Шұғара

Description
“Шұғара” әдеби-шығармашылық бірлестігі
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

5 days, 16 hours ago
Бүгін “Шұғара” әдеби бірлестігінің ақыны Әскербай …

Бүгін “Шұғара” әдеби бірлестігінің ақыны Әскербай Жанарыстың туған күні🎉

Құттықтап, ақжарма ақ тілектеріңізді пікір алаңына жолдасаңыздар болады❤️

1 week, 2 days ago
Бүгін “Шұғара” әдеби бірлестігінің ақыны Сандыбай …

Бүгін “Шұғара” әдеби бірлестігінің ақыны Сандыбай Піржанның туған күні💝

Құттықтап, ақжарма ақ тілектеріңізді пікір алаңына жолдасаңыздар болады🥰

2 weeks ago

Жаңа жыл құтты болсын❤️

2 weeks, 4 days ago

`Ұлы бесін шамасы, үйем ойлар,
Сәт ауыспай шайырлық киемді ойлар.
Тұрақтармын ауылға көрші атаның,
қазығындай қалтиып түйе байлар.

Қоңыртөбел тірліктің бұзбай шырқын,
Мүлгіп жатыр момақан қыздай жұртым.
Шаршап келіп, шөліңді қандыратын,
Шалап, көже, шұбаты мұздай, шіркін.

Шексіз аспан, санасып сұлқ даламен,
Аппақ қардан шымқанған, бүлк жаңа әлем.
Алажабыр түзде көш иірілмей,
Қамығып жүр қосылмай бастары әрең.

Нәуетек ғұмыр көшін жалғағалы,
Ұштасады ауылмен арман әлі.
Құм ойнатқан жібек жел бүгін, міне,
Жырларымды оқып жүр таңдамалы.

Қопарыла көшкендей Мыңтөбеден,
Сенен алыс кеткендей жыр көнеден.
Жырым саған төгіліп тұрады енді,
Нұрын төгіп тұрғанда Күн төбеден.

Жарық Күні шарықтап қиясына,
Көкжиекке керілген күйі асыла
үр қызындай ерініп қозғалады,
Үлгере алмай қалады-ау ұясына.

Боздау қоңыр әуенге тербеледі,
Қоңыр түсті еді ғой көрген елі.
Бұр арада уақытқа ұқсап қалған,
Шыр айналған диірмен дөңгелегі.

Жап-жарық жаңа күнге үйір болған,
“Сәлемнен”, “қош болғанша” күйі думан.
Тыным тауып, талықсып төңкерілген.
Түн жұлдызы құлайды иығымнан.

Табан тозып жеткенде есіл ері,
Табанымда байтақ құм көсіледі.
Тұғырға емес тірлікке табынған жұрт.
Тыңдай қояр дейсің бе осы мені?!

Тұғырға емес, тірлікке табынған ел,
Сары дала - сөзімді сағынған ел
Көппен бірге жетерсің дегеніңе,
Түзден тоят іздемей ауылға кел.`

(с) Бекзат Елеусін

1 month ago

Шерлендіріп шемендей, Шерзат інім,
Елмен бірге қосылып, мен запымын.
Ішімді әлі тырнайды сол бір түні,
Болмағаны соларда ЕР ЗАТЫНЫҢ!

Қорқауларға талатып арысымды,
Қазағымның бүгінде сағы сынды.
Хуторянка ішіп ап Хуторлықтар,
Қу қорқаудай талады намысыңды…

Әрбір таңға қараумен сенімге еріп,
Есеңді әлі алмадық елің болып.
Құс қондырып жүрер ең жанұяңа,
Кетті-ау, інім, қапыда кебін қонып.

Бақыттысың еліңе тұрсаң ұнап,
Біздің елде кілең бай, кіл саңлақ!
Керегеңді өртеді-ау кері туған,
Алматыдай шайқалды-ау бір шаңырақ!

Аттап бәрі салтымнан, ата ұйығын,
Ер түгілі, беретін ат айыбын.
Аш баланы ойлауға қайдан келсін,
Тоқ жүрген Тоқаевың!

Талап кетті намыстан жұпынылар,
Қылмыскердің тұлдай қып, тұқымын ал!
Біздің елдің Заңына түкіріп ал,
Қорықпаңдар, Алланың үкімі бар!

Халық болсаң, бетіңе түкіретін,
Неге үнсіз қалдыңдар, Үкі-Метім?
Қорқаулар кеп бүгінде тобырымен,
Қасқырлардың жеп болды тұқым етін.

Кімді алып кетпеді бұл дария,
Жылап қалды бір ана, бір қария…
Біздің елде сыралар қымбаттады,
Бағасы оның —
“бір шаңырақ, екі өмір, бір жанұя”…

1 month ago
Шұғара
1 month, 1 week ago

Тек соған дейін шыдашы…

Алып алған соң қарамағына,
Ала да құла тағдырың.
Жан-дүниең мүлде қаламады ма,
Айналаңдағы барлығын?!

Салып алған соң тепкі астына,
Көкті басты ма қара бұлт?!
Сол қара бұлттар жетті басыңа,
Желкелейді енді тағы анық!

Басып алған соң астына уақыт,
Қашты ма бақыт басыңнан?!
Кетеді әлі тас тұманданып,
Көзіңнің алды жасыңнан.

Қылып алған соң құлы ғып сені,
Тұл үміт, соры бес елі.
Жатады дейсің кім ұғып соны,
Үмітің ақыр өшеді!

Біліп алған соң өмірдің заңын,
Көңілдің зарын ұғасың.
Сезгенде білек өлім тұзағын,
Сермеуге келмес құлашың.

Дәл солай барып тынасың,
Тек соған дейін шыдашы…

(С)Мыңжасар Атшыбаев

1 month, 2 weeks ago
Шұғара
1 month, 2 weeks ago
Қонақтамыз)

Қонақтамыз)

1 month, 2 weeks ago
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago