студенттің қолжазбасы?

Description
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 8 months ago

Дүние деп мына өмірге келген мақсатыңды ұмытып кетпе! Қазір айналадағы қызылды-жасылды өмір, ақша, ләззаттар бізге ақыретті ұмыттырып жатқан сияқты. Киім кисек те бола бередіге салып, намаз оқысақ та бастысы оқыдым ғой деп бірақ дүниенің істеріне келгенде уақытымызды, күшімізді, энергиямызды аямай сарп етіп жүрміз. Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم айтқан орта жол бұл емес еді ғой…

1 year, 10 months ago

Адам баласы қиындыққа тап болса, жантайып жатып та, отырып та, тікесінен тік тұрып та Бізге үнемі дұға етіп, жалбарынумен болады. Ал дұғасын қабыл алып, қиындықтан құтқарғанымызда, басына келген бәледен құтылу үшін Бізге еш дұға етпеген адамдай бәз-баяғы қалпына қайта түсіп, түк болмағандай жүре береді. Міне, осылайша Алланың өздеріне берген (өмір, ақыл, денсаулық, қабілет сынды) баға жетпес нығметтерін орынсыз пайдаланып, шектен шыққандарға істеп жүрген істері (шайтан тарапынан безендіріліп) кереметтей етіп көрсетілді.
Жүніс (10), ۝ 12

1 year, 11 months ago

каналға ашылып жазып, бірдеңе жазуға уақыт болмай жүр. осылай түнделетіп қана шығып қоямыз. арасында бұрында жазған жазбаларымды қайта шығарсам деген ниет бар. өйткені, пайдалы болу үшін.

түнделетіп жазбамен мазаларыңызды алсақ кешірім өтінеміз

1 year, 11 months ago

**Тақуалық етсең ілім келеді өзі

Мұрат ұстаз**

1 year, 11 months ago

Осы ілім ордасында жүргеніңде ұстаздар сенің ілім алуың үшін алаңдағандай тіпті сен де алаңдай алмайсың. Сондықтан, бар назарың мен ықыласыңды салып ілімді ішіп алуға тырыс. Бастапқы мақсатыңды ұмытпа! Ниетіңді күнде жаңарт.

1 year, 11 months ago

Ілім жолында жүргенде барынша өзіңді салып оқуды талап етеді. Еңбек етпеген адам сәйкесінше жемісін көрмейді.

Ілім талап етіп жүрген әсіресе НМУ-дың 1-2 курс студенттеріне айтарым осы уақыттарыңызда бааасып, бар күшіңізді салып оқып алыңыздар. 3-курста араб тілді шашып тұрып универдің сабағынан қиналмай өтесіздер. Кейде кейбір заттарды соңына дейін сығып аламыз ғой пайдаланайық деп, сол сияқты Аллаһтың берген күшін ілімге барынша салыңыз. Бұл нәрсе 3-4 курста сабақ оқымай қою дегенді білдірмейді. Сол курста араб ұстаздар беретін болғандықтан жеңілдікке жету үшін айтылды.

Алла тауфиқ берсін?

2 years, 1 month ago

Біз сонда Құранның бізге оқылғанын күтіп жүрміз бе?

2 years, 1 month ago

Аллаһым Олжас Ханафин бауырымызды рахымына алсын. Аллаһым оның барлық күнәларын кешіріп, Өзінің фирдаус жәннатін нәсіп етсін.

Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.

2 years, 1 month ago

Өзіңнің Рахманның құлы деген авторитетіңді сақта!

2 years, 3 months ago

ойлашы, сенің ақтық демің шығып дүниемен қош айтыстың. қабірдесің. қараңғы қабір. өте суық. Нәкир мен Мункәр періштелер сенен сұрақ алуға келе жатыр. қабірде сен және сенің амалдарың?. қандай амалың бар? нұр болып тұратын амалың бар ма? жүрегіңде бекіген иман бар ма, сұрақтарға қателеспей жауап беретін?

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.