Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Abylaikhan Nurlanuly📚

Description
Инстаграмда да бармыз: https://www.instagram.com/abylaikhan.nurlanuly?igsh=MWZwem1uMW51eHplbA%3D%3D&utm_source=qr
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 3 weeks ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 3 weeks, 5 days ago

1 month, 3 weeks ago

Осы сөзді алғаш оқығанда түсіндім деп ойлап едім. Бірақ, соңғы жылдары рас түсіндім десем де қателеспеспін. Жалпы, адам баласы ілім алған сайын бұл істің ұлылығын түсіне береді ғой.

Енді, осы жердегі “жарық, нұр” деген сөзге қарайықшы. Жарықтың қызметі - жарық беру, көрсету, жол сілтеу.
Мысалы, тастай қараңғы бөлмеге кіріп, ол жердегі заттарды жеке-жеке ұстау
арқылы ғана біле аласыз ғой.

Ал жарық жанғанда ше?! Жарық жанғанда, заттарды көру әрі тану үшін жеке-жеке ұстап, сипап көрудің қажеті жоқ. Жарық соның бәрін сізге көрсетеді.

Құрал білімдерін меңгерген ғалымның мысалы да осы. Ішінде жарығы бар. Нұры бар.

Усуль әл-фиқһ пен мантық және тіл білімдерін білмей кітап оқып жүрген адам мен сол білімдерді мықты меңгерген адамның кітап оқу айырмашылығы - аспан мен жердей.

1 month, 3 weeks ago

Имам Малик (Алла оны рақымына бөлесін) айтады екен :

إن العلم ليس بكثرة الرواية ، إنما العلم نور يقذفه الله في القلب

Расында, білім - көп риуаят ету (білу) емес. Білім - ол Алланың жүрекке беретін нұры (жарығы)

Абуль-Фарадж ибн аль-Джаузи
📚 Сафуат ас-сафуа

1 month, 3 weeks ago

Қазір біз көп оқу, көп мәселе білуді - білім деп есептейтін болған уақытта өмір сүрудеміз.

Негізінде білім - мантық ғалымдарының қорыта келе айтқанда:
معرفة الكليات
Яғни, жалпыны (негізді) білу, меңгеру деген сөз.

Ғалымды ғалым ететін нәрсе - усуль, луға (тіл) және мантық ілімдерін мықты меңгеруі. Бұл білімдерді - құрал білімдері дейді.

Ал қайбір уаххабидің шейхын алып қарамасаң да, бәрі осы ілімдерде өте әлсіз, не тіпті, нөль екенін де байқайсың.

Ол былай тұрсын, тіпті, усуль және мантық ілімдеріне қарсы пікірлер де айтып жатады.

3 months, 1 week ago

Раббы құзырындағы деңгейің мен орныңды білгің келсе…

https://www.instagram.com/reel/C4ViV6AtFk0/?igsh=MWJsM2VyczdxdTdnOQ==

3 months, 1 week ago

https://kalimatan.com

Kalimatan

Изучайте арабский увлеченно и эффективно | Kalimatan

Сервис для увлекательной практики арабского языка… Не зубрите язык, изучать можно увлеченно… Язык не цель, а средство и именно так его и нужно изучать.

3 months, 2 weeks ago

Мустафа Ахмад Зарқо “умми” أُمِّيٌ (сауатсыз) деген сөзге қатысты Имам Шатыбидің (Алла екеуін де рахымына алсын) мынандай ойын келтіреді:

Бұл - ана деген сөзге телініп тұр. Яғни, жазу-оқуды үйренбей анасынан туылған хәлде қалып қойған адам.

4 months, 3 weeks ago

Таңертең және кешке оқылатын сүннетте келген дұғалар қатарында осы дұға да бар. Жер сілкінісі кезінде оқылуы да абзал:

اللَّهمَّ إنِّى أسألُكَ العفوَ والعافيةَ، في الدُّنيا والآخرةِ، اللَّهمَّ إنِّى أسألُكَ العفوَ والعافيةَ، في دِينى ودُنياى، وأهلى ومالى، اللَّهمَّ استُرْ عَوراتى، وآمِنْ رَوعاتِى، اللَّهمَّ احفَظْنى من بينِ يدى، ومن خلفى، وعن يمينى، وعن شمالى، ومن فَوقِى، وأعوذُ بعظمتِكَ أن أُغْتَالَ مِن تحتي

Аллаһумма инни әс-әлюкә әль-‘ғавуа уаль-‘ғафия фид-дунья уәль-әхиро. Аллаһумма инни әс-әлюкә әль-‘ғавуа уаль-‘ғафия фи диини уә дуняәй әу әһли уә мәәли. Аллаһумма-стур ‘ғәуроти уә әәмин рау’ғаати. Аллаһумма-хфазни мин бәйни иәдәйия уә мин холфи уә ‘ғән иәмиини уә ‘ғән шимәәли уә мин фауқи. Уә ә’ғузу би ‘ғазомәтикә ән уғтәәлә мин тәхти.

Мағынасы:
Аллаһым сенен ақыретте де дүниеде де кешірім және амандық сұраймын.

Аллаһым сенен дінім, дүнием, отбасым және мал-мүлкім үшін кешірім мен амандық сұраймын!

Менің әуретімді (отбасы, бала-шағамды) жабуыңды әрі жасыруыңды және отбасымды сақтауыңды сұраймын.

Аллаһым мені алдымнан, артымнан, оң жағымнан, сол жағымнан және үстімнен(жоғарымнан) сақтауыңды сұраймын. Және аяқ астымнан құрдымға кетуден пана сұраймын!

4 months, 3 weeks ago

Алматы қаласы бойынша барлық мешіттер түнімен ашық деп жатыр ‼️ Алла панасына алсын 🤲🏻

4 months, 4 weeks ago

Ілім талап етуші адам әуелі өзін надандықтан арылту мақсатында өзі үшін ілім алуы тиіс. Содан кейін барып басқаларды надандықтан шығаруды ойлай берсе болады.

Ал талаба ілімді басқаларға үйретемін, көрсетемін деген ғана ниетпен алатын болса, оның басқаға жарық беріп, өзі еріп жатқан шамнан айырмашылығы болмайды.

Шейх Хазим аль-Киләни (хафизаһуллаһ):

“Өзіңмен шұғылдан, өзіңді дамыт, өзің надандықтан арылуың һәм білімді болуың үшін ілім ал! Сонда, уақыт өте өзің басқаларға пайдалы болып жатқаныңды көресің. [біздің тілмен айтқанда] Өзгеге пайда беру - побочный эффект сияқты өздігінен келетін құбылыс.

Мен тіпті, әлемде менен білім алатын талабалар қалмаса да, ілімімді алып, кітаптарды оқып, хашия-шархттар жазым жүре берер едім…” деп ойын аяқтады.

Расымен, үмметке пайдалы болуың - ол Алланың тауфиғы және қалауы. Сондықтан, ілім алушы өзімен көбірек шұғылдануы тиіс.

Әрине, баршамыздың мақсатымыз - үмметке пайдалы болу. Үмметке шынайы, сөзіне амалы сай, раббани ғалымдар қажет.

Неге сол сіз бен біз болмасқа?!

5 months ago

التكْرارُ يُعلِّم الْحمارَ…

Қайталау - есекті де үйретеді” деген мысалды көп еститінбіз. Бірақ, бұл мысалға басқа қырынан қарап көрмеппіз.

Барлығымыздың бұл мысалдан түсінетініміз - қайталаудың артықшылығы. Яғни, көп қайталау тіпті ақылсыз есекті де үйретеді деген мағынаны түсінеміз.

Алайда, кезінде حِمَارٌ (есек), كَلْبٌ (ит) деген сынды сөздер мақтау ретінде қолданылатын болғанын білетін бе едіңіз?!

Ит дегенде - иттің адалдығы мен шын берілгендігін нұсқап, есек дегенде - оның сабырлығын меңзейтін болған. Сондықтан, мақтау тіркесінде қолданылатын да болған…

Осы кіріспеден кейін “التكرار يعلم الحمار” дегенге басқа қырынан қарасақ, “қайталау - сабырлы әрі табанды адамды үйретеді” -деген мағына шығара алады екенбіз.

Сондықтан, ілім жолында حمار болыңыздар)

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 3 weeks ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 3 weeks, 5 days ago