Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Дастан Құрманбаев

Description
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago

1 month ago

Сені тәкаппар қылатын байлық — байлық емес, кедейлік!

Сені менмен қылатын білім — білім емес, надандық!

Сені өктемшіл қылатын үстемдік — үстемдік емес, қорлық!

Сені әділетсіз қылатын күштілік — күштілік емес, әлсіздік!

رسائل من القرآن 📚

1 month ago

Яхия ибн Мағин айтады:

“Біз имам Ахмадпен 50 жыл жолдас болдық. Ол ешқашан өзінің бойындағы жақсылықпен мақтанған емес”.

Міне, кішіпейілдік деген осындай болады! Әйтпесе екеуі де хадис ғұламасы еді ғой! Алла Тағаланың мейіріміне бөленсін 🤲🏻

1 month ago

Егер біреу өзгеге қандай да бір зиян тигізсе, мысалы: оның абыройына тисе, бірден сол күні одан кешірім сұрасын! Мал-мүлік болмайтын (Қиямет) күнге қалдырмасын. Себебі ол күні, өзгеге тигізген зияндарының өтемі ретінде жасаған ізгі амалдарының сауаптарын береді, егер ол таусылса, зардап шеккеннің күнәларын арқалайды.

📚 Хадис. Бұхари

1 month, 1 week ago

Біз жақсы өмірге сабырмен жеттік!

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын)

📚 Имам Ахмад. Зуһд

1 month, 1 week ago

Хадисте “Ең жақсы ғибадат — дұға” дейді. Біз көбіне оның қабыл болуын ғана ойлаймыз. Соған қарай құлшынысымыз артып, кеміп отырады. Бірақ оның өз алдына бір ғибадат екенін ұмытып кетеміз!

1 month, 1 week ago

Егер пенде ауырып қалса немесе сапарға шығып кетсе, сау кезінде, тұрғылықты жерінде істеп жүрген ізгі істерінің сауабы жазыла береді.

📚 Хадис. Бұхари

Жайбарақат уақытта Құран оқып, мешітке барып жамағатпен бірге намаз оқып, жақындарыңа көмектесіп т.с.с. ізгі істерді көбірек істей бер. Ауырып қалсаң да, сапарда жүрсең де сол істердің сауабын ала бересің.

Амандықта, саулықта болайық 🤲🏻****

3 months, 1 week ago

Ұсама деген сахаба әңгімелейді: Біз Пайғамбардың ‎ﷺ алдында бейне бір төбесінде құс қонып тұрған адамдай қозғалмай, бірде біреуіміз үндемей (уағызын ұйып тыңдап) отырған едік. Бір кезде бір топ адам келді де: “Алланың құлдарының ішінде Аллаға ең қатты ұнайтыны кімдер?”, — деп Пайғамбарға ‎ﷺ сұрақ қойды. Сонда ол кісі оларға: “Мінезі ең жақсылары”, — деп жауап берді.

Табарани

3 months, 1 week ago

Күшті иман — жақсы мінез тудырады.

М. Ғазали

3 months, 1 week ago

Бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді:

“Мен намазды тек

• Менің ұлықтығымның алдында бас иген,

• Менің құлдарыма жоғарыдан қарап тәкаппарланбаған,

• күнә істеп Маған қасарысыпаған,

• күні бойы мені зікір еткен,

• кедейлерге, жолда қалған жандарға, жесірлерге мейірім көрсеткен,

• қайғыға душар болғандарға жаны ашып, қамқорлық қылғандардан ғана қабыл етемін”.

Әл-Баззар

3 months, 2 weeks ago

Ең жақсы адам — басқаларға пайдасы ең көп тиетін адам.

Хадис

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago