Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

SADAQ

Description
Каналдан алынған материалды (мәтінді) өзге жерге жариялаған жағдайда сілтеме көрсетуді ескертеміз!

Ұсыныс жасау: https://t.me/Jauinbai
Арнаны қолдау: 87772151878
Инстаграм: https://www.instagram.com/_zhauynbai?igsh=aXZxYXgyMGE3aThp
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago

1 week, 6 days ago

Таза жүрек – дұрыстың қолы
22-нші нөмір «Қазақ»-тағы менім жазу туралы сөзіме А.Б. мырзаның қайырған жауабы дұрыс. Мен баспахана ісімен таныс еместігімнен жұмысты көбейтіп жіберіппін. Хәрпі қанша көп болса да ілгері басуына бөгет болмайтұғын жапон еместігіміз есімде болмапты.

Шаһкәрім

P.S: 1913 жылы «Қазақ» газетінде, қазақ жазуы турасында Шаһкәрім, Ахмет, Ғабдолғазиз арасында ашық пікірталас туған-ды. Шаһкәрімнің А.Б мырза деп отырғаны–Ахмет Байтұрсынұлы.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазуын (төте жазу) қазақ тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы етіп жасаған-ды. Ол «О» ны «ۋ» ға, «У» ны «و» ға ауыстыруға қарсы болады.

https://t.me/sadaq_zh

2 weeks ago

«Шоқан біздің заманымызда өмір сүрсе, жай блогер болар еді»–дегендерге айтарымыз, саяхатшы блогердің жүрегінде мынандай уайым болмайды!

Өз ұлтынан безіну, өз ұлтынан қорлық көру, ұлтынан жеріне, минут сайынғы қараңғылына куә болу, сонда да ұлтын сүю-Шоқанға тән қылық.

“Ол аға сұлтан болса, қазақтарды әскерге, мектепке жібереді” деп айтып отырған орыстардың сөзінен, Шоқанның ойында мемлекет құру, автономия алу мәселелері де болуы мүмкін. Себебі әскер құру-мемлекеттік құрылымның негізгі атрибуты.

Ә.Бөкейхан патша үкіметінен қазақтарды әскерге алу мәселесін қайта қарауды сұраған-ды. Ондағы мақсат тағыда автономия құру, тәуелсіздік алу еді. Егер Шоқанның арманы жүзеге асқанда, Алашорда үкіметі талқандалмас еді.

Алашорда үкіметінің талқандалуының негізгі себебінің бірі–әскердің жеткіліксіз, тұрақсыздығы болды. Шоқанның әскер құрудағы мақсатының түп төркіні осы болса керек.

Шоқанды қайдағы бір блогерлермен теңестіруге болмайды. Ол өз халқын алдап, қарызға батырып, шетелде демалып жүрмеді. Ол қараңғы қазақ арасында туды, қараңғылықпен жалғыз күресіп, қараңғылыққа батып өлді!

https://t.me/sadaq_zh

2 weeks ago

Чиновниктер бай және баққұмар қазақтардың өзімшілдік пікірін қоздырып, егер Уалиханов сұлтан болса, онда сендер бәлеге қаласыңдар, ол теңдік жолын қуаттайды және сендерді аталарыңа, дәулеттеріңе қарай бағалайтын нағыз қарапайым қазақтарыңдай болмайды деп қорқытты, және мені құдайға да сенбейді, Мұхамметке де қас дегенді де жұртқа жайып бақты. Әрине, мұндай нәрселер өздерінің әдет-ғұрыптарына шын берілген, қараңғы халыққа, әсіресе ол орыс майорларының ауызынан шыққан соң, әсер етпей қалмайтындығы өз-өзінен түсінікті ғой.

Менің жерлестерім, өзің білесін, мүмкін олардың шығыстық сыйшылдығынан да болар, әрқашанда орыстардың айтқанына құлақ қояды ғой. Сонымен, ел екі партияға бөлінді: оның бірі –төрт болыс Бағаналының, Қоқан шекараларында көшіп жүретін, тағы рулары болды. Бұл тағылар тобы шашын ұстарамен алғызбайтын және дәрет алып күніне бес уақыт намаз оқымайтын адамды сұлтан қойғысы келмеді: оның бержағында бағаналылар–егер мені сұлтан сайлай қойса, онда мен барлық қазақты солдатқа жіберіп, балаларын мектепке беріп қояды деп қауіптенеді.
Уалиханов

P.S: Шоқанның Достаевскийге Атбасар окуругіне аға сұлтандыққа сайлауға түсіп, әділет таппағанда жазған хаты. Осы іске әділетті қарау үшін, Шоқан Достаевскийден Петербургтағы достарынан көмек сұрайды.

https://t.me/sadaq_zh

2 weeks, 5 days ago

ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне келген переселендер, қазақ халқын аяусыз қанаумен айналысты. Тіпті көршілес жатқан мұжықтар ішіп алып, қазақ ауылына шабуыл жасап, малын тонап, әйелін ұрып, еркегін атып кететін жағдайлар да жиі кездесетін. Мұжықтардың осындай басынуынан әбден запы болған қазақ азаматтары губернаторға шағымданумен болған-ды. Қазақ азаматтары шағымданғаны үшін губернатордың өзі оларды (қазақтарды) жер аудару, айыппұл төлеу жазаларына тартатын. Сондай оқиғалардың бірі 1913 жылы «Қазақ» газетінде былайша баяндалады:

«Ақтөбе уезінің, Тұзтөбе ұлысының 10-ауы­­лы­ның, 25 үй шамалы қыстауына жа­қын жердегі Бала-Хобдински деген по­сел­­ке­нің 60 шамалы мұжық (хахол) келіп, ауылын үптеп, адамдарын ұрып, екі кі­сі­сін поселкесіне алып кеткен. Апарып, олар­дың біреуінің көзін шығарып, қолая­ғын сындырып, өлтірген. Екінші Ишман молда дегеннің сақал-мұртын жұлып, қа­быр­­ға­­сын сындырған. Ол қазірінде Тұзтөбе қаласында ауру бағатын үйде жатыр дейді. Хахолдан қорғау үшін сол ауылдың қа­за­ғы губернатордан алты казак-орыс сұ­рап­ты, расходын өзіміз көтереміз деп. Губернатор дознание біткен соң жібереміз деді».

Бұндай ірі қақтығыстарды Губернатор жылып жауып қоятын. Осындай оқиғалар үшін көбіне қазақтардың өзі кінәлі боп қалып жататын.

https://t.me/sadaq_zh

2 weeks, 5 days ago

Шүкір !

2️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ оқырманға жеттік.🤗
Ендігі меже–1️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ оқырман! 🫢

Уәде кеткендей, жұма күні, сұрақ-жауап арқылы бір оқырманға, бір кітап сыйлайық!

Бәріңізге алғыс! 🥰
Алаш арыстарының атын жаңғырта берейік🤲🏻

2 weeks, 6 days ago

Бүгін аналар күні!

1913 жылы қазақ оқығандарының арасында бас қосу мәселесі талқыланып, «Айқап», «Қазақ» болып бөлініп, Жанша Сейдалин мен Ә.Бөкейхан арасында ашық пікірталас болған-ды.

Сонда Ж.Сейдалин қазақ азаматтарына қарата: «Әлиханды туған қазақ қатыны, сендерді де туды» сынайында сөз айтқан-ды. Бұл жігіттерін қайрау сөзі еді.

Расымен, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Жаһанша бастаған ұлт зиялыларын дүниеге алып келген, оларға ұлттың нәрін сепкен қазақ әйелдері еді.

**Біз Алаш арыстарының аналары кім болғанын, олардың баларына берген тәлім-тәрбиесін ұмытпаймыз қажет!

Ж.Ж**

https://t.me/sadaq_zh

3 weeks, 4 days ago
Атаман Дутовтың Орынбор әскерінің қызылдармен күресеміз …

Атаман Дутовтың Орынбор әскерінің қызылдармен күресеміз деген үндеуі.

P.S: сурет Б.Әбдіғалидің кітабынан алынды.

https://t.me/sadaq_zh

3 weeks, 4 days ago

ҚАЗЫ ӨЛГЕНДЕ, МІРЖАҚЫПТЫҢ АЙТҚАНЫ:

Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді?
Тұрсыңдар бәрің жабығып?!
Жалғызы ма еді біреудің,
Тілеп алған зарығып?
Байы ма еді бұл елдің?
Құрметтейтін жабылып?
Би менен бектің бірі ме ед?
Жылардай жұрты сағынып?
Ханзада яки сейіт пе,
Қарашы шулар қамығып?
Жоқ, әлеумет!
Бұл жатқан:
Жалғыз да емес,
Бай да емес,
Би де емес,
Бек те емес,
Сейіт те емес,
Хан да емес.
Бусанып жатқан жас қабір,
Иесін мұның айтайын.
Мақсаты ұлттың жолына,
Туын ұстап қолына,
Жас ғұмырын пида еткен,
Жар-жолдасын күйзелткен,
Алаштың адал баласы.
Армансыз өлген данасы!
Жүректен жалғыз оқ тиген,
Жаза баспай дөп тиген,
Алаштың бұл құрбаны
Аяулы жолдас, Қазы жас!
--------------
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың.
Қабыл болып құрбаны,
Алашты құдай оңдасын!...

Жиылған халық қамығып, көңілі босап, көзіне жас алды.

P.S: Міржақыптың Қазының моласының басында айтқан сөзі. Осы оқиғадан кейін қызылдар мен Алаш әскерінің арақатынасы өшіге түскен.

https://t.me/sadaq_zh

3 weeks, 4 days ago

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚҰРБАНЫ!
1918 жылы 6 наурыз күні Алаш қаласында жалаң қолмен дайындық жасап жатқан Алаш әскерін, қаңғырған қызылдың 10-15 солдаты тұтқиылдан келіп, атып кетеді. Сол жерде жүрегіне оқ тиіп, 22 жасар Алаш тың атты әскерінің бастығы–Қазы Нұрмұхаметұлы ерлікпен қаза табады. Ол жалаң қолмен тұрса да, қызылдың әскеріне қарсы тұрып, қазақ жігіттерін бірлікке шақырған-ды.

Қазының өлгенін көрген: «Мархұмның жолдастары ботадай боздап, басып құшақтап, шуласты. Көрген-естіген жан қайғырды. Ертеңіне халық көп жиналып, жаназасы шығарылды»-дейді. Қазының жаназасында Шәкәрім Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы, Райымжан Мәрсек, Мұстақым Малдыбайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сөз сөйлеп, еңкілдеп жылайды.

Бұл жайлы «Қазақ» газетінде: «Ақырында Қазының бірге оқып жүрген жолдасы Жүсіпбек еңіреп
тұрып:
- «Жанбауырым, жолдасым! Қош бол. Жасаған алдыңды өзіңе, артыңды бізге қайырлы қылсын. Талаптандың, талпындың, оқып қатарға кірдің. Бұл күнде мынадай мезгілсіз қазаға душар болдың, өкінбе! Ұлтың үшін туып едің,
ұлтың үшін өлдің. Кеудеңде бір-ақ арманың кетті, ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай жазықсыз оққа ұштың. Тым болмаса, ұлтыңның бақытының шетін көре алмай кеттің. Қош, бауырым, жолдасым, қош» деп, көзінің жасын тия алмай, сөзін әзер тоқтатты».

22 жасар Қазының өлімі Алаш азаматтарына ауыр тиеді. Қазы 21 жасында Алаштың атты әскерін қолына алған, шымыр, талапты азамат еді. Қазы өлгенде Алашорда үкіметі оның әйелі мен 1 жасар баласына 7 мың сом ақша беріп, інісіне степендия беріп, жәрдем қылады.

Бүгін– азаттық жолында құрбан болған Қазыны ұмытпайықшы🤲🏻

Ж.Ж

https://t.me/sadaq_zh

3 weeks, 5 days ago

Ертең отан қорғаушылар күні!
Қазақстан-менің жалғыз отаным!

Бұл отанды қорғау-оңай болған жоқ. Осы отанды қорғау жолында 1931 жылы қазақтың байырғы халқының 49% проценті қырылып қалды!

Ежелден таққа таласқан төре тұқымы қазақ даласын тараң-таражға салды. Ақыры өзге елдің қолтығына кіріп, ұлын–құл, қызын–күң қылды!

С. Сәдуақасша айтсақ «Қазақтың бес көсемі: Кенесары, Шоқан, Ыбырай, Абай, Ахмет (Әлихан)» отанын ағырғы сәулесі сөнгенше қорғады. Еліне тұтқа болды, құл болған баласының көкірек көзіне жарық нұрын сыйлады!

Осы отанды қорғау жолында, алғашқы рет «Алаш әскері (халық милициясы, Алаш полкі» құрылып, Отыншы Әлжан, Омар Алмасұлы, Қазы Нұрмұхамедұлы, Хамит Тоқтамысұлы ақпен де, қызылмен де соғысып, ерлікпен өлген-ді!

Алаш деп соққан жүректерге алғыс!

https://t.me/sadaq_zh

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago