@TayyorBiznesBot
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness
Last updated 1 week, 1 day ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
?Website: https://www.azattyq.org
?Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 month, 4 weeks ago
Қазіргі балалар кітап оқымайды, қызықпайды. Біз де оқып, қызықтыра алмаймыз. Олар бірақ ақпаратты басқа, өздеріне түсінікті жерлерден, басқа форматта алады.
Абайдың қара сөздерін де оқымайды, оқыса да түсінулері қиын. Сондықтан оларға жеңіл форматта берілсе қалай? Мысалы мына каналдағыдай:
Содербергтің эксперименттері ұнайды. Айфонға түсірген 2018 жылғы "Unsane" триллері қызу көтерілгенде болатын біртүрлі сезімді еске түсіріп, ерекше әсер етіп еді. Енді мына жаңадан шыққан "Presence" құрғырың сюжетке басқа ракурстан қаратқызып қойды.
Бастапқыда классикалық хикая деуге болар еді: жаңа үйге көшіп келген отбасы, үйдің ішіндегі бір тылсым күш. Бірақ сюжеті адам кейіпкерлердің емес, үйдің ішіндегі әлдебір аруақтың көзімен көрсетіледі. Кішкене парадокстау, иә? :)
Хоррор деп көбі алданып қалыпты, мистика элементтері бар отбасы драмасы дер едім. Шошытатын немесе күтпеген бетбұрыс жасайтын сахналары жоқ дерлік, сондықтан асықпай, байыппен қарайтын кино.
Тәуелсіз журналистердің басына осындай күн туып отырғанына аса қапалымын.
Сау қоғам мен сау мемлекеттің бірден бір нышаны - сөз еркіндігі. Еркін сөйлегені үшін ешкімді қамауға болмайды! Журналистердің қызметі шектелмесін! Біз кімге еліктеп барамыз өзі? Ендігі мақсат ұнамағандардың маңдайына "бөтен" деген таңба соғып, елден қашыру ма?
Темірлан Еңсебек, Руслан Бикетов пен Әсем Жапишева босатылсын!
Земекистің "Here" фильмі
Бір ракурстан ғана түсірілген әдемі картина. Әлгі табиғи қорықтарға қойылған, сирек жануарларды бақылайтын статикалық камераны еске түсіреді.
Динозаврлар дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін. 1 орын, 1 үй. Бірнеше ұрпақ және бірнеше отбасы.
Қазақта өмірдің ұзақтығы туралы "қамшының сабындай" деген сипаттама бар ғой. Адамзат дәуірі мыңдаған жылдармен есептелсе де, адам өмірі қас-қағым екен. Ал адамның қалауы мен арманы көп, тіпті ғұмыры аздық етеді. Сондықтан ертең, келесі жылы деп ыңғайлы сәтті күтіп отырмай, арманыңды орындауға бүгін кірісу керек. Менің түйгенім осы.
Әсерлі, бірқалыпты, камералы, мейірімді, жылы картина.
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.
Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.
Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.
Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.
Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.
Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.
Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.
Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.
Осы мультфильмнен кейін ұқсас фильмдер тізімін жасағым келіп кетті. Кештеу шығар, бірақ сонда да шығарып қояйын.
Бәрінің ортақ тақырыбы — роботтың эмоциясыз, тапсырма орындауға арналған күйден сүйе алатын, қамқор бола алатын деңгейге, адамға тән жақсы қылықтарға трансформациясы.
Тізімді толықтырушылар болса, ұсыныстарын комменттен күтем :)
Йоргос Лантимостың "Мейірім түрлері" (Kinds of Kindness) картинасы жайында әу кетейін деп көптен бері оқталып жүргенмін, уақыт болмай жүр.
Меніңше, карьерасындағы ең сөлдісі осы фильм болды. Әрине өзім көрген жұмыстарының арасынан айтып отырмын.
Лантимостың бір ерекшелігі — ешқашан мораль оқымайды, ақ-қарасын ажыратпайды, бәрін көрерменнің азғын қиялы мен пайымына бере салады.
Артхаус пен попса астасып кеткен, оқиғасы үш түрлі, бірақ негізгі актерлері ортақ ғажап әлем.
P.S. Джесси Племонс супер әртіс!
@TayyorBiznesBot
Бизнес ва стартаплар
Тайёр бизнеслар
Тижорий объектлар
Бизнесингизни сотмоқчимисиз?
Ёки соф даромадда ишлаб турган бизнес сотиб олиш истагингиз борми?
@adm_tbizness
Last updated 1 week, 1 day ago
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
?Website: https://www.azattyq.org
?Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Last updated 1 month, 4 weeks ago