Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Киностан ️

Description
Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago

1 month, 1 week ago
Ми демалтатын, тіпті медитациялық қасиеті бар …

Ми демалтатын, тіпті медитациялық қасиеті бар дер едім. Бетбұрыс жасайтын оқиғалары жоқ, шығыс мәдениетіне тән баяулығымен, сабырлығымен жаныңа жайлылық береді. Оның үстіне таңғы Токионың тыныш, таза көшелеріне, жайлы да оттегі толы паркіне кейіпкермен бірге саяхаттайсыз, ашық аспанына қарап кеудені керіп терең демаласыз, биік ағаштың саясында тынығасыз.
Фильмнің аты — Perfect Days / Мінсіз күндер, режиссері Вим Вендерс.

1 month, 2 weeks ago

"Кино айтшы" деген подкасттың қонағы болып, "Менің атым Қожа" фильмін талқылаған едік. Эпизод жарыққа шықты. Тыңдаймыз: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BC-%D2%9B%D0%BE%D0%B6%D0%B0-%D0%BA%D1%96%D0%BC-%D0%BD%D0%B5-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%84%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D0%BC-%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0-%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B9-%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%88-%D0%BF%D0%B0/id1726795706?i=1000650346164

Apple Podcasts

‎Кино айтшы: «Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па? on Apple Podcasts

‎Show Кино айтшы, Ep «Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па? - 25 Mar 2024

"Кино айтшы" деген подкасттың қонағы болып, "Менің атым Қожа" фильмін талқылаған едік. Эпизод жарыққа шықты. Тыңдаймыз:
2 months ago

Биыл Disney студиясының үш фильмі қазақшаға дубляждалады. Үшеуі де бұрын шыққан жобалардың жалғасы:
Ойжұмбақ 2 / Inside Out 2 - 12 маусым
Моана 2 - қарашаның соңы
Муфаса: Арыстан патша / Mufasa: The Lion King - желтоқсанның соңы

3 months, 2 weeks ago
"Өткен өмір" / "Past Lives" — …

"Өткен өмір" / "Past Lives" — "Алтын глобустың" 5 номинациясына ұсынылса да еш жүлде алмады. "Оскардан" да шансы жоғары емес. Бірақ өзім үшін Ноланның "Оппенхеймерінен" де, Скорсезенің "Гүл айының қанішерлерінен" де осы картина өзекті болды.

Бұнда аталған фильмдердегі сияқты ауқымды тақырыптарға бас ауыртып, ұлт деңгейінде проблема қозғамайды. Жай ғана бала кездің махаббаты, екі елде өскен адамдардың түрлі дүниетанымы. Кездесу, аңсау, қоштасу. Бірақ бұны қалай жеткізген, қалай көрсеткен — әсер алмау мүмкін емес.

Қарапайым, баналды нәрседен де осындай әдемі туынды жасауға болады екен-ау деп қаласың. Меніңше, осыған дейін көрген романтикалық, жылаңқы сюжеттердің бәріне ребут жасап, жаңа көзқарас беретін картина.

P.S. Азия киносы жасасын!

4 months, 2 weeks ago
Netflix тағы да ақырзаман тақырыбын қозғайды.

Netflix тағы да ақырзаман тақырыбын қозғайды.

2021 жылы "Аспанға қарама" фильмі арқылы ақырзаман жақындап қалған кезде ол жаңалықты қоғам қалай қабылдар еді, медиада қалай талқыланар еді деген сұраққа бас ауыртқаны бар. Яғни бәрі білетін ақпараттың әсері туралы айтылды.

Ал мына "Leave The World Behind" драмасында керісінше — белгісіздік адам бойында қандай үрей мен сұрақ тудырады деген мәселеге жауап іздейді. Белгісіздік, адамды ақпараттан айыру — бұл да соғыстың бір түрі екенін, ал ақырзаман жағдайында хаостың кезекті сатысы екенін көрсетіп берді.

Апокалипсис ауқымы үлкен көріністермен емес, камералық кино форматында берілгені қызық көрінді.

5 months, 2 weeks ago
Киностан ️
5 months, 2 weeks ago
Киностан ️
5 months, 2 weeks ago
Киностан ️
5 months, 2 weeks ago
Киностан ️
6 months, 2 weeks ago

Техникалық жағынан өте сапалы жасалған қазақ мультфильмін алғаш көруім.
Егер Pixar түсірген десе — мен сеніп қалар едім. Суреті сапалы ғана емес, сюжеті де тамаша. Диалогтар жоқ, сондықтан бұны әлемнің кез келген көрермені аудармасыз түсінеді.

https://youtu.be/EdsC5J-FzJ8?si=CdIOwcCcHtI-8Fin

YouTube

Animated short film - SHYRAQ / ШЫРАҚ - анимациялық фильмі (SUB)

ARA studios & JKS Entertainment ұсынады: ШЫРАҚ - анимациялық фильмі DIRECTOR & SCREENPLAY/ РЕЖИССЕР & СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ: MEIRZHAN SANDYBAY PRODUCERS / ПРОДЮСЕРЛЕР: BAKHYTZHAN SHABDUKARIMOV BEKSULTAN KAZYBEK ART DIRECTOR / КӨРКЕМДІК СУРЕТШІ: KUDAIBERGEN AHAT…

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago