Кітап үзіндісі

Description
Бұл каналда кітап үзінділермен бөлісіп отырамын.

Каналға үзінді жіберу, ВП, сұрақтар: @RamazanNurmukhamedov
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

2 months, 3 weeks ago

Тән сұлулығы — сыртқы көз арбар көрініс.
Жан сұлулығы — бұл әйелдің ішкі дүниесі, сезім шынайылығы, мінез байлығы, пейіл кеңдігі, ар атдында адалдығы.
Тән сұлулығы — теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын.
Жан сұлулығы — бұл тереңдегі ағын.
Екеуі екі басқа дүние.
Осы екі қасиет бір адамның басында ұштасса, ғұмыр бойы айналасын нұрға бөлеп өтер еді.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi

3 months, 1 week ago

АЙНАЛАЙЫН, Әйтеке атаңның мінез жайында мына бір нақытын жадыңа ұсташы.
«...Ақыл мен мінез — бірге туған егіз. Ақыл — тамыр, мінез — жапырақ. Жаман мінез — ақылсызға берген Жаратқанның жазасы. Дән піскенде сабағы төмен иілер, жаман адамға жат бітсе, мұрнын көкке шүйірер. Жақсы адамның серігі, әмәндә, ақыл, қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, бірлік, татулық. Ер жігітке төзім — тірек, сабыр — қамат, ақыл — әл—ауқат, бата — мұра, әдеп — сән, ақиқат — ем, үміт — көңіл азығы. Осыны білмегенді үлкендер жүгенсіз дейді. Жүгенсіз кісіден, жетекке ерген хайуан артық...».

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

АЙНАЛАЙЫН, қонақтың да арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қызғыма қонақ деген төрт түрі болады.

Арнайы қонағың — алыстан ат терлетіп келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, жекжат, сыйласқан дос—жолдастарың.
Бұл — нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағың — өзің танымайтын, білмейтін алыс шалғайдан жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалғандар.
Бұл — нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағың — ерігіп, үй—үйді, ауыл—ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма.
Бұл — нағыз далбаса қонағың.

Қылғыма қонағың — кімнің түтіні түзу ұшса, соның үйін торып, ас піскенде пайда болатын, қарны тойған соң басы ауған жаққа лаға беретін көлденең көк атты.
Бұл — нағыз сұғанақ қонағың.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

Шаңырақтың тұтқасы қашан да үйдің отағасы. Сыртқы шаруа, алуан міндет, ауыр жүк әрдайым соған түседі. Азаматың арты, өз ортасында сыйлы, арзанды көріп азбайтын, қызылды көріп тозбайтын дәтіне берік, мінезі ұстамды, жігері мұқалмас төзімді болып келсе, жанып тұрған бағың.
Жұбайың — сол отаудың бүтіншісі, барыңды баптайтын, жоғыңды сатпайтын, пейілі кең, жаны жайсаң, ағайын—тумаға мейірімді келсе, шамшырағың.
Мұндай тату да келісті жанұялы жұп қартая келе бірі — әкесі, екіншісі — шешесі іспетті болып кететін көрінеді.
Ал, еріңнің жапырып іс істер қайраты жоқ, өзіндік тұрақты пікірі кем, босмойын, мінезі шырт етпе, көңілі түссе азаншып, қарны ашса қазаншыл біреу болса — ғұмырлық азабың.
Әйелің — ерні жыбырлап аузы толған сөз, салдыр—салақ, ұстағаны күлді—кемеш, тұтқаны жыртық—жырым, оңбайтын олақ, етегінің бір ұшын ышкырына қыстырып алып, ертеңді—кеш айналасын өсекпен өртеп жүрсе — өмірлік тозағың.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

3 months, 3 weeks ago

Билiк сайлау атаулыдан қорқады. Әкім сайлауынан да, Парламент сайлауынан да, мәслихат сайлауынан да қорқады. Конституцияның кеудесiне демократия демін салудан қорқады. Үш адамның басы қосылған топтан қорқады. Оппозициядан зәресі қалмай қорқады. Буштан қорқады. Путиннен үркеді. Қытайдан шошиды. Күнін әрең көріп жүрген өзбек-акадан жасқанады. Ол Қазақтан ғана қорықпайды. Қазақтың шыдамды көмпістігін, кешірімшілдігін ездік, ынжықтық деп санайды. Оның шыдамы біткенде шарт сынатын мінезінің бар екенін қаперіне алар емес. Қорқытатын да, қорғайтын да қуатты қалқан жуас қазақ екенін ұмытқан. Біздің билiк «Үйде батыр, жауға жоқ, үйде шешен дауға жоқ».

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Қазақстанның белгiлi бiр қоғам қайраткерiнiң пiкiрi бойынша: “Оппозициялық ортаны қалыптастырған елiмiздегi билiк жүйесiнiң Жабық Акционерлiк Қоғамға айналып кеткенi. Оны көпке ортақ ашық қоғамға айналдырмауды билiк битiн салып қорғайды. Алпыс айлалы кедергi қойылған. Оны бұзу Қытай қорғанын алудан қиын. ЖАҚтың акциялары iрiктелген таңдаулы топтың қолында. Бас пакет ЖАҚтың Бас акционерiнiң уысында. Жабық қоғамның есiк-терезесi де басқаларға жабық. Тас қапас. Тiптi сәуле де түспейдi, ауа да кiрмейдi. Мелшиген меңiреулiк орнаған. Мезгiлсiз жақ ашуға болмайды. Көнбегеннiң мойны үзiледi. Әдетте ондай мекеннiң тұрғындарында iштей болса да наразылықтың шоғы қоздай бастайды. Келе-келе мылқау наразылыққа үн бiтiп, күн шуағын көргiсi, таза ауаны жұтқысы келетiнiн айтуға кiрiседi. Әрине мұндай батылдық жабық қоғамның басшыларына ұнамайды. Талапқа табу салынады да наразылық отына май құйылады. Сонымен Жабық Қоғамның жаңа заман талаптарына сәйкес өмiр сүруге икемiнiң жоқ екенiн сол Қоғамның кейбiр өз мүшелерi бiлдiредi. Қазақстанның соңғы он шақты жылдардағы оппозициялық ой-пiкiрi жоғарғы билiктiң қойнауында қалыптасатын ерекшелiк пайда болды. Өзге емес билiктiң өзi оппозициялық қайраткерлердiң қалыптасуына “қолайлы” жағдай жасап берiп отыр”.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Ағылшындар: “Менi бiр рет алдаған адамның өзiне ұят. Егер мен өзiмдi алдаған адамға екiншi рет алдансам, онда өзiме ұят”-дейдi екен.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Сен қандай адамды жақсы адам дер едiң? Көп қазақтың түсiнiгiнде басқаға зияны жоқ адамды жақсы адам дейдi. Бұл түсiнiктiң төркiнiне тереңірек үңiлсек, оның қате тұжырым екенiне көз жеткiзу қиын емес. Ешбір жанға зияны жоқ адамды жақсылардың қатарына жатқызу жақсыларға жасалған қиянат деп ойламайсың ба? Жақсы адам деп, өзiне де, өзгеге де, солар арқылы қоғамға пайда тигiзетiн әдiл, адал адамды атаған дұрыс.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

https://t.me/kitap_uzindisi

4 months, 3 weeks ago

Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айрығында тұрған жасөспірім бір ғұламаға келіп, ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын он түрлі дәлелмен бейнелепті. Құлақ түрші, балаларым.

Біріншіден, білім бұл пайғамбардан қалған мирас, ал байлық бақылдардан қалған мұра.

Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады.

Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.

Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал мал—мүлікті, дүниені, жиған—терген байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.

Алтыншыдан, білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады.

Жетіншіден, білімге есеп—қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың кажет.

Сегізіншіден, білім қаншама көп болғанымен іріп—шіріп бүлінбейді, ал байлық бір жұттық — өледі, жоғалады.

Тоғызыншыдан, бiлiм жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.

Оныншыдан, білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

Бір баласы бардың шығар—шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың болар—болмас халі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар,
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар.
Бес баласы бардың ешкімге дес бермейтін жөні бар, — деген.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

«Артына ала шаң еріткен ұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен», — дейді халық даналығы.
Жанына дүйім халық жиналыпты. Шу—шулейдi, сауырға ұрады, бастан сүйрейді. Дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар суырма батпаққа одан әрмен бата түседі. Сәске болды, қызыл бояуын ертіп іңір жақындады. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға осылай да осылай деп ат шаптырады. Сонда жеделдетіп жеткен ақылман айтты дейді:
— Ей, халқым, тұлпарды қамшылап сендерге не болған? Ол оған намыс емес пе? Қайта одан сайын батпаққа бата түседі. Мұны құтқарудың жалғыз—ақ жолы қалды. Қазір үйір—үйір жылқыны қиқу сап жанынан қуып өтіңдер. Бұл деген аруақты ат қой. Сонда ғана өзін—өзі шығарар, — депті. Өңшең қыл құйрықты қасынан даланы дүбірге бөлеп шапқанда әлгі тұлпар шыңғырып кісінеп қап, басын ғана қылтитып қойған батпақтан атып шықты, — дейді.
Кейде замананың батпағына батып қалатын даламның арыс ұлдары—ай, бір—біріңді қиқу сап осылай демеп жүрсеңдерші...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

4 months, 3 weeks ago
  1. Жеті қат көкке жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (Марс), Юпитер, Сатурн.
  2. Жеті ғалам: Күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан — жоғары ғалам, жер — орта ғалам, жер асты — төменгі ғалам.
  3. Жеті ғашық: Ләйлі—Мәжнүн, Жүсіп—Злиха, Фархат—Шырын, Сейпіл—Мәлік—Жамат, Таһир—Зухра, Қозы Көрпеш—Баян сұлу, Бозжігіт—Ануаз.
  4. Жеті мүше: Бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
  5. Жеті жұт: Зілзала, соғыс, өрт, сел, қyаңшылық, індет, ақ қар—көк мұз.
  6. Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, айдың тоғамы.
  7. Жеті қазына — жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қарақазан, алмас кездік, шаңырақ. Бабадан қалған бағзы сырды ұмыта көрмеңдер...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi

4 months, 3 weeks ago

АЙНАЛАЙЫН, келін түсіру әр шаңырақ үшін үлкен мәртебе.
«Жақсы үйге түскен келін — келін, жаман үйге түскен келін — келсат» дейді бұрынғылар.
Жақсы үй деген не? Есіктен имене аттаған ұлыңның ақ жұмыртқадай қосағын бауырыңа тартып, өзімсініп сөйлеп, білгенін асырып, білмегенін жасырып, үй ұстауды, тамақ пісіруді, кір жууды, қонақ күтуді, бала тәрбиелеуді рет—ретімен санасына сіңіріп аналық махаббатыңа бөлесең — өз балаңнан кем емес. Сырласыңа, қиналғанда мұңдасыңа айналады. Бұл — келін.
Ғұмыр бойы сені ойлап өтеді.
Ал, босаға аттаған күннен бастап ысқырынып, құйған — шәйі, істеген — ісін, киген — киімін, жүріс—тұрысын жаратпай, қабағыңмен жасқап, «Албастының апасы құсамай, тұршы былай» — деп жұрт көзінше ұялтып, балаңа айдап салып, көршілерге жамандап жатсаң — бұл келсап.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні "Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi

4 months, 3 weeks ago

АЙНАЛАЙЫН, мінездің адамына қарай алуан түрі бар.
Бесік пен көрдің, есік пен тердің арасында пенде шіркін кіммен кездеспейді, дәмдес, сапарлас болмайды, қаншама мінезбен жолықпайды десеңізші!

Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыда еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарга жұмыртқасын шайқапсаң да,
Қарғадан қарға туар қарқылдаған.

Осы бір шумақ өлеңнің өзінде талай—талай сыр жатыр. Көгентүп кенелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген.

Жібектей есілген мінез — үй—ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді—құрметтеп, кішіні—ізеттеп, кісі бетіне жет болып тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентек — ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әлі жеткенді ұрып жіберуден тайынбайтын адам. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір — сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, обал—сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, тамырық адамға тән.

Кесір — жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп, әр сөзге кесірленіп, қитығып, атдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез — бойын түзеп, баптанып, кез келген ортада әсем көрінгенсіп, жақсыны—киіп, жылтырақты—жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адамға тән.

Паң — тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән. Әкесі Сағынайға әйгілі ас беретін паң Нұрмағамбет сәлем берген кісіге аяғын ұсынатын болған.

Мақтаншақ — жел сезге әуес, жоғын бардай, түйірін—нардай ғып көрсетіп, болмасты—болдырып, оңбасты—оңдырып, ауызбен қырман толтырып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке — сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, уайымсыздықтың лебі есіп тұратын адамға тән.

Тура мінез — қара қылды қақ жарып бұлтақсыз сөйлейтін, шыншыл, тәуекетшіл, қиянат, өсекаяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаңшыл — ыстылай қауып айтып қалатын, асығыстау іс тындыратын, төзiмi аздау; тыпырлап қалған тынымсыз адамға тән.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

4 months, 3 weeks ago

Кітап үзіндісі:
...түйенің иесі — Ойсылқара, жылқының иесі — Қамбар ата, сиырдың иесі — Зеңгі баба,
қойдікі — Шопан ата,
ешкінікі — Шекшек ата.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

АЙНАЛАЙЫН, халқымызбен бірге ежелден жасасып келе жатқан, санасына жазылып қалған тыйым заңдары бар. Ол жасқа да, жасамысқа да ортақ. Адамаралық қарым—қатынастан, табиғат пен оның тылсым құпияларының сырына үңілуден туған бұл шектеу — даналықтардың ұлы мәдениетінің бір көрінісі. Әрі—беріден соң бұл әдеп, иба, тәртіп. Мұны қазіргі көзқараспен айтсақ, ТАБУ деп қабылдаған жөн.
Кейінгі жастарға үлгі—өнеге болсын, сол тыйым заңдарының бірсыпырасын себеп—салдарымен қоса айтып өтейін.
Үйге атпен шаппа — бұл жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.
Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме бұл — құрмет.
Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді.
Ошаққа су құйма — өз отыңды өзің өшірме. Бос бесікті тербетпе — ұрпақсыз қаласың.
Жылқының құйрық, жалын күземе — тұл қалғанның белгісі.
Малды басқа ұрма, теппе — ырысыңнан айрыласың.
Кешқұрым ұйықтама — жын—пері көшетін кез. Айға қолыңды шошайтпа — қасиетті.
Жерге түкірме — Жер—Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді.
Нанды баспа — киесі ұрады. Түнде суға барма — суперісі қағуы ықтимал. Екі бүйіріңді таянба — қайғы, қасірет белгісі.
Бөгде адамнан қайда барасың? — деп сұрама — көргенсіздік.
Сорпа, шайды үрлеп ішпе — дегбірсіздік. Жай отырып уһілеме — уайым, қайғы шақыру. Қолыңды төбеңе қойма — дүниеден безіну. Табаныңды тартпа — бейнет шақыру. Таңдайыңды тақылдатпа — жаман ырым.
Өтірік жылама — құдай шын жылатайын десе қиын емес.
Жерді таянба — торығу. Босағаны керме — жазаланудың белгісі.
Табалдырықта тұрма — суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр киеті, табалдырық ұнамсыздау орын.
Кісіге қарап есінеме — әдепсіздік.
Кісінің басынан кертұқыл алма — басынан тоқпақ кетпейді.
Күйеубала қайын жұртына барғанда бас ұстамаған, дастарханға бата бермеген, сүйекке түспеген.
Келін атасымен, қайнағаларымен қол алысып амандаспаған — әдепсіздік саналған.
Әр тыйым заңының астарында халқымыздың өмірлік пәлсапасы жатқан жоқ па?...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

АЙНАЛАЙЫН, тіршіліктің алуан сырын оймен өлшеп, көңілмен таразылап отыратын ата—бабамыздың енді үш аша пәлсапасына зейін қойшы.

Үш қадірлі — ырыс, бақ, дәулет;

үш қадірсіз — жастық шақ, денсаулық, жақсы әйел;

үш үміт — сауығамын деген аурудың үміті, байимын деген кедейдің үміті, кетемін деген қыздың үміті;

үш қазына: ер қазынасы — жүрген із, ет қазынасы — көнекөз, тіл қазынасы — ескі сөз;

үш мұрат: сауда мұраты — ұту, жол мұраты — жету, дау мұраты — біту;

үш байлық — денсаулық, ақ жаулық, он саулық;

үш ана: бұлақ — су анасы, тұяқ — жол анасы, құлақ — сөз анасы;

үш дауасыз: тумақ дауасыз, кәрілік дауасыз, өлмек дауасыз;

үш тұт: қайратсыз — ау тұз, тұрлаусыз — ғашық тұл, шәкіртсіз — ғалым тұл;

үш арсыз — күлкі, ұйқы, тамақ;

үш алыс — көк пен жер арасы, жас пен кәрі арасы, жақсы мен жаман арасы;

үш ғайып — дидар ғайып, нәпсі ғайып, несіп ғайып;

үш қасиет: өліде — аруақ, тіріде — кие, аста — кепиет;

үш тоқтам — ой, ақыл, шешім;

үш кемшілік — атың жаман болса — жазғанның азабы, алғаның жаман болса — дүниенің тозағы, балаң жаман болса — көрінгеннің мазағы.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

4 months, 3 weeks ago

АЙНАЛАЙЫН, Төле биге сәлем бере кетген әрі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек:
—Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? — деп сұрайды емес пе. Сонда Төле би:
— Өгізді өрге салма, қанатың татар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяқ, қарның ашса — тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң, көркіне қызықпа, тектіні ат. Мақтаншақ жігіт жисаң — ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тымау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ет шетіне жау келсе, батыр менен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас, ұлым, — деген.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

7 months, 2 weeks ago

Қыз — бүгін әке—шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago