жасырын жаңбыр

Description
көңіл бөлмейтін ойлар.
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 month, 1 week ago

Сенің сұлулығың Sparks әуеніндей таңғажайып әрі сиқырлы. Сенің бейнең жүрегімде жұлдыздай жарқырап, сол бір ерекше Sparksты оятады. Әуен сенің жан дүниеңнің тереңдігін көрсеткендей, мені өзіне баурай түседі. Сенің нәзіктігің сол ұшқынмен бірге үйлесіп, менің жүрегімде шексіз әсемдікке жол ашқандай. Sparks әуенінде сенің сұлулығыңның сыры жасырылғандай, әрбір нотасы саған деген махаббатты күшейтеді.

1 month, 4 weeks ago

“Веном: Соңғы би” мен “Жабайы робот” көруге ұсынамын. Қазақша дыбыстамада көріп, өзіміздің тілімізді, дыбыстама индустриямызды қолдайық;)

2 months ago

оның сұлулығы қоңыр-көк тұманды кеш секілді. әр сәті жұмбақ, бірақ тыныштық пен тереңдікке толы. тұман арасындағы нәзік үйлесімдей, оның сұлулығы бірден байқалмаса да, жан дүниеңді баурап алады. жұмсақ, бірақ шексіз тереңдікке тартатын сұлулық.

4 months ago

кейде, ауылдың өміріне қатты қызығам.
бала күнімдегі жазғы ауылды жаным қатты аңсайды. бетіме қонған шыбынды ұрамын деп, өзімді ұрып оянатынмын. ояна сала, анам салқын айранға нан салып, оған шекер қосып, таңғы асымды дайындап беретін. кейін, далада тұрған қолжуғышқа бөшкеден су құйып, жуынып алатынмын. күннің қатты ыстығына қарамай далаға шығып, ойнап кететінмін. ауылда мен ойнамаған жер қалмаған. жалаң аяқ көшеде жүре беретінмін. жер өте ыстық болатын. үйден 100 теңге алып алып, 80 теңгесіне 0,5 алма HOLIDAY (қазір бұл сусынның алмасы жоқ, әлі күнге дейін іздеймін) алатынмын, қалған 20 теңгеге 4 канго сағызын. көшеге шықсам болды, анаумен шығасың ба, мынаумен шығасың ба басталатын. сөйтіп бір-екі баланың мұрнын бұзбай қайтпайтынмын. кеш құрым далаға кілем жайып, оның үстіне көрпелер төсеп, тамақ ішетінбіз. сөйтіп, тамақ ішіп жатқанда жаңағы мұрны бұзылған балалардың әжесі келіп, айқайлап кететін. кейін, сол жерде масаға таланып, қарбыз-қауын жейтінбіз. одан соң масахана құрып, шегірткелердің шырылы мен иттердің үргені, мысықтардың төбелесін, көшедегі ішіп алған ағанын әйеліне деген өкпесін естейтінмін.

4 months ago
4 months ago

сен өте сирек субстанциясың.

дүниедегі ең қымбат зат антидене болып, ол тек Адрон коллайдерінде кездессе, сен шынайы менің жүрегімде ғана кездесесің. антиденені сақтау мүмкін емес, басқа материямен байланысса өзін жойып жібереді. сен де сондайсың, бірақ біз бір материяданбыз.

4 months ago

2007 жылдарда жасым 27 де болғанда, мамырдың қатты құйынды жаңбырында өзіңмен телефонды кабинада кездескім келген. бірақ жасым 27 ге енді толады, сосын қазір ондай кабиналар жоқ. сосын 2024 жыл.

4 months ago

бізге көлеңке болған жапырақтар сарғайып түсуде. оларға да махаббат керек.

4 months ago

сенсіз байлықта да кедеймін.
сенімен кедейлікте де баймын.

4 months, 2 weeks ago
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago