Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.
👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Last updated 1 month, 2 weeks ago
https://qaraozek.uz
https://youtube.com/channel/UCciJD2dexkmrWHcvaonwKDQ
https://www.instagram.com/qaraozek_rayoni_hakimligi?igsh=MW5sNjcyZzB5MnI0NQ==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61560591980198
@Qaraozekhakimligi_bot
Last updated 1 day, 18 hours ago
Swiftте жазылған жаңа Telegram for iOS клиенті кеше жарыққа шықты. Usability жоғары деңгейде, бірақ қолданушылардан шағым түсіп жатыр екен (аппақ экран көрсетіп, жабылып қалады).
Сондықтан, жаңа 5.0.8 клиентіне көшпей тұрыңыздар!
Ал десктоп-клиентте жаңа мәзір ? Скролл азайтылған, мәзір пункттері топтастырылған. Бір-екі чат аясы (chat themes) қосылған.
Telegramдағы эмигрант-авторлар қайда жүр?
Өзге елге қоныс аударып, тұрмысы және басқа да қызықты деректер туралы жазатын эмигранттардың Telegramдағы каналдарының тізімін @Grabovvski Хабрахабрда жариялады.
Эмигранттардың басым бөлігі Европа елдерінде тұрақтаған екен. Азияның жылы аймақтары мен Солтүстік Америка, Австралия, тіпті Африкада жүргендер баршылық.
Ал Сіз қай елдесіз деп сұрамай-ақ қояйын, сілтеме бойынша өтсеңіз болды.
Хабр
Эмиграция и всё о ней в телеграм-блогах
«Хорошо там, где нас нет» — думают многие и годами живут на одном и том же месте. Но мир слишком разнообразен, чтобы всю жизнь провести в одной стране. Карта к...
Telegram Open Network (TON) жарыққа шығуына аз уақыт қалды. Ал Сіз әлі оның не екенін білмейсіз бе? Онда тез арада төменде тіркелген оқулықпен танысыңыз! Себебі, алдағы уақытта TON жайлы посттар көбейеді, бізбен бір арнада болыңыз.
Оқулық EPUB форматында (pdf формат), мазмұны бойынша ыңғайлы навигациясымен? Мен андроидта Lithium EPUB Reader пайдаланамын.
Telegram
.
2010 жылы Instagram компаниясының негізін қалаған Кевин Систром (CEO) және Майк Кригер (CTO) өздерінің кететінін мәлімдеді. Себебін айтпады, тек кішкене демалыс алып, кейін жаңа жобаларға кірісетінін жеткізді.
WhatsAppтың негізін қалаушылар да біртіндеп ыдырап жатыр. Енді Цукербергтің өзі кеткені қалып тұр. Марқұм Джобстай қатерлі ісігі жоқ, Билл Гейтс сияқты жасы келіп қалған жоқ, бірақ менің ойымша Facebookтың дәмі кетті. Оның үстіне Возняк, Пол Аллен, Николай Дуров сияқты көлеңкеде қалып қоймайды, өзі ботан, өзі шеф боп жүріп, кез-келген жаңа жобаны танымал ете алады.
Тақырыптан ауып кеттік-ау деймін. Менің байқағаным, Telegram Instagramдағы видеоларды сілтемесі жолданса болды, бірден Telegramға жүктеп алады екен. Youtube, Vimeo болса видео жүктелмейді, қосымша терезе ашылып көрсетіледі. Facebookтан видеоның сілтемесін алу қиын. Вконтактедегі видеоны көру үшін VK-ның сайтына өту керек. Бәрібір де @SaveVideoBot арқылы кез-келген интернет-ресурстағы видеоны жүктеп алуға болады.
Mike Krieger
@kaitlyn and I dancing it up at the #instyleglobes party after the Golden Globes. The whole event was amazing but @Oprah absolutely stole the show.
Telegramда белсенділік көбейе бастады
Кітаптар туралы ең ірі қазақша каналдың бірі (~1,7К) иесін ауыстырды. Ал тағы осындай бір каналдың админы Telegramға кірмей жүрген соң аккаунты жойылып, каналға иеліктен айырылып қалды. Өз басым @qamba_bot пайдаланамын, каналдарда кейде кітаптың аты толық көрінбейді, бір жібергенде бес-алтауын бірден жіберген соң, біртіндеп ашып отырғым келмейді.
Telegramдағы саясат туралы екі ірі каналдардың авторлары Tengrinewsқа сұхбат берді. @yyedilov "Менде барлық шенеуніктер туралы big data бар, кіммен кім жұмыс істескенін білемін, барлық "командалық ауысуларды" болжай аламын" дейді. Егер бір адам барлық шенеуніктер туралы мәліметті білсе?, не салмақты шенеуніктер өте аз, не Ерекең қатты кірісіп кеткен.
Алибеков Telegramдық ZTB ашпақшы. Атауы бірақ келіспей қалған, "НЕХабар". Өзім Хэкс абар деп оқыппын басында (фронтендшілер түсінеді). Ашылғаны кеше болса да, қазір 1К қатысушылар жинап үлгерді. Алибековтың өзі мен Елікбаев сілтеме жасаған соң оңай ма? Бір қызығы, алдын бұндай канал болған. Оның атауы nehabarkz еді. Сол бір постының астына өзінің каналына сілтеме жасаймын деп, t.me/nehabar.kz деп жазыпты да инстадағыдай. Сонымен Алибековтың каналы ашылмай тұрып, жылдың басында сілтеме жасап қойыпты?
Мұрат Насыровтың өлеңін жаттап алып, айтып жүретін едім баяғыда "Лето прошло и наступииили холода" деп, біздің жағдайда жаз бітіп, холода емес, нағыз қызу белсенділік келе жатыр, менің каналымды жоғалтып алмайын десеңіз, жоғарыға бекітіп ? қойыңыз. Каналдар көбейіп кетсе бір жерден бақылау үшін Junction бот бар ғой.
Қазақ тілді Telegram
Жақында Telegram Analytics сервистерінде қазақ тілді 162 канал тіркелгенін айтқан еді. Тізімін алдыртып, санап шыққанымда, оның 21-і канал емес чат, тағы 21-і қазақ тілді емес екені анықталды. Қалған 120 канал бойынша кішкене статистикалық мәлімет жүргізсем:
Жартысынан көбінің (58%) қандай категорияға жататыны белгіленбеген. Сіздер үшін мен белгілеп шықтым (шын мәнінде статьяға керек болды). Егер категория дұрыс таңдалмаған десеңіздер мына чатта жазыңыздар.
Telegramдағы басты контент тексттік болғандықтан "Блог" категориясы каналдар саны бойынша ең үлкені (31 канал, 26%). Одан кейін тағы да тексттік контент болып саналатын "Жаңалықтар мен БАҚ" (19, 16%). Үшінші орында "Музыка" (17, 14%), төртте "Білім" (12, 10%).
Басқа елдермен салыстырсақ:
Россияда "Блог" - 1, "Бизнес" - 2, "Әзіл" - 3, "Крипта" - 4
Украина "Жаңалықтар", "Блог", "Білім", "Әзіл"
Өзбекстан "Сауда", "Музыка", "Әзіл", "Жаңалықтар"
(өзбек және араб тілді каналдарға күмәнмен қараймын, себебі, олар категорияны дұрыс таңдауға мән бере бермейді)
Қазақ тілді каналдардың қатысушылар санының орта есебін алғанда "Музыка" және "Білім" категориялары ерекшеленеді. Бұған себеп қазақ тілді екені күмәнді "Гәкку" каналы (канал сипаттамасы қате толтырылған, "тұсаукесер" дегеннен басқа қазақша сөз жоқ ) және бір білім ресурсына бірнеше каналдар (6) ашқан "Ұстаз" сайтының каналдары.
Қатысушылар саны 20K - 1 канал (0,83%), 1К-10К аралығы - 21 (17,5%), бес жүзден мыңға дейін - 24 (20%), жүзден бес жүзге дейін - 61 (50,8%), жүзге дейін - 13 (10,8). Telemetr сервисінде қатысушылары 500-ден төмен каналдарды елемейді?
Осымен статистика да бітті негізі. kaz.tgstat.com сайтында аптасына 500-дей ғана "униктер" болады екен (оның 4-еуі мен), сондықтан канал админдерін Telegram Analytics сервисін белсенді қолдануға шақырамын. Каналға @tg_analytics_bot қосып алыңыздар, сервиспен синхрондалу жылдамырақ болады. Жарнама бағасын қойыңыздар, сайтта да хаттар қабылдауға болады.
Бірақ ең бастысы контентке бар күштеріңізді салыңыздар. Telegram тақырыбындағы қазақ тілді каналдарға қарап қарным ашады. Ең болмағанда қатесіз жазуға болады ғой. Telegram WhatsApp емес, постты өңдеуге болады (ботпен жолданса 6 айға дейін өңдеу қолжетімді).
Бүгінгі постқа сурет тіркелмейді. Оның орнына қазақ тілді каналдардың тізімі жазылған (сілтеме, қатысушылар саны, категория) Excel файлды тіркеймін, диаграммаларды өз қалауларыңыз бойынша жасап аласыздар.
Telegram
.
Telegram iOS клиенті Swift тілінде қайта жазылып шығады
Осы жайлы Павел Дуров өзінің Telegramдағы аккаунтында жариялады. Swift тілінде жазылған Telegram X for iOS клиенті қаңтардан бері AppStoreде жатыр. Енді негізгі клиентті де бір-екі апта көлемінде Swiftке ауыстырмақшы.
Жаңа клиент қазіргіден де жылдам, жеңіл, ыңғайлы, iPhone қуатын тиімді үнемдейтін болады екен.
Астана қаласы әкімшілігінің кеңесшісі Жихорь Юлиана Евгеньевна "Астана әкімшілігінің Telegramдағы каналына шақырамыз. "Акимат Астаны" деп аталады деп каналдың емес боттың сілтемесін жіберді ??♂️
Қателесіп кеткен шығар бот пен каналдың сілтемесін шатастырып деп ойлаған едім, жоқ, бот жаңалықтар жіберіп жатыр. Facebookтағы аккаунтымды өшіріп тастаған едім, Юлиана ханымның Телеграмдағы аккаунтын кім біледі, айтып жіберіңдерші, кеңесшіге кеңес беріп жіберейін.
"Код Дурова" кітабына review
Кітап расында да ерте жазылған, ауқымы да өте аз. Жатар кезде кірісіп, түн ортасында ойламаған жерден бітіп қалды. Вконтактеге талас басталып, ОМОН мен гопниктер, одан қалса Назарбаевтың қауіпсіздік қызметі Дуровтың үрейін алып жүрген кезде. Автор кітабын ағылшын тілінде New York Times баспасында жарық көрген мақаламен аяқтаған.
Дуровтың жобаларының барлығы бірдей, тек жүзеге асырылуы әртүрлі сияқты. Durov.com, spbgu.ru, vkontakte.ru, Telegram - бәрінің мақсаты қолданушылар арасында ақпарат алмасу. Ал жобаның танымалдығын көтеру үшін әрдайым жақсы өнім жасауға тырысқан. Либертариандық көзқарастар, сөз (немесе ақпарат) бостандығы, әдейі көпшілікті дүрліктіретін тақырыптарды қозғап, хайп көтеріп назарға іліну осы жобалардың барлығында бар.
Автор жазушыдан көрі көбірек тілшіге ұқсайды. Жазушылар бір затты сипаттағанда, түсіндіргенде он параққа созатынына етім үйреніп қалған, ал автор кітап емес журнал/газет немесе интернет сайтқа материал жазып жатқан сияқты. Оның үстіне техникалық бөлігін қатты түсінбейтіні (Ruby on Railsты бағдарламалау тілі дейді) немесе ұғымдарды ауыстыруы, яғни, Дуров өзге адамдардың идеясын жақсарта біледі, ондайларды tweaker (жақсартушы) деп атайды деп жазған. Жаңа термин болған соң аудармасын таба алмаған шығармын, алайда инеге тәуелділер арасында tweaker деген өте белсенді (жыныстық қатынаста да) адамдар екен.
Кітап қазір өзектілігін жоғалтқан, осыған байланысты оқуға кеңес бермеймін. Тарихи мәліметтер керек болса Wikipedia жетіп артылады. Ал Вконтакте сияқты әлеуметтік желілер - кешегі күнде қалып қойды. Интернет-форумдар және файлхостингтермен бірге. Ақпарат алмасудағы тренд - мессенджерлер. WhatsAppқа Facebook, WeChatқа қытай билігі қолдау көрсетіп отырғандықтан қолданушылар саны жағынан басым, Telegramда белсенді қолданушылар аз болғанымен де TON жобасының арқасында әлі-ақ жаппай қолданысқа енеді деп сенемін.
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.
👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Last updated 1 month, 2 weeks ago
https://qaraozek.uz
https://youtube.com/channel/UCciJD2dexkmrWHcvaonwKDQ
https://www.instagram.com/qaraozek_rayoni_hakimligi?igsh=MW5sNjcyZzB5MnI0NQ==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61560591980198
@Qaraozekhakimligi_bot
Last updated 1 day, 18 hours ago