ҚЫРЫҚ БІРІНШІ ҮЙ

Description
Қыздарға қырық үйден тыйым болса, 41-үйдің әңгімесін тыңдайық:)
We recommend to visit

Подписаны 12 ваших друзей...

Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨

По рекламе: @VSOB63

Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda

№ 4942621747

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 2 months, 1 week ago

4 weeks, 1 day ago

Кез-келген адамның денесі сіз үшін жабық зона болу керек!
Сіздің денеңіз де, біреу үшін жабық зона!
Қоғамдық орында, басқа жерлерле шу шығаруға, денеңізді қорғауға ұялмаңыз.
Мен бір рет автобусқа мініп, орын болмай тұрып тұрған кезде, бір жігіт жабысып, қасыма келіп тұрып алды. Автобус лық толы емес еді, ол артымнан сүйеніп, жабысып тұр. Бұрылып бүкіл автобустың көзінше “Ты можешь встать дальле а не прижиматься ко мне своим одним местом, столько место в автобусе, нет нужно сзади встать” деп айқай салғанмын.
Осындай сәттерде, қыздар ұялады. Неге? Себебі біздің басымызда “границы моего тела”, “мынау харассмент” деген түсініктер жоқ. Тіпті біреуді айтар алдында оның жасаған әрекеті харассмент па жоқ па анықтай алма жатамыз.
Осындай кезде, одан да “сіз қателесіңіз, сіз истеричка болып көрініңіз, бірақ өзіңді құтқарып қалыңыз деп айтқым келеді.

4 weeks, 1 day ago

Негізі, әйелдер тарапынан кішкентай ұл балаларға да харассмент жасалады. Сообщение жазып, номерін сақтамайтын шығар, бірақ
Мамаңның құрбысы, не алыс тәтелер үйге келіп, сол үйдің кішкентай ұлдарына “Что за жених растет?”, “А девочки уже есть”, “Я сама бы тебе подождала”, “Я бы сама за тебя вышла замуж” деп, одан қалса еріндерінен сүйіп, ұятты жерлерін ұстап, тиісетін әйелдер қаншама. Еркектер де.
Кейбір адамдардың өмірінде бұл нормальный қарым-қатынас. Бірақ, ол қарым-қатынас ол балаға қатты әсер етеді. Өз денеңнің мүшелері, өзіңе ғана тиесілі, адамдар саған қол тигізер алдында рұқсат сұрау керек деген границаларды жояды.

4 weeks, 1 day ago

Қолғанат Жұмабаев.

Бұл кісінің қылмысы таралып кеткелі уақыт өтіп кетті, бірақ бәрібір жазғым келіп тұр.
Естімегендер болса, Қолғанат 11-13 жасар қыздарға “Осы фото ұнап тұр”, “мына фотоға қарай беремін”, “өзім ғашық болып қалдым” деп түнде жазады. Номерлерін “Айшам”, “Тырысқағым” деп сақтайды. Фу, жиіркенішті.

Жалпы, 30 жасар еркектің кішкентай қыздарға солар сообщение жазғаны, педофилияның алғашқы белгілері деп білемін. Қандай мимен түнде солай сообщение жазасың?
Кейбір адамдар болса, мынандай пікір жазады:
“Әйелі ажырасып, мін іздеп, жала жауып отыр”. Ол сообщениелердің бары рас өой енді, өтірік өзі құрастырып алған жоқ, фотолар бар.
“Қыздардың ата-аналары ешқандай жаман әрекет көріп тұрған жоқпыз деп жатыр”, ата-аналарына да сұрағым бар. Шынымен де, мен ғана ма бұл әрекеттен қылмыс көріп отырған?
“Қазіргі қыздардың жасын анықтау мүмкін емес, үлкен көрінеді”. Қайтадан қыздарды кінәлап, еркектердең жауапкершілікті алып тастау.

3 months ago

Оңтүстік Корея мемлекетіндегі адаптация уақыты біткен сияқты. 1 жылға созылды. Ел де, адамдары да, тамағы да ұнамайтын еді. Тезірек Қазақстаныма оралғым келетін.

1 жыл 4 ай өтті келгеніме. Қазір ұнап келеді. Үйрендім. Көшелері де таныс, адамдары да жылы, тамақтары да дәмді, демалыс орындары да жайлы сезіледі.

3 months ago

Кореяда біздің елдегідей суши жоқ. Тек күріштің үстіне балық қоятын нағыз япондық сушилар. Ал мен біздің роллдарды сағындым. Содан тикток аман болсын, суши-мукбанг көремін. Енді менің рекомендациямның бәрі мукбанг. Верните мне фемконтент ?

3 months, 1 week ago

Тиктокта бір видео көрдім. Қазақ қызы кәріске күйеуге шыққан. Кореяда тұрады. Астында комментарийлер қандай екенін айтпай-ақ қояйын. Қыздардың махаббат ұлтқа қарамайды, Корея мемлекеті Қазақстаннан дамыған, қазаққа тиіп қанша қыздар өліп кетіп жатыр, күң болып жүр, Кореяда Қазақстанға қарағанда қауіпсіз, бұл менің таңдауым, деген аргументтерді елеп жатқан еркектер жоқ. Нешетүрлі жиіркенішті комментарийлер жазады. Бірақ, бір комментарий басқаларынан асып түсті.

“Кәріске шығып, кәпірлердің санын көбейткенше, қазаққа шығып, күң болсаң да, күйеуіңнен бір-екі рет сөз естісең де, бір-екі рет шапалақ жесең де қазақтың санын көбейткен жақсы.”

Скринді жоғалтып алдым(

6 months ago

Сексист емес адам, мен сексист емеспін деп ақталмайды. Оның сөздері мен ісінен барлығы да көрінеді. Мен секст емеспін деп айтатын адам соған айналасындағыларды сендіргісі келе ма, өзін сендергісі келе ма түсініксіз.
Алайда, “мен сексист емеспін” дейтін сөйлемнің артында, “бірақ” деген сөз міндетті түрде болады.

6 months ago

- Мен сексист емеспін
-ары қарай жалғастырмай-ақ қойшы, көкем

6 months, 1 week ago

Біздің қоғамда әйелді құрметтеу мен бағалау оның әлеуметтік статусына, ана/әйел болуына байланысты.

Бұл да феминизм күресетін мәселелердің бірі.

6 months, 1 week ago

Еркектердің бәрі ондай емес.
Иттің бәрі қаппайды. Мысықтың бәрі тырнамайды. Қасқырлардың бәрі адам жемейді.

Бірақ, сізді бір рет ит тістесе өмір бойы басқа иттерден қорқып өтесіз. Көршінің қызын ит тістесе, сіз иттерден қашасыз.

Айырмашылық: иттер басқа иттерге “адамдарға тиіспе” деп айта алмайды және оны талап ете алмайды.
Ұқсастық: еркектер де басқа еркектерге “тиіспе” деп айтпайды және талап етпейді.

We recommend to visit

Подписаны 12 ваших друзей...

Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨

По рекламе: @VSOB63

Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda

№ 4942621747

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 2 months, 1 week ago