Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Orientalist's Notes

Description
Автор: Arsen Shadi

(Шығыстанушы-арабтанушы)

Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!

#запискиВостоковеда

동양인의 메모

Бізбен байланысу:
www.shadi-courses.kz
Advertising
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago

3 недели, 2 дня назад

🇰🇿 Айт мерекесі құтты болсын!

🇸🇦 Араб тілінде айтпен құттықтаудың бірнеше түрі бар:

عيد سعيد (бақытты айт тіледім)؛

عيدكم مبارك (айтыңыз мүбарак болсын)؛

كل عام وأنتم بخير (жылдан-жылға аман-есен жете беріңіз)؛

كل عام وأنتم إلى الله أقرب (жылдан-жылға Аллаға жақындай түсіңіз).

🇹🇷 Ramazan bayramınız mübarek olsun!

🇮🇷 Парсы тіліндегі кең таралған құттықтау түрі арабшадағыға ұқсайды:

عيد فطر سعيد ومباركـ باد؛

#айт_құтты_болсын

3 недели, 3 дня назад

Дұға қабыл болатын түндердің бірі – ораза айт түні.

©️ Имам Шафиғи

Яғни осы бүгінгі 9 сәуірден 10на қараған түн.

3 недели, 3 дня назад

Таяу Шығыста Достоевскийді жақсы көреді, көптеген парақшаларында цитаталарын келтіреді. Мысалы, былай:

‏لا أعرف إن كنت أقتل أيامي أم أن أيامي تقتُلني، في الحالتين هناكَ جريمة تحدُث.

- دوستويفسكي

Мен күндерімді (босқа) өлтірудемін бе, әлде күндерім мені өлтіруде ме, білмеймін. Екі жағдайда да қылмыстың болып жатқаны анық.

P.s. “Уақытты құр босқа өткізе беру - қылмыс” мағынасында.

#даналық_ой

1 месяц назад

“Тіл үйрену - маңызды емес, есеп білу маңызды” деген екен Сырымбек Тау ағамыз бір сұқбатында.

Ағамыз Ыстанбұлға келгенінде кездесуіне де барып, өмірде көрген-түйгенінен жақсы ойлар алып, дән риза болғанмын (әлі де ризамын ол кісіге).

Тек сұқбатта айтқан сөзімен көзі ашық, интеллектісі қалыптағы адам ешқалай келісе алмайды. Ағамыз терең бір, өзгелер көре алмайтын ойды айтқан болар деп қайта-қайта тыңдадым. Мүмкін қате бізде шығар, біз түсінуге қауқарсыз шығармыз ба деп те пікірледім. Алайда ағамның 53 елде болғаны (қазір одан да көбейген шығар) аса бір ерекшелік бере алмай тұр.

Тек кәсіпкерлерге қатысты айтқан болар, бизнесте есеп керек, тіл білу керек емес дегенді меңзеген шығар деп подкастты толық көріп шықтым, үзіндімен ғана баға бермейін деп. Алайда ол жерде сұрақ “Аға, сіз есепті жақсы көретініңізді білеміз, оның сыры неде?” деген сарында болды. “Кәсіпкерге тіл білу керек пе?” деген сауалды естімедім.

Орыс тілі Ресей мен Белоруссияда ғана жарады дейді. Тілдің қызметі тек елге барған кезде ғана деп пайымдаймыз ба?! Әлгіндей көрген ел санымен бұлай пайымдау үлкен сын, шынында.

Ертеректе Бекболат ағамыз айтып еді: “Негізінде орыс тілі қажет емес деп жүрген адамдардың көбінің ар жағында сол тілді білмеуі жатыр” деп. Мен орыс тілінің қорғаушысы емеспін, бірақ әр нәрсенің өз лайықты бағасын бере білу керек. Орыс тіліне қатысты позициямды TliBil Polyglot атты кітабымда да баян еткенмін.

“Тіл - мамандық емес” деген де сөз айтылды. Иә, онымен келісемін, алайда ол - құрал. Сол мамандықтарға жол ашатын құрал. Ал ағамыз оны мүлдем қажет емеске шығарып жіберді.

Ол кісінің “Тіл үйрену - маңызды емес, есеп білу маңызды” деген сөзін түсіну үшін бір астар іздедім, бірақ таба алмадым. Екеуі екі бөлек сала ғой, құрсын. Офтальмология маңызды емес, геодезия маңызды десек, қалай былай?!

Алаш зиялыларының ең азы 4-5 тілден білгені мәлім.

Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларынан өзге шет тілдерін білгендері болды, ондай үлгілер тұрғанда бір кәсіпкердің сөзі соңғы нүкте бола алмайды. Тек көзі қарақты оқырманның ойын қозғау үшін жазуды ұйғардым.

Сырымбек ағаны әлі де сыйлаймын, көрген подкасттан есеп турасында көп нәрсе түртіп алдым, түйдім. Тек қана жоғарыдағы пікірімен келісе алмадым.

#тіл_білу_маңызды_әсіресе_бүгін

1 месяц назад

Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, — деді ағай біраздан кейін. — Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!

(с) Ғабит Мүсірепов, "Қазақ солдаты"

#кітап_нәр_тағылым

1 месяц назад

— Қарақтарым! Қарындастарым, қыздарым! Әке-шеше баласын жаман болсын деп ұрыспайды. Ұрысса, жаны ашып ұрысады. Жақсы болсын деп ұрысады. Мен де әкемін, мен де педагогпын. Сіздерге әкесі мен анасы мәпелеп өсірген балаларының болашағын, тағдырын тапсырып отыр. Қазақша айтқанда «сүйегі менікі, еті сенікі» деп тапсырып отыр. Білім бер, тәрбиеле! Баламды адам ет! — деп тапсырып отыр. Өмірімізде бұдан артық, бұдан ауыр, бұдан қымбат тапсырмаларды кім көтереді! Сіздер педагогсыздар, мен де педагогпын. Сіздердің мамандығыңыз — адам баласының өміріндегі үлкен қасиетті мамандық. Сіздер болашақтың ұстазысыздар, ұрпаққа, келешекке тәрбие, білім, нәр беретін кісісіздер...

(с) Бауыржан Момышұлы, "Куба әсерлері"
Батыр Бауыржан атамызды (Алла рақымына бөлесін) күні-түні талмай оқитын едік, жазу стилі де тым бөлек қой…

#кітап_нәр_тағылым

1 месяц, 1 неделя назад

Өзіңізге ұнамайтын жұмыс н/е оқу болады… біреу универді 4 жыл оқып келіп, соңғы жылы тастағысы келеді…

Қандай да бір істі тастағыңыз келсе, соңына дейін жеткізіп, сәтті аяқтап барып тастаңыз. Бұл ұстазымның насихаты.

Орын алатын белгілі оқиғалар, өміріміздің басқа да аспектілеріне әсерін тигізеді. Бір істі аяқтай алмай жұмыстан шығып кетсеңіз, шыдай алмай оқудан шығып кетсеңіз, өзіңізге деген сенімді де жоғалтуыңыз мүмкін.

Өзіңізге сенімді бір мәрте жоғалтсаңыз, оны қайта қалыпқа келтіру ұзақ уақыт талап етіп қалады.

Сәтті аяқтаңыз да, еңсеңізді көтерген хәлде тастаңыз (егер тастау керек болса).

“Бұны жасай алмайтын сияқтымын”, “қолымнан келмейді-ау”, “менікі емес секілді” деген ғамғамды (арабшадан “мямлить”) қою керек.

#түсініп_көріңіз

1 месяц, 1 неделя назад

Біздің өмірлік мақсаттарымыз марафон емес, өзгемен жарысып жатқан жоқпыз. Өзіміз үшін сапалы орындауға әрекет етпек ләзім.

Мәселен, студентті алайық. Оның мақсаты не? Қалай болса да емтиханнан өту ме? Көшіріп, өтірік тапсырып, шпор пайдаланып…

Негізгі мақсаты білім алу, етихан кезінде сол білімін тексеру, кем кеткен тұстарын тауып солармен жұмыс жасау.

Сол үшін де мақсатқа жетелейтін жолдарды сапалы орындауымыз маңызды.

#түс_тоже_береке

1 месяц, 1 неделя назад

Ұйқысыз өткен түндер мен таңда ерте тұрулардың ақталып, жеміс беретін күні де келеді. Мақсатқа жету жолында кей тәтті қалаулардан бас тартуға мәжбүрміз.

Ал енді сол “мақсат” атаулысы лайықты іс болса игі, дүниеңді де, ақыретіңді де қамтитын.

#таң #береке

3 месяца, 1 неделя назад
We recommend to visit

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 5 months, 2 weeks ago

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot

Last updated 3 weeks ago

EL.INFO - информационно-разъяснительный канал.

Last updated 1 month, 1 week ago