HALALDAMU.kz

Description
We recommend to visit

Подписаны 12 ваших друзей...

Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨

По рекламе: @VSOB63

Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda

№ 4942621747

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 2 months, 1 week ago

1 month, 3 weeks ago

☑️Ислам ғұламалары жалпы хайуанды еті жеуге жарамды және ету жеуге жарамсыз деген екі үлкен категорияға бөлген. Еті жеуге жарамсыз хайуандардың категориясына жыртқыш аңдар және жыртқыш құстар да кіреді. Шариғатта жыртқыш аңдар деп азу тістілер, ал жыртқыш құстар деп тұтқыр тырнақты құстар меңзеледі. Азу тістілердің қолға үйренген ит, мысық секілдісі болсын немесе арыстан, жолбарыс, қабылан, қасқыр, қорқау т.б жабайылары болсын ханафи мәзһабы бойынша бұлардың ешбірі жеуге келмейді. Ханафи мәзһабының ғұламалары сүйенген негізгі дәлелдер пайғамбар Мұхаммед Мұстафадан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген мына бір хадистер.

?«Жыртқыштардың ішіндегі кез келген азу тістісі(нің етін) жеу арам» (Имам Мүслім жеткізген).

?«Алла Елшісі (с.а.у.) жыртқыштардың ішіндегі кез келген азу тістісі мен жыртқыш құстардың тұтқыр тырнақтысының (етін жеуге) тыйым салды» (Имам Мүслім жеткізген ).

Қорыта келе жыртқыш аңдар мен құстардың етін жеуге жарамсыз болуына жоғарыда келтірілген аяттар мен хадистер дәйекті дәлел. Сол үшін шариғат бойынша жыртқыш хайуандардың етін жеуге болмайды, яғни етіне харам деген үкім беріледі. Дұрысын Алла біледі.

1 month, 3 weeks ago
HALALDAMU.kz
1 month, 3 weeks ago

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал бағытындағы қызметі еліміздегі адал өнім өндірісін дамытуға және халықаралық деңгейге шығаруға үлкен үлес қосуда. Халал – бұл тек шариғат талаптарына сай өнім өндіру ғана емес, сонымен қатар отандық кәсіпкерлікті қолдау мен ұлттық экономиканы нығайту құралы.

?2024 жыл «Халал Даму» мекемесі үшін табысты әрі нәтижелі жыл болды. Мекеменің басты жетістіктеріне тоқталар болсақ:
1️⃣Кәсіпорындарды сертификаттау:
2024 жылы 447 жаңа кәсіпорынға «QMDB HALAL» сертификаты берілді. Бұл елімізде халал өнім өндірушілердің санының артуына және шариғат талаптарына сай адал өнім өндірудің кеңеюіне ықпал етті.
2️⃣Халықаралық экспорт:
Халал өнімдері шет елдерге де кеңінен экспорттала бастады. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Иран мемлекеттеріне 10 мың халал өнім жеткізілді. Бұл қадам Қазақстан халал өнімдерінің халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
3️⃣Халал көрмесі:
Тараз қаласында өткен халал көрмесі отандық және шетелдік өндірушілердің басын біріктірді. Көрмеге 70 кәсіпорын қатысты, ал оны тамашалауға 15 мыңға жуық адам келді. Бұл шара тұтынушыларға халал өнімдердің сапасын таныстырумен қатар, өндірушілер арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды.
4️⃣Аккредиттеу жүйесіне сәйкес аттестаттау:
2024 жылы «Халал Даму» мекемесі Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде маңызды аттестаттаудан өтті. Бұл сертификаттау мекемесінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі барлық талаптарға сай екенін растайды. Аталған аккредиттеу Қазақстан Республикасының ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 стандартына сәйкес жүргізілді.

☑️Халал Дамудың жетістіктері еліміздегі халал өндірістің сапасын арттырып қана қоймай, оны жаһандық деңгейде танымал етуде. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал бағытында атқарып жатқан жұмыстарының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

?Алдағы уақытта да бұл бағытта игі шаралар атқарылып, халал өнім өндіру мен тұтынудың ауқымы кеңейеді деп сенеміз.

4 months, 2 weeks ago

“Халал Даму” директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы “Куликовский” кондитерлік кәсіпорнында аудит жұмыстарын жүргізді.

4 months, 2 weeks ago
***✅*** «КУЛИКОВСКИЙ» КОНДИТЕРЛІК ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ …

«КУЛИКОВСКИЙ» КОНДИТЕРЛІК ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырамасы бойынша «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан Республикасына арнайы іс-сапармен барып, «Куликовский» кондитерлік және сүт өнімдері кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сертификаттау процессіне Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы да қатысты.

?https://halaldamu.kz/kk/p/kulikovskij-konditerlik-zhne-st-nimderi-sertifikattaldy

4 months, 3 weeks ago

Қарағанды қаласындағы 571 coffee&kitchen тамақтану орны сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

4 months, 3 weeks ago

ӘЛЕМНІҢ 49 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТҚА ШЫҒА АЛАМЫЗ

4 months, 3 weeks ago
***✅*** АЛМАТЫ ОБЛ.: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР …

АЛМАТЫ ОБЛ.: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы, Іле ауданы, Төле би ауылы «Төле би» мешітінде имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды жергілікті өкіл Жанәбіл Ахметбекұлы өткізді.

?https://halaldamu.kz/kk/p/almaty-obl-meshit-imamdaryna-seminar-tkizildi

?#халалдамуалматыоблысы

We recommend to visit

Подписаны 12 ваших друзей...

Подборка вдохновений для твоего гардероба ✨

По рекламе: @VSOB63

Биржа: https://telega.in/c/stil_moda_odezhda

№ 4942621747

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Телеграм канал журналіста Раміни Есхакзай.
Мій Instagram : https://www.instagram.com/raminalalala
Резерв: https://instagram.com/raminalalala_here
FACEBOOK: https://www.facebook.com/ramina.eskhakzaj
Реклама: @coop_ramina
PR: @kateryna_khotieieva

Last updated 2 months, 1 week ago