Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

ТІРІЛЕРГЕ ҮНДЕУ

Description
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago

1 day, 16 hours ago

🍃🍃🍃

Егер Алла қаламаса-
Қондыруға қауқарсыз басыңа бақ-
Көріпкел, экстрасенс, балгер, бақсы.
Карта ашқыштар ажалдан арашалап,
Құтқармайды қабірден құмалақшы...

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

2 days, 20 hours ago

🍃🍃🍃

Махаббатқа лайықты солар ғана.

Қарайтын мейіріммен баласына,
Ата-анадан асатын адам бар ма?
Қос дүние Сардары Мұхаммед те ( ﷺ )
Құрметпенен қараған анасына.

Бар нәрсеңді құрбан ет жолдарында,
Қолыңнан келіп жатса аяп қалма.
Өйткені сен аңсаған жәннат кілті,
Ананың табанының нақ астында.

Бойларынан күш кетіп, әл тайғанда,
Хақың жоқ зекіруге, айқайлауға.
Егерде осыларды істер болсаң,
Саған да балаң сөйтер қартайғанда.

Олардың қараумен бол қабағына,
Қайғы-мұң сезілмесін жанарында.
Ин ша Аллаһ жұмақтық боласың сен,
Ата-анаң шынайы разы болса.

Қарттықпен істегені ұнамаса,
Тіпті де "Уһ" дейтұғын сөзді айтпа.
Әлемдердің Раббысы Хақ Та'ала
Дәл осылай бұйырған кәламында.
(Исра сүресі,23-аят)

Қанша жақсылық қылсаң да ата-анаңа,
Зәрусің тілегіне, батасына.
Перзенттік қарызыңнан құтылмайсың,
Меккеге үш арқалап апарсаң да.

Жүректерін нәзік қып жаратты Алла,
Сондықтан ауыр сөзбен жаралама.
Себебі мына бес күн,қу жалғанда,
Махаббатқа лайықты Солар ғана.

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

6 days, 18 hours ago

🍃🍃🍃

Адамның ұға алмасаң ішкі сырын,
Сыртынан өсек айтып, ғайбаттама.
"Барар жері тозақ" дейді ғайбатшының,
Сондықтан әр сөзіңе байқап қара.

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

2 months, 1 week ago

🍃🍃🍃

Қуанбайын десем,
Бүгін менің келген күнім өмірге,
Қуанайын десем,
Бір жыл тағы жақындадым өлімге...

Қуанбайын десем,
Бүгін ашқам мына өмірдің түндігін,
Қуанайын десем,
Өлді тағы бір жылым...

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

2 months, 1 week ago

🍃🍃🍃

Әр сөзіңді аңдып бақ,
Өзгелер зиян шекпесін.
Жаман сөзден тілді тарт,
Тозаққа сүйреп кетпесін...

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

2 months, 1 week ago

🍃🍃🍃

Жаңа таксиде отырсам шафер кісі жолдан өтіп бара жатқан хиджабтағы аруды көріп:
- "Біздің қазақ қызын бұлай бүркеп киіндірмеген"- деп қалды. Соған жауап...

Тілің жаман,
Аға сенің тілің жаман.
Тіліңнен балдай сөзің шығар еді-ау,
Басыңда болса егер титтей санаң.
Не үшін бүркенгенін түсінбейсің,
Сөйте тұра ол үшін кетті мазаң.
"Қазақ бұлай бүркемеген" дейсің "қызын",
Хабарың жоқ қазақтың тарихынан.
Әурет жапқан аруды тілдеп тұрсың,
Білемін,
Соған ғана жетіп тұр сенің шамаң.

Тілің нашар,
Аға сенің тілің нашар.
Тіліңді тез арада түзетпесең,
Басыңнан бақ, үйіңнен құтың қашар.
Бүркенген аруларды сөге берсең,
Қуанышың жойылып, қайғы басар.
Исламға тіл тигізген пенделердің,
Мекені тозақ болмақ мәңгі жатар...
Мен сені ел ағасы деп отырсам,
Қателестім...
Баланың сөзін сөйледің алты жасар.

Тілің улы,
Аға сенің тілің улы.
Тілім бар деп әр нені бір көпіріп,
Шүйіре бере көкке мұрыныңды..
Ойда жоқта жан алушы періште кеп,
Жұлып алып кетеді жұлыныңды.
Тәубе ет, тәубе етпесең күндегідей
Көре алмай қаласың нұрлы күнді.
Әурет жабу бұйрығы Жаратқанның,
Қарсы шықпа...
Және жайма халыққа бүлігіңді.

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

4 months, 1 week ago
4 months, 1 week ago

🍃🍃🍃

Білесің бе?

Білесің бе?
Адамдар кетіп қалады,
Кетіп қалады оралмай.
Жүрекке сызат салады,
Жаныңа мүлдем жоламай.

Білесің бе?
Адамдар ұзап кетеді,
Ұзап кетеді жыраққа.
Кешірім сұра мейлі, ұғып қатеңді,
Ол қайта келмейді бірақта.

Білесің бе?
Адамдар тым алшақтайды,
Алшақтайды ізін суытып,
Жақсы сөздерін екінші айтпайды,
Жан-жүрегіңді жылытып.

Білесің бе?
Адамдар кете салады,
Кете салады қайрылмай.
Сол сәтте жүрек өзгеше соғады,
Жүріп көр сонда қайғырмай...

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

4 months, 1 week ago

https://t.me/+252s3-_ySxg2OGFi

Шықпайтындар ғана кірсін...

4 months, 2 weeks ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago