сыбырла

Description
қою көфе табынушысы
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago

4 days, 9 hours ago

Дархан Әбдіктің ойларының өзегі осы кісіде секілді

Көрген, білгені көп адамнан нашар адам дүниеге келмесе керек-ті

өзгелер енді айтып жүрген адамзаттық деңгей мен адамның ішкі арпалысын Төлен атам баяғыда қаузап тастағандай

сол үшін де краш, сол үшін де сүйім💚

6 days, 14 hours ago

хаосты сезіп жүрсіңдер ме?

сатира — қылмыс болып кетті, қолдап шыққанның бәрі темір торға кетіп жатыр

азық-түліктің бағасы аспандап кетті
5 кг- нан артық картоп сатылмайды дейді. Халықтың ең сүйенетін азық-түлігі нан мен картоп сосын макарон ғой.

біздің халық азық-түлікті бөліп төлеуге алып жүр. Бұл дегеніміз алатын айлық шайлықты жаппайды деген сөз. Онсызда тек көмірсу тұтынады. Ақуызы мол, дәруменге толы тағамдарды қалта көтермейді. Содан аурушаңдық та өсе береді.

жеңістің 80 жылдығын биыл біздің ел дүркіретіп өткізгелі жатыр екен
ана жолы “әскери ауруханаға” барғанда профессор апай растап берді
бұл жеңіс біздің жеңіс пе еді?

салынып жатқан айыппұлдың мөлшерінде есеп жоқ

міндетім адам емдеу болса да басшыға бас изеп бағынатын, құлдық ұратын мекемеде жұмыс істегім келмейді

не өнерде, не сөзде еркіндік жоқ
өз көлеңкемізден өзіміз қорқып өмір сүреміз бе
мойнын салбыратып жайыла беретін қойдан не айырмамыз қалды ?

6 days, 17 hours ago

еркіндікке керек теңдік

1 week, 6 days ago

ақыл мен жүректің біреуін таңдау деген түсінік жоқ
ақылда нұр болса, нұр ешқашан жауыздық жасамауы керек
ал, жүрек тек сезінбейді және қан айдамайды ол ойлана да алады
ойланатын жүрек, иә ойланатын жүрек

2 weeks, 2 days ago

мүмкін ол шынымен де балыққа айналып ақ кемеге жетіп, әкесін көрген шығар…
бала жүрегі алданбаса, қу дүние жойып жібермейтін болса қандай әдемі болар еді

ол екі ертегі білетін.

2 weeks, 2 days ago

“Аналық сезім деген бөлек”,-дейді ол
мен де оған “өте әдемі анасың” ,-дегім келді

2 weeks, 2 days ago

бізде әйелдер үлгі болуы үшін:
ажыраспаған, 4-5 баласы бар, енесін сыйлайтын сөйте жүріп ғылым не біліммен айналысқан болуы керек, оған қосып күйеуіне тамақ әзірлеп, аяғын сипап отыратын болса тіпті сүйкімді
қоғам әйелден робот болуды талап етеді…

2 weeks, 2 days ago

“жүрегі барлар сөйлесін”,- деді
ал менің сөйлегім келсе де үнім шыққан жоқ…

2 weeks, 3 days ago

сосын соңғы кезде тек сорпа ғана қуаныш сыйлайтын болған
әй, осы мен қартайдым

2 weeks, 3 days ago

көнтент жасаймын деп тик-ток ашқам, дым жақпады
инстадан да қызық кеткен сияқты, бұрынғыдай тартпайды
әлемжеліден дәм кетті ме, мен қартайдым ба

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 month, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 2 months ago