Абылай Кенжалы

Description
ислам, ойлар, аударма
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago

5 days, 20 hours ago

«Ей, адам баласы! Жасаған күналарың тіпті аспандағы бұлтқа жетіп, бірақ Менен кешірім сұрасаң, Мен сені ешнәрсеге де қарамай кешірер едім…»

(Құдси хадис, Термизи📚)

Алланың мейірімі сенің күнәларыңнан да аса шексіз екенін сезін. Күнә жасап қойсаң, тәубе ет. Аллаға қайта орал. Намазыңды тастасаң, қайта баста. Орамалыңды шешсең, қайта ки. Құранның бетін ашпай кетсей, қайтадан оқып баста. Аллаһ сенің тәубеңді күтеді.

1 week, 1 day ago

Лауазым ешкімге мәңгілік емес...

Кез келген себеппен жағдай өзгеріп, өз орныңды босатасың, ал адамдар сені тек жасаған істерің арқылы ғана еске алады.
Не саған дұға етеді, не қарғыс айтады.
Сондықтан адамдар саған қорыққаннан немесе көзбояушылықтан емес, шынайы сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауы үшін әрдайым ұмтыл.
Лауазым адамды қалыптастырмайды, керісінше, адам лауазымды қалыптастырады.
"Өзіңнің айналаңдағыларға үлгі бол!"

© Шейх Юсуф Хаттар

1 week, 2 days ago

«Ризық кілттері» кітабын алу үшін.

https://wa.me/message/UE24VDKS3I66F1

Соңғы 300 данасы қалыпты.

2 months, 3 weeks ago

– Неге орысша немесе басқа тілдерде дағуат жүргізбейсіз?

– Қазақша сөздердің өзін қазақтарға әрең түсіндіріп жатырмыз. Басқа тілді кейін😁

Сараң деген кім? Өзекті деген қалай? Ептеу деген не? Селқос дегенді түсінбедім.

Арасында тым болмаса қазақ әдебиетін емес, қазақ ертегілері кітаптарын оқып тұрсақ хайырлы болар еді🥲

2 months, 3 weeks ago

Қазіргі таңда ең көп мән беретін тақырыптарымыз:

“шығындарыңды есепте, қаражатты ақылмен жұмса, импульсивті сауда жасама” және тағысын тағы.

Назарымыздың басым бөлігі ақшаны жұмсауға қатысты.

Ал дінімізде “Ақшаны қайда жұмсадың?” деген сұрақтан бұрын “Ақшаны қайдан әрі қалай таптың?” деген сұраққа көбірек мән беріледі.

«Адалынан тауып жүрмін бе, ешкімнің ақысын жеп қоймадым ба, саудаға өсім араласып кетпеді ме, тауарға лайық емес мақтау сөздерді қосып айтып, сатып жібермедім бе?» – деген сұрақтармен де жұмыс жасау қажет.

2 months, 3 weeks ago

Күндердің күні мына бір нәрсені түсіне бастайсың:

Егер Алла сені сол кездерде өз таңдауларыңа қалдырса, сөзсіз құрдымға батар едің.

Алайда Алланың саған жасаған таңдаулары қайырлы болды…

©️Әл-Ғәнзи

2 months, 4 weeks ago

Не екенін түсінбедім. Бірақ премиумы бар тұлғалар дауыс басыңыздар)

2 months, 4 weeks ago
2 months, 4 weeks ago

Мақсаттарың жүрегіңді қайната ма?

3 months ago

Жүректегі кібірі жазбаларынан көрінетін жандар…

Кейбір жазбагерлер бар. Өзі құдды идеал, басқалары жаман. Өзі құдды ғалым, өзінен басқалары шала білімді надан. Өзінің ұстазында ғана “ақиқаттың” кілті бар, басқалардың ұстазы “кім еді ол сонша?!”

Өзі басқаны сынағанда алдына жан салмайды. Өзін сынай қалсаң, қара қаны басына шабып, өзіне ұнамағандарды қара тізімге тыға бастайды. Өзі ғана Алла үшін қызмет етіп жүрген құдды ықыласты бір “мухлис”. Басқалары дүние үшін қызмет етіп жүрген, ықылассыз бір риякер. Өзі құдды қоғам үшін шыр-пыр болған дара тұлға. Басқалары тұрмыс үшін ғана шырылдап жүрген біреулер.

Ақиқатында ол, көзін шел басқан бір надан. Шәкірттері: “Уа, ұстазым!” деп әсірелеп жібергенін көтере алмай қалған бір жарықтық. Іліп алар білімі де, ере қояр даналығы да, үлгі алар әдебі де жоқ бір бейбақ. Қошеметке алданды, өзін ғалым сезінген бір надан болды да қалды.

Тәкәппарлықтың буы көкірек көзін соқыр етті. Сөйтіп одан дос та, шәкірт те, басқалары да баз кешті.

Ойындағы шашыраңқы сан-саққа жауап таба алмай, өзінің рахатын, басқаның тыныштығын бұзудан іздеп жүрген бейшара бір пенде болып қалды. Өзі туралы айтса ешкімге қызық емес. Басқа туралы айтса бәріне қызық екенін білді. Внимание жетпеудің зардабы осы болды.

Осындай сипатта болып қалудан сақтана біл.

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago