Жаңалықтар - Stan.kz

Description
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.

Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

1 Monat, 1 Woche her
1 Monat, 1 Woche her

Көкшетауда еріген қар суы мектептің жертөлесін басып қалды

Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

"Көкше-Тазалық" ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар", – делінген хабарламада.

Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазіргі таңда еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған.

t.me/stankznews

1 Monat, 1 Woche her

Испанияда қазақстандықтар криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұсталғандар қатарында ұйымдасқан топтың 12 мүшесі бар. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары екен.

Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырып келген. Сонымен қатар Испания провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.

t.me/stankznews

3 Monate, 1 Woche her

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді Жер сілкінісі шамамен сағат 2:00-де болған. Сіздер сездіңіздер ме?

3 Monate, 1 Woche her

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстандық сейсмологтардың дерегі бойынша, сағат 2.01-де Талғарда (Алматыдан 25 км қашықтықта аудандық маңызы бар қала) 2 баллдық жер асты дүмпулері сезілген.

MPV магнитудасы 5.7.
Эпицентрдің координаттары 41.32° С. Е. 78.84° ш. б.
Тереңдігі 10 км.

3 Monate, 1 Woche her

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сездіЖер сілкінісі шамамен сағат 2:00-де болған.

Сіздер сездіңіздер ме?

3 Monate, 2 Wochen her
3 Monate, 2 Wochen her

* Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі де енді сот алдында жауап береді*
Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақова пара беруге оқталды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ экс-министрдің адвокаты Мұстахим Төлеев "Аса ірі көлемде алаяқтық" жасады деген күдікке ілінген.

Антикор мәліметінше, адвокат Мұхамедиұлының жазасын жеңілдетіп беруге уәде еткен. Сондықтан экс-министрдің жұбайы Ғалия Ысқақова 460 мың доллар көлемінде пара берген.

t.me/stankznews

3 Monate, 2 Wochen her

*Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін төмендетті*

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес алдағы уақытта базалық мөлшерлеме туралы шешім инфляция деңгейіне қарай қабылданып отырады.

Айта кетейік, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.

t.me/stankznews

3 Monate, 3 Wochen her

* Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды*

Соттың хабарлауынша, 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қ. Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды.

Бұған дейін, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынған еді.

t.me/stankznews

We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago