Orientalist's Notes

Description
Автор: Arsen Shadi

#запискиВостоковеда
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

hace 1 mes

Сирия енді не болмақ?!

Сирияға қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Біз, әлбетте, ел болып аяққа тұрып кетуіне мүдделіміз.

Қазақстан — үлкен әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Сол себепті әлемде орын алып жатқан кез-келген оқиғаның бізге әсері бар.

Мәселен, баз-біреулер Ресейдің құлап, ыдырап кетуін қалайды. Жарайды, Ресей ыдырағаннан кейінгі сценарий белгілі ме?! Ол оңай нәрсе емес.

Экономикалық тұрғыдан біз тікелей Ресейге байланғанбыз. Сауда-саттық жолдары, түрлі дәліздер, маршруттар өзгереді.

Оның тысында босқын мәселесі бар. Түрік қоғамымен бірнеше жыл бірге өмір сүргендіктен босқын мәселесін іштен көрдік. Ресеймен біздің шекара — әлемдегі ең ұзын шекара боп саналады. Ал енді Ресей ыдыраса үлкен дәрежедегі Ресейден келетін босқындар ағыны болуы мүмкін. Ондай тұрақсыздық кезеңде қылмыс деңгейі де артады. Отанынан айырылып тұрған халық ессіздікке даяр болады.

Мәселе көп-ақ…

Қазақ еліне соғыссыз, тыныш уақыт керек. Ибн Халдун социологиясына сай біздің мемлекет өте-мөте жас әлі. Аумалы-төкпелі заманда ел боп сол тыныштық қамын жасауымыз өте маңызды.

Әлемдегі жағдайлардың бәрі үлгі ретінде жеткілікті.

#ой_түймекке #запискиВостоковеда

hace 1 mes

مجد التاجر في كيسه ومجد العالم في كراريسه

Саудагердің ұлықтығы қалтасында,
Ғалымның ұлықтығы кітаптарында.

(с) Ізгілердің сөзінен#ой_түймекке

hace 1 mes, 1 semana

Кеше түнде жазып отқан нәрсем еді…

Бірінші диссертациям осы Сириядағы Асад режиміне қатысты болатын.

Жалпы Асад әулеті Сирияда 55 жылға жуық үстемдік құрды. Енді міне, Башар Асад елді тастап, шетелге қашты, оппозиция Димашқ (Дамаск) қаласын алды.

2011 жылы орын алған “Араб көктемі” бірқатар елде биліктің ауысуына әкеп, бірнеше жүйені құлатқан-ды. Алайда Сирия президенті - Башар Асад Ресей және Иранның қолдауымен саяси алаңда қалып, халықты қантөгіспен басып-жаншыған болатын.

Араға 13 жыл салып ақыры жеңіліске ұшырады.

Сирия, жалпы есепте Шам жері, Дамаск қаласы террористік ұйымдардың емес, Ислам мұрасының көрнекі жері еді. Кезіндегі Әмәуи халифатының астанасы болған құтты мекен.

Жаңа кезең, жаңа толқын позитивті өзгерістер алып келсін, біздер шығыстанушы, зерттеуші ретінде сол жақтарға саяхат жасап, қайта қалыпқа келгенін көрсек деймін.

#запискиВостоковеда

hace 1 mes, 1 semana

Біздің телеграм арнаның атауы "Orientalist's Notes" болса да бұл жақта салама қатысты жазбалар шығармаймын десем де болады. Көптеген подкасттарға, кездесулерге тіл бойынша, білім бағыты бойынша шақырту аламыз, сол жағынан таныла түстік, былайша.

Ал өзімнің салам бойынша күн сайын мониторинг жасап, 4 тілде бірдей жаңалықтарды қарап отырамын, бірақ ол туралы жазбаймын. Шыны керек, жалпы контингент оқырманыма Сириядағы Тахрир аш-Шам қозғалысының және өзге де Башар Асад үкіметіне қарсы топтардың Хәләбті (Алеппо) басып алғаны қызық емес әрі маңызды емес. Арнайы осындай жаңалықтар үшін арна ашып, соны қосымша жүргізсем бе деген ой болған, алайда қатты бір сауап алатын іс емес екені ойландырды.

Анадолы түріктерімен бірге өмір сүрдік қой. Сонда қоғамның саяси қатты "білгір" болуы аса керемет нәрсе емес деген байламға келдім. Жалпы түсінік болсын, сол жетеді. Түрік БАҚ-тарын оқып отырсаң бүкіл Түркия халқы "саясаттанушы" дерсің...😁 Ооһ, басқа айналысар ісі жоқтай...

Халықаралық қатынастар саласының арнайы теориясы, зерттеу методологиясы бар. Пікірдегі адамдар шай ішіп отырып "талдап" тастайды ғой.

#ой_түймекке

hace 1 mes, 1 semana

Подкаст тыңдауды қосымша білім алу көзіне айналдырдым. Арнайы осы подкаст үшін деп YouTube премиум подпискасына жазылдым.

Бірінші ай тегін, кейін айына 6500тг екен. Білім үшін тұрарлық деп шештім.

Маған керек әрі ұнаған мүмкіндіктері:

• жарнама жоқ (жарнамасы деген толған фитна, қажетсіз ақпар, саған керек емес нәрселер);

• подкастты қосып қойып телефон экранын сөндіруге болады;

• YouTube-тан шығып кетіп, басқа жаққа кіре бересің, видео өшпейді;

• YouTube кэшіне подкасттарды жүктеп алып, офлайн түрде, телефонды әуе режиміне қойып тастап тыңдай бересің, мысалы, ұшақта болғанда маған өте жайлы болды.

Ертерек неге қолданбадым деп қоямын. Жарнамасының біткенін күтіп тұрасың, артынан екінші жарнамасы қосылып кететіні ше?! 😁

Сол жалпы. Подпискаға үгіттемеймін, қажет десеңіз, көп қолдансаңыз ыңғайлы екенін ғана жеткізгім келді.

#ой_түймекке

hace 1 mes, 1 semana

Нәрікби мырзамен болған подкаст қалай?

Реті келсе бір тыңдап шығарсыз. Подкаст тыңдауды да бір жүйеге келтірген жөн-ақ. Өзім үшін солай жасадым. Кезекке қойдым.

Жақында филистиндік арабша подкаст тыңдадым. “Алла Алла, ма ша Алла” деп отырдым… көбіне, сол диалектіні түсінуге мүмкіндік берген Аллаға шүкір ету сезімімен.

Қызық өзі. 5 жыл бұрын араб диалектілерін жек көретінмін, фусха ғана білу жеткілікті деген ұстанымда жүрдім. Шамдық шейхтардан дәріс алған соң, ұстаздың жанында еріп жүрген соң өзара көп диалектіде сөйлесетінін аңғардым, содан бірқатар тіркестер мен сөздерді ұғыну үшін бас қатырдым, орыс востоковедтары мен батыс ориенталистерінің жазған, құрастырған шамдық диалектісі бойынша сөздіктерін қарадым, 1-1.5 жылда ілгерілеу болды.

Саудияға оқу бағдарламасымен барғанда да жергілікті диалектінің көп сөздерін ұғынып, сөйлесу процесінде қолданатын болдық.

Ал енді диалектілерде подкаст тыңдаған тым бөлек екен. Миға салмақ салу күшті ғой. Тірі екенін сезесің. Түсініп отқаныңа өзіңнің миың жарылады. Ойлаңызшы, Алланың нығметі!

Сосын араб әлемінде атақты боп кеткен подкаст бар, Ибраһим Мәлидің “Әсир” арнасындағы, соны қарап шықтым. Оны маған ертеректе Ато деген шейх бауырым ұсынған-ды. Фусхада бастан-аяқ подкаст тыңдаудың ләззаты одан да ерекше. “Оф-оф” деумен боласың.

Әлем кең, ғалам шексіз, білім көп. Үлгі болар деп бір тізіп жазып шыққан жайым, ал.

#ой_түймекке

hace 4 meses, 1 semana

Ақырет дайындығы — адамның басындағы тәж іспетті. Сәл қисайып бастаса, қолындағыны тастап, тәжін туралай алатындай болу керек.

(с) ұстаздар тәлімі

#ғалымдар_өсиеті

hace 4 meses, 1 semana

Осылай кезек-кезек курстарымыз шыға береді енді, ин ша Алла. Әркім керегін алып үлгерсін деп тілейміз. Кері байланыспен оқушы алмағалы 1 жылға жуықтап қалды. Магистр оқимыз деп одан қол үздік. Енді кері байланысқа қайта оралып жатырмыз. Бұйырса жақсы қатысушылар, оқушылар шығады деп ниет етеміз, тілейміз.

hace 4 meses, 2 semanas

Адамдық борышыңды атқару жолында тартқан азабың мен көрген қорлығың үшін біреуден мүсіркеу күтпеу керек, мақтау дәметпеу қажет.

(с) Өзбекәлі және мәдени майдан кітабынан

#ой_түймекке

hace 7 meses

Көреалмаушы адамның өмірінде ешқашан жақсылық болмайды. Айналадағы жандарға берілген артықшылықтарды көрсең, олар үшін қуанып, Алладан оларға арттыруын сұра. Сонда Жаратушы саған да тауфиқ есіктерін ашып, берекеңді арттырады.

Алланың өзге адамға берген ризығын қызғанба, себебі ол сенің ризық-несібіңнен бөліп алып бермейді. Әр адамның өз ризық-несібесі жазылған. Өзгенікін көреалмауда ешқандай пайда жоқ.

Алладан сұра, себебі Алланың қазынасы шексіз.

(с) Шейх Нәдир Әбу Омар (حفظه الله)#ғалымдар_өсиеті

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago