіз эгоизм. Оны саған түсіндірер болсам, мысалы, құлпынай қосылған тәтті нан жегім келеді деймін. Оны естіген сен бәрін тастай саласың да, құлпынай қосылған тәтті нан алуға жүгіресің. Сосын оны алып екі өкпеңді қолына ұстап жетесің. Ал мен болсам «енді оны жегім келмей қалды» деймін де, тәтті нанды терезеден лақтырып кеп жіберем.
Ешкімді сүйе алмау өліммен тең: «Норвег орманы» жайлы ой
«Steppe&world» баспасы атақты «Норвег орманың» қазақ тіліне басып шығарғаны оқырмандар үшін қуанышты жаңалық болды. Харуки Муракамидың бұл романы жазушыны бүкіл әлемге атақты етіп қана қоймай, әлем әдебиетіне жапонша махаббат, өмір сүру, достасу, айрылысу һәм өлу туралы таңбалап кетті.
Роман алпысыншы жылдардағы студенттік өмірді суреттейді, басты кейіпкерлер: Торю Уатанабе, Наоко және Мидори. Уатанабе мен Наокоға бала кезгі досы Кизукидің қазасы ауыр қайғы болып жабысады. Кизуки Наоконың алғашқы махаббаты әрі сырласы. Уатанабе болса осы екеуінің арасын одан әрі бекіткен көпір сынды. Қазадан сон Уатанабе мен Наоконың арасы одан сайын жақындай түседі. Бірақ, жазушының шешімі бойынша өлім елесі бұлардың да арасынан өтеді.
Шығарманың тұла бойынан Уатанабенің есею жолын да көруге болады. Оның еркін әрі сұлу Мидоримен жолығуы, тұңғиыққа батып бара жатқан кезінен суырып алады. Сол кезгі сәнге сай қысқа шаш, қысқа етекті белдемше, анық сөйлеп, батыл қадам жасауы жас жігітті таңғалдырады. Мидори жаңа өмірдің символы болса, Наоко бұрынғының қимас елесі, тәтті естеліктері болып бейнеленеді. Муракамидың бұл шығармасынан тағы да бір ерекше образды көруге болады, ол Уатанбенің досы - Нагасауа. Нагасауа ауқатты жердің баласы, ақылды, керегінше қу. Өмірге жеңіл қарайды. Ақша мен әйел ол үшін тек ойыншық. Бар мен кафе, ресторан, арақ-шарап, қыз-қырқын: Нагасауаның ең әлсіз жері. Ал оның ақсүйек қалыңдығы Хацумидан жапондардың ұстамдылығы мен тәкаппарлығы көрінеді. Уатанабе мен Нагасауның өмірге деген көзқарасы екі түрлі болғандықтан да екеуі тек көңіл көтеру үшін қосылады. Бас кейіпкердің нағыз достық пейілін тек Мидоримен ара-қатынасынан көре аламыз.Наокомен бірге психиатриялық ауруханада жатқан Рейко Наоконы ана өмірге жетелеуші, ал өзі соның қалған өмірін сүріп, оның орнында қалғандай. Наоко киімдерін тек соған қалдырып кетуі де оқырманға бір белгі жолдаған сынды.
Муракамидың романындағы секс тек физикалық құбылыс қана емес, адам рухымен тікелей байланысты, соны суреттеуші қастерлі түсінік. Секс - ішкі күйді, өмірді айқындайтын фактор. Наоконың ана өмірге аттанып кете салуына да сол себепкер. Себебі ешкімді сүйе алмау өліммен тең.
Кейін Уатанабе осылардың бәрін ұшақта отырып есіне алады. Алпысыншы жылдардағы Жапония, ереуілдер, жастық шақ, махаббат, бәрі Beatles тобының «Norwegian wood» әнінің ішіне сыйып кеткендей көрінеді оған.
Қайырлы күн достар! Бүгін сіздерді Харуки Муракамидың "Норвег орманы" кітабымен таныстырғымыз келеді
"Norwegian Wood (This Bird Has Flown)"
I once had a girl
Or should I say
She once had me
She showed me her room
Isn't it good
Norwegian wood
She asked me to stay
And she told me to sit anywhere
So I looked around
And I noticed there wasn't a chair
I sat on a rug
Biding my time
Drinking her wine
We talked until two
And then she said
"It's time for bed"
She told me she worked in the morning
And started to laugh
I told her I didn't
And crawled off to sleep in the bath
And when I awoke
I was alone
This bird had flown
So I lit a fire
Isn't it good
Norwegian wood
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 3 weeks, 6 days ago
Last updated 2 months, 1 week ago
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 months, 1 week ago