bahara yolculuk🌱

Description
Шәй ішіп отырып, әңгіме айтайық🫖☕
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 7 months ago

💔

1 year, 7 months ago

*4️⃣ *Ыдырыс пайғамбар - даналық пен ілімнің белгісі.

Ыдырыс пайғамбардың бір күнде жасайтын құлшылығы - бүкіл адамзаттың бір күнде жасайтын құлшылығынан да көп делінеді. Ислам дінінің өзегі - ілім, өйткені ең алғашқы аяттың өзі “Оқы” делінген. Ал пайғамбарлардың жалғыз мирасқорлары - ғалымдар. Содан соң Ыдырыс пайғамбарды да жұмаққа кіргізеді, бірақ ол сонда қалды. Ал Пайғамбар с.а.с.-ға осы сапарда қалу ұсынылғанда, ол “Үмметім” деп қайта келді.

*5️⃣*Харун пайғамбар - жұмсақтық белгісі.

Харун пайғамбар жұмсақ еді, сол секілді Пайғамбар с.а.с. да адамдарға жұмсақ еді. Тіпті Ухудта жеңіліске себеп болған садақшыларды да айыптап ештене айтпайды. Ол жұмсақ болмағанда, сахабалар сондай ұлы деңгейге жетпес еді. Ислам діні де - жұмсақтық, бұл дінде зорлық жоқ.

*6️⃣ *Муса пайғамбар - ақиқат үшін күрес пен қиындықтарға қарсы сабырдың белгісі.

Муса пайғамбардың өмірі күрес пен қиындықтарға толы. Сол секілді Пайғамбарымыз с.а.с.-ның да алдағы кезеңде қиындықтар мен күрестер көп болатынына ишара болғандай. Муса пайғамбар яһудейлерден жаңа бір буын өсіріп шығарды, ал Пайғамбарымыз с.а.с. жәһил бір қауымнан жаңа бір үммет жұлдыздарын өсіріп шығарды.

*7️⃣ *Ибраһим пайғамбар - Аллаға толық мойынсынудың белгісі.

Ибраһим пайғамбар Алла жолында барлығын (алдымен отқа түсу арқылы өзін, сосын туған жері болған мекенін, сосын Меккеде әйелі мен баласын, сосын түс көрген соң баласын) құрбан етуге дайын болды. Сол арқылы Халильуллаһ дәрежесіне жетті.
Пайғамбарымыз с.а.с. да өзін Аллаға толық арнағаны сондай, ешбір жаратылыс жетпеген Сидротуль-Мунтаһадан ары қарай болған дәрежеге жалғыз жетті.

1 year, 7 months ago

Бүгін Қасиетті Миғраж түні****
Қасиетті Миғраж сапарында Алла Елшісі с.а.с. Сидротуль-Мунтаһаға жетпес бұрын 7 қат көктің әрқайсысында бір пайғамбармен жолығады.

Бірақ неліктен именно сол пайғамбарлар болды?! Мұның да бір өзіндік хикметі бар:

1️⃣Адам пайғамбар - бірлік пен бір үмметтің белгісі.
Адам пайғамбар барша адам баласының атасы, яғни тек белгілі бір қауымға ғана емес, сол кездегі барша адамзатқа жіберілген пайғамбар. Дәл сол секілді Пайғамбарымыз с.а.с. да барша адамзатқа пайғамбар боп келген еді. Сонымен қатар, Адам ата қалайша өз мекенінен айырылған болса, Пайғамбар да өз мекені Меккеден кеткелі тұр еді.

2️⃣Иса пайғамбар мен Яхья пайғамбар - тазалық пен шынайылық белгісі.
Бұл пайғамбарлардың негізгі сынағы - яһудейлер болды. Яғни Пайғамбарымыз с.а.с. да Мединеге көшкен соң, ең көп сыналған адамдарының қатарында яһудейлер де болды.
Бұл пайғамбарларды өз жұрты өлтіргісі келді, дәл солай Пайғамбарымыз с.а.с.-ды да өз жұрты өлтіргісі келгендігі бар.
Одан соң Иса мен Яхья пайғамбарлар - тазалықтың символдары еді. Яғни Ислам діні де тазалық пен шынайылыққа толы болуы тиіс.

3️⃣Юсуф пайғамбар - сабыр мен кешірімділік белгісі.
Қалайша Юсуф пайғамбар өз бауырларының қолынан жапа шеккен болса, Пайғамбарға да ең көп қарсы шыққан өз бауырлары еді. Алайда Юсуф пайғамбардың қаншама сынақтардан соң, қиссасы әдемі біткені секілді, Пайғамбардың сирасы да сол секілді әдемі бітуіне ишара еді. Пайғамбар с.а.с. да Мекке алынған сәтте, Юсуф пайғамбар секілді кешіре білді.

1 year, 9 months ago

Önemli insanlar aklımızda,
Sevgili insanlar kalbimizde,
Bizim için kıymetlileri ise dualarımızda.
Маңызды адамдар ойымызда,
Сүйікті адамдар жүрегімізде,
Біз үшін қымбаттары болса дұғамызда.

1 year, 9 months ago

Мені сынаудың не керегі бар?!

Әр адамның бойында Алла дарытқан жауһардай асыл қасиеттер бар! Бірақ олардың ашылуы үшін, адамның бір дәрежеден келесі дәрежеге өтуі үшін определенный сынақтар қажет!

?Сынақтар:
1) Бір сабақты меңгерген кезде, одан не қорытқанын білу үшін
2) Бір сыныптан (дәрежеден) келесі сыныпқа өтуі үшін
3) Әбу Бәкірлердің Әбу Жәһилдерден айыру үшін
4) Еңбектің жемісінің дәмін сезіну үшін
5) т.б. сансыз хикметтері бар

Ал комфорт зонада сынақ болмайды - өйткені комфорт зонаның өзі бір сынақ.

?Адам баласы комфорт зонада кезде бойындағы “Халифалық потенциал” ашылмайды.

?Өйткені атасы Адам а.с. да Жәннатта жүрсе періштелермен тең дәрежеде жүре берер еді, бірақ бойындағы “Халифалық потенциал”-дың ашылуы үшін жер бетіне жіберілуі керек болды!

?Кеме портта тұра берсе қауіпсіздікте болады, бірақ кеме ол үшін жаратылмаған! Адам да…

1 year, 10 months ago

Баладан үйрен!

?Әкесі баласын қолына алып, аспанға лақтырғанда, бала қорықпайды. Өйткені бала әкесіне сенеді, әрі әкесінің өзін қолына қағып алатынын біледі. Сол себепті де ол қорқып жыламайды, қайта күледі, қуанады.

?Сен де әкесіне сенген бала секілді Раббыңа сенсең, онда Ол сені сынағанда қорықпайсың. Қайта Оған сеніп, Оның сені құлатпайтынын іштей сезінесің! Жыламайсың, күлесің, қуанасың.

?Періштедей күнәдән пәк болған балаға үйретеріміз емес, үйренеріміз көп-ақ.

1 year, 10 months ago

Кезінде түрікше мелодия тыңдап отыратын түрік ағайларды түсінбейтін едім)

1 year, 10 months ago
1 year, 10 months ago

Маған қай іс оңай?

?Алла Тағала әрбір құлына индивидуально қарайды. И сол себепті де әрқайсысын өз ерекшелігімен жаратқан.

Әр адам баласының бойында өзіне жақын, оңай келетін бір кәсіп, іс болады. Әрі Алла Тағала да сол ісіне берекет салып қояды.

?Қасиетті Құран Кәрімде Дәуіт пайғамбар туралы “Сондай-ақ ол үшін темірді жұмсарттық” (34:10) делінеді.
Яғни Дәуіт пайғамбар ұсталықпен айналысқан, әрі оған ол іс оңай келген.

?Ал кейбір адамдарға тіл үйрену жеңіл келеді. Пайғамбарымыз с.а.с. Зайд ибн Сабиттің зеректігін байқап, оған тіл үйрену керектігін айтады. Қысқа уақыттың ішінде бірнеше тіл үйренген бұл сахаба кейін Пайғамбар жанында хат жазушы болып қызмет атқарады.

Бірақ бұл “егер қиын болса, тастай сал” дегенді білдірмейді.

?Тек болашаққа іс таңдар жандарға “Алланың бойыңызға дарытқан, сізге оңай болған ісімен айналыссаңыз жақсы болады” дегім келеді.

1 year, 10 months ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.