Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Beisenali Olzhas

Description
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

Әлеуметтік парақшаларым:

Инста: https://instagram.com/beisenali.olzhas
Кітапхана: t.me/mufakkirr
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago

3 days, 7 hours ago

Әлхамдулилля, барлық нәрсе үшін әлхамдулилля)

4 days, 8 hours ago

Айтпақшы, осы семестрде магистратурамның барлық сабақтарын бітіремін. Енді диплом жазу қалды. Ол енді бір жыр болайын деп тұрған сияқты)

Алла сақтасын!

4 days, 8 hours ago

Мынаны сіздер оқып болған соң тағы да бір үй жұмысы туралы жазамын, иншаАлла)

1 week, 3 days ago

Биыл қажылыққа аттанайын деп жатқан жандар бар ма?

Қаласаңыздар сіздерге интенсивті курс ұйымдастырып бере аламын.

Аллаға шүкір, бұл мәселеде теориялық және тәжірибелік біліміміз бар

Курс бойынша +7 707 154 0549 нөмеріне жазыңыз

1 week, 4 days ago

Үшінші ай аптасына 6 күн дәріс алып жүрген шәкірттің өткен айға жазған қорытындысы:

Тағы да бір айдың жоспарын тәмамдадық, Алланың қалауымен. Бұл жолы өткен айлардан қарағанда сабақтар көбірек болды. Жаңа екі пән - сира мен ақиданы қостық. Хадис пен нахвудан бөлім бойынша емтихан тапсырдым.

Жалпы әр ай сайын бір пәнге сәл басымдылық береміз. Осы жолы нахвуға болды. Басында нахвудан жаңа кітапқа үйренісе алмай қиналсамда, көбірек оқи бастаған соң ұнап кетті.

Ақида, хадис, фиқһтан шарх түрінде дәрістер алдым. Лекция түрінде емес, талдау болғандықтан, сұрақ қойып, қажетті жауап алып, теорияны бекітіп отырамыз.
Миым жарылған сабақтар көп болды🔥

Құран, хадис, тахауия мәтінін жатқа тапсырдым (толық емес).

Сарфтан әдеттегідей практикалық талдау сабақтары болды. Оқып шыққан дүниелерді мүлде басқа жағынан танып, нақис жерлерді толтырып жатырмын.

Сирадан да ұстазбен бірге талдап, пайғамбарымыздың (саллялаху алейһи уа саллям ) өмірбаянымен танысып, арабша сөздік қорымды толтырып жатырмын. Тілдік ғибаралары өте жақсы қолданылған кітап болды мен үшін, жүрекке жетеді..

Рахмет ұстаз, Алла разы болсын!

1 week, 4 days ago

Қасиетті Құран - ойланып амал ету үшін түсірілді . Ал адамдар құран оқуды амалға айналдырып алды .

Хасан Аль-Басри
(Рахимаһулла)

2 weeks, 3 days ago

Бір кісі көп сөйлейтін адамға былай депті:

“Біз екеуміз ешқашан келісе алмаймыз. Сен үндемей отыра алмайсың. Мен болсам, сені тыңдағым келмейді”.

2 weeks, 4 days ago

Зорлық қандай жағдайда болмасын – зорлық. Ешкім ешкімге қол көтеруге ақысы жоқ. Бізде заң бар, шариғат бар. Ал “самосуд” рұқсат емес

“Дұрыс болыпты” дегендерді түсінбеймін. Надандық па, басқа ма білмеймін

Мен анау ахиды да құптап тұрған жоқпын. Бірақ бұндай ихтиләфи мәселелер күшпен шешілмейді.

Шейх Саид Фуда айтпақшы, адасқан топтарды қамап, оларға тыйым салып мәселені шешпейсің. Ғылыми алаңға шығып дәлелдеу керек.

Өкініштісі, біздің жамағат ондай деңгейге әлі жете қойған жоқ. Жамағатты қойшы, кейбір молдекеңдер сондай төмен дәрежеде

2 weeks, 5 days ago

Құранның сүрелері меккелік және мәдиналық болып бөлінеді.

Меккелік сүрелер – ақида, сенім, таухидті қамтыса, мединалықтар – әдеп, тәрбие, фиқһи үкімдерді қамтиды.

Бұның сыры – Алла Тағала мұсылмандарға алдымен дұрыс сенімді үйретіп, кейін оларға ең керемет тәрбие берді.

Біз болсақ, балаларымызға "намаз оқы, Құран жатта, бүйт-сүйт" деп айтамыз. Алайда балаларымыз оны не үшін жасайтынын білмейді, жәннәт пен тозақты, Алланы танымайды. Сол себепті шариғат амалдарын ауыр көреді.

Алайда Алла Тағала алдымен Меккелік мұсылмандарға имани тәрбие берді. Оларға ақыретті, өлімнен кейін тірілуді, есеп-қисапты айтты. Ал Мединада оларға жұма, ораза, зекет, қажылық секілді шариғи үкімдерді жүктеді, харам тағам мен ішімдіктерден тыйылуды бұйырды.

Сондықтан, балаларымызға алдымен дұрыс ақиданы үйретуіміз қажет. Одан кейін шариғи міндеттерге бұйырамыз.

П.с. Ал дұрыс ақиданы үйрету үшін, сол дұрыс ақиданы үйрену керек)

3 weeks, 3 days ago

Не оқитынын білмей жүргендер болса

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 month, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 week, 3 days ago