Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Ержан Бақытжанов

Description
"Нұр-Мубарак" түлегі
"Мешіт имамы, исламтанушы"

Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

1 day, 3 hours ago

Мұсылман көркем ғибадат қылса, жақсы ойда бол!

Бір кісінің рукуғ пен сәждеге барған сайын жылағанын көріп, рия қылып жатқан шығар деп ойладым. Кейін сол ойым үшін бір жыл бойы көзімнен жас шықпай қойды.

Мәкхул (Алла рахым етсін)

Хилия. 5/184

1 day, 8 hours ago

Осы уаққа дейін діни мәтіндерде ең абзал амал немесе ең абзал құлшылық деген кезде бір ғана амалды шектемей әртүрлі нәрсенің айтылу хикметін ойландым. Мүмкін амалдың жақсы жаманы жоқ, бастысы шариғатқа сай болып, құдай үшін орындалса болғаны.

1 day, 10 hours ago

Құлдың құлдырауы

Бұл – тәуекелдің жоқтығы немесе тура жолдан таюдан болады. Осы екі нәрсе бір жерге жиналса, сонда нағыз толық иман болады.

Ибн Қайим (Алла рахым етсін)

Мәдәрижу Сәликин. 2/128

1 week, 1 day ago

Кез келген нәрсеге махаббат қою мақсатпен болады. Мақсат жоғалса, махаббатта аяқталады.

Жунейд әл-Бағдади (Алла рахым етсін)

Сол үшін ғибадатты тозақтан қорыққаны үшін немесе жәннатты қалағаны үшін орындау дұрыс емес дейді құдайды таныған әулиелер. Иманымыздың дәрежесі ол екеуі болмаса да біз құлшылық ете алатындай болуы керек екен.

1 week, 2 days ago

Бүгінгі жұма уағызы әділдік турасында болды. Өзімнің бар-жиғанымды ортаға салып, жамағатқа әділдік туралы ауыз көпіртіп уағыз айттым. Намаз аяқталған соң, бір атамыз келіп насихат жасады. Әділдік дұрыс қой. Бірақ тек әділдік зұлымдықты жеңе алмайды. Ар-ұждан, талап болмаса, адам тек әділдікті ту етсе, робот сияқты болады. Сол үшін Шәкәрім атамыздың "Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес", деген сөзін ұғып алғайсың деді. Абай мен Шәкәрім еңбектеріндегі ар-ұждан мәселесін зерттеп оқы! Имамсың ғой халыққа соны жеткіз деді. Көкемізге қарап, әлі бар екен ғой қазақтың дуалы ауыз ақсақалдары дедім іштей.

1 week, 2 days ago

Ғайбат сөзбен жасаған амалдарымыздың күлін көкке ұшырып алмайық ағайын.
Жұма қабыл болсын!

2 months, 1 week ago

Кейбір ғалымдар Шағбан айы – салауат айту айы деген. Себебі Ахзаб сүресінің 56-аяты, яғни салауат айтуға бұйрық етілген аят Шағбан айында түсірілген.

Имам Әл-Қасталәни (Алла рахым етсін)
Әл-Мәуәһиб.

2 months, 1 week ago

Бір бәдәуи (дала) арабынан дүниені қалай көретіндігі (дүние туралы ойы) сұралыпты.

Сонда ол:
"Оған қарап, сипаттап айтатындай сол дүниеден қолым босап жатқан жоқ", –деген екен.

2 months, 1 week ago

Мұсылман бауырың қателессе, түзет! Жығылғанға жұдырық болып, шайтанға көмекші болма!

2 months, 2 weeks ago

«Уа адам баласы! Расында, сен күндерден тұрасың. Әрбір күн өтумен сенің бір бөлігің кетіп жатыр.

Хасан әл-Басри (Алла рахым етсін)

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas