Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 weeks, 4 days ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month ago
"Қашып кетпесін деп байлап қоятынмын": Аутист бала тәрбиелеп отырған қазақстандық ерекше ұл өсірудің қиындығын айтып берді
Астаналық Махаббат Әнуарбек – аутизмі бар баланың анасы. Алинұрға балалар аутизмі диагнозы алғаш рет 3 жасында қойылған (қазір ол 8-де). Ал 4 жасында балалар аутизмімен мүгедектік алыпты. Ерекше баланың анасы Stan.kz-ке балалар аутизмі және олардың күтімі, мұндай аналар сезінетін жай-күй туралы айтып берді.
Ерекше баланың анасы ұлының есімін атаса қарамайтынын, ештеңе түсінбейтінін байқаған. Сонымен қатар баласы қайталана беретін іс әрекеттерді жасайтын болған. Дәрігерге қаратқанда, олар аутизм диагнозын бірден қойған. Дегенмен мүгедектік алу үшін шамамен 7-8 ай уақытын жұмсапты. Анасы алғаш рет аутизм деген сөзді естігенде есеңгіреп қалғанын айтып берді.
Толығырақ сілтемеден оқыңыз: https://stan.kz/kabildamau-mektepke-zhylkilap-dayindau-baylap-osiru-aut-411461/
Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Енді қаскөйлер азаматтардың телефон нөміріне интернет-дүкендердің атынан промокоды бар хабарлама жібереді екен.
Әдетте хабарламада тосынсый ұтып алуға болатын сілтемелер көрсетіледі. Ал азаматтар жалған сайтқа кіргенде зиянды қосымшаны жүктеуді немесе жеке деректерін енгізуді сұрауы мүмкін. Мамандар күдікті сайттарға өтіп, ұялы телефонға тексерілмеген қосымша жүктемеуге кеңес береді.
*🌍*🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды:
🔶** Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймованың баласы Тоқаевтан көмек сұрады, ол анасы жалғыз асыраушысы екенін, оны Қазақстаннан шығармауын өтінді
🔶 Қазақстандық косметикалар дүкені ұтыс ойынын өткіземін деп сынға қалды, жеңінің астына жеңімпаздың атын жасырған
🔶 Петропавлда үш жасар бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кетті
🔶 Желіде ерікті Перизат Қайраттың анасы да қаржы жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады
🔶 Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне Марат Омаров тағайындалды
🔶 2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны кімдер және қалай тапсыратыны айтылды
🔶 Алматыда ер адам электр таратушы желі тірегіне асылып қалған, полиция қылмыстық іс қозғады
🔶 Ереуілге шыққан "Қазақмыс" кеншілеріТоқаевқа үндеу жолдап, қарулы күштердің тарапынан қысым көрсетіліп жатқанынмәлімдеді
🔶 Атышулы QirSabyn анонимді Telegram-арнасын құрғандар қамауға алынды, адамдардан ақша бопсалаған 7 адам анықталды
❓? Қазақстанның келесі президенті кім болады 2022 жылы бір реттік мерзімге сайланған Тоқаевтың мерзімі 2029 жылы аяқталады. Осыған орай Stan.kz тілшісі қазақстандық саясаттанушылардан елімізді келесі кім басқаруы мүмкін екенін сұрап білді. Саясаттанушы Данияр…
*❓*?Не себепті қазақстандық олигархтарға шетелдегі мүлкі үшін салық салынбайды
Д**епутат Ринат Зайытовтың сөзінше, Дубайда 3000-нан астам пәтері бар қазақстандықтар бар. Ол мүліктің әрқайсысының құны 500 миллион теңгеден кем емес екен. Зайытов Қаржы министрлігіне “оларға не себепті сән-салтанат салығы салынбайтынын” сұрады.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жылжымайтын мүлік салығы мүлік орналасқан елде төленеді. Мысалы, Дубай азаматы бізден пәтер сатып алса, оған Дубай үкіметі емес, біз салық саламыз дейді.
Ал шетелден мүлік сатып алудың заңдылығын Бас прокуратура тексереді екен.
Енді елімізде құқық бұзғандарды видеоға түсіріп алғандарға сыйақы берілмекІшкі істер министрлігі мәліметінше, құқықбұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша "қоғамдық көлікте тегін жүру, автотұрақтың тегін болуы немесе басқа" жеңілдіктер қарастырылады.
Ұсыныс 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ашық.
t.me/stankznews
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 3 weeks, 4 days ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month ago