Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

dapterone

Description
Нұр-Мүбарак бітіргем. ҚазҰУ оқим. Исламтанушымын. Жандос Қабиден.
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago

1 month ago

«Мың жерден тығырыққа тіреліп, дал болып, тәтті деген тіршілігің қанжылым татым отырса да, күресе бер. Бұл — шым-шытырық тіршіліктің ең бір жұғымды сыбағасы»
📝 Ақселеу Сейдімбек 08.06.72

1 month ago

«Тарихты саясат жасамайды, тұлғалар жасайды»
📝 Мырзатай Жолдасбеков

1 month, 1 week ago

Николло Макиавелли өзінің «Әмірші» еңбегінің кіріспесінде былай жазған:

«Әміршілердің іс-әрекетін мен сияқты төмен, мардымсыз тұлға талқылап, бағыт-бағдар беріп жатса, бұл әрекетті дөрекі санамауыңызды сұраймын. Суретші пейзаж салғанда, төбелер мен тауларды көзімен алу үшін аңғарға түсіп, аңғарды көру үшін тауға шығуы керек сияқты, мұнда да: халықтың болмысын түсіну үшін әмірші болу керек, ал әміршілердің табиғатын түсіну үшін халықтың адамы болу керек».

3 months, 1 week ago

Таразыдан жеу туралы Ернар Мәжен ұстаздың панч сөзі:

«Болашақта балаларымызға математика пәнінде «1 кг = 850 гр» деп үйрететін шығар».

3 months, 2 weeks ago

Бүгінгі «кітап сыйлау» күніне орай «Орамал мен қазақ» кітабын 87776177600 WhatsApp нөміріне алғаш жазған 5 адамға тегін сыйлаймын)

3 months, 3 weeks ago

Сөздерді дұрыс жазу
А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ұсынған «Орфографиялық сөздік» бойынша кей сөздердің дұрыс жазылу үлгісі:

әл-ахуал хал-ахуал
әлдекім әрбір
әр кез әр нәрсе

ешкім ешбір
еш нәрсе еш уақытта
ешқандай кімде-кім
тәжірибе рақмет

5 months, 1 week ago

Қалай емтиханнан жоғары балл алам?

Жазбаша емтиханда қойылған сұраққа тікелей қысқа-нұсқа жауап беру – тактикалық қателік. Өйткені жүйе сіздің жауабыңыздың нақтылығына емес, ұзақтығына қарап бағалайды.

Мысалы, сізге «Тахауи ақидасына жазылған түсіндірме кітаптар» деген сұрақ келді.

Сіз ондайдың екі-ақ түрін білесіз делік. Енді сол екі кітаптың атын ғана жаза салсаңыз, ұстаз сізге төмен баға қоюы мүмкін. Өйткені универ жүйесі сізге жауап жазуға 6 бет берді!

Сол үшін жоғарыдағы сұраққа жауап беруде мына ақпараттарды келтірген дұрыс:

1) Имам Тахауидің ғұмырнамасын баяндайсыз. Ұстаздары мен шәкірттерін, еңбектерін жазасыз.

2) Сол еңбектердің ішінде «Тахауи ақидасы» кітабы жайлы, оның басқа кітаптардан ерекшелігі туралы сөз қозғайсыз.

3) Кейін сол кітаптың сіз білетін екі шархын келтіресіз. Олардың авторлары туралы жеке-жеке ақпарат бересіз.

4) Сосын екі шархтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын келтіресіз. Олар туралы өзге ғалымдар не деген екен – соған мән беріп көріңіз.

5) Біздің оқу жүйемізге екі шархтың қайсысы тиімді екенін тезис түрінде дәлелдеп жазсаңыз болады.

* Құр сөйлемдерді қолдана бермей, әртүрлі кесте, диаграмма пайдалансаңыз нұр үстіне нұр.

5 months, 2 weeks ago

Бисмиллә, баршаңызға пайдалы болсын

5 months, 2 weeks ago

Қосымша мақсұт пайда болды: келесі жинаққа біздің «Орамал мен қазақ» еңбегіміз енетіндей сапалы қылып шығару керек

#орамалменқазақ #алғашқыкітап

5 months, 2 weeks ago

«Орамал мен қазақ» атты тырнақалды туындымыз жарық көреді деп айтқан болатынбыз.

Соған қатысты әпке-қарындастарымыздың хиджаб тағу оқиғаларын оқып жүрмін.

Шынымды айтайын…

Өте қатігез жағдайларға тап болған нәзік жандылардың бастан кешкендерін естіп, қатты қысылдым. Олар көрген тағдыр тауқыметтерінің біріне болсын шыдар ма едім деп ойланып қалдым.

#орамалменқазақ #алғашқыкітап

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago