Данияр Жігітбек

Description
Бұл – менің онлайн күнделігім. Мұнда ой-толғамдарым, арман-мақсаттарым, ізденістерім мен жалпы өмірімде болып жатқан өзгерістер жайлы жазып отырамын.

Кері байланыс: @zhigitbek
Каналдың талқылау чаты: @dzhigscussion
Advertising
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 3 days, 5 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 1 week ago

3 weeks, 3 days ago

"Не үшін кітап оқу керек?" кітабына алғысөз*Құрметті оқырман! Қолыңыздағы кітапты үш замандасыңыздың кітапқа деген махаббатын көрсететін туынды деп біліңіз. Біз, Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев және Шразаддин Каниязов, осы кітабымыз арқылы сізді "кітап" деген ғажайып әлемге шақырғымыз келеді.

5000-ға жуық кітап оқыған, 10-нан аса кітап жазған жандар ретінде кітап жайлы кітапты біз жазбасақ, кім жазады?

Бұл кітапта біз кітап оқудың пайдаларын, біздің өмірімізді қалай өзгерткенін айттық. Сондай-ақ кітапты қалай оқу керек, қалай таңдау керек, оқығанды амалға асырудың жолдары жайлы да сөз қозғадық.

Кітап үш адамның еркін әңгімесі форматында жазылған. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға тырыстық. Арасында ауызекі стильдегі сөздер де кездеседі. Үшеуміз ғана сөйлей бермей, арасында сізге де пікір білдіруге, әңгімеге араласуға мүмкіндік беріп отырамыз.

Әдебиеттен хабары бар жандар біледі, Әзілхан Нұршайықовтің "Ақиқат пен аңызы", Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтің "Құз басындағы аңшының зары" кітабы осындай диалог түрінде жазылған. Біздің кітабымыз да сонысымен ерекшеленбек. Үш адамның бір нәрсеге қатысты үш түрлі пікірін оқи отырып, сіздің де өз пікіріңіз қалыптасады. Әрі әңгіме жалықтырмайды. Былайша айтқанда, бір деммен оқып шығасыз.

Бұл – кітап оқу жайлы кітап. Бірақ біз тек кітап жайлы әңгімемен ғана шектелмедік. Кітапқа тікелей қатысы бар ғылым, дін, пәлсапа, өнер тақырыптарына да түрен салдық. Оқып, таным көкжиегіңіз кеңіп қалады деп сенеміз.

Біздің мақсатымыз: Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Мына туынды да сол мақсаттан туған. Егер кітабымыз сіздің кітаппен достасып кетуіңізге себеп болса, мақсатымызға жеткеніміз.

Ал, ыңғайланып отырыңыз. Әңгімемізді бастайық.*

3 weeks, 6 days ago

"Өзіміз отырып шәй ішейік" жобасының осы уақытқа дейін шыққан контентін ұсынамын.

Подписка жасап, контентке доступ алу үшін сілтемеге өтіңіз.

Сәуір айында қозғалған тақырыптар:

  1. Тиімді шешім – түсінікті шешім
  2. Проблеманы қалай шешем деп емес, кім шеше алады деп ойлан.
  3. Байлық = жомарттық * есеп

Наурыз айында қозғалған тақырыптар:

  1. Ниеттің рөлі. 3 рет ниет ету
  2. Бизнестегі ниет
  3. Рамазандағы ТОП дұғаларым (2021-2024)
  4. Артық киімнен арылу
  5. Даму – өмірдің мәні
  6. Менің білім алу тәсілім
  7. Позитив бекіту
  8. Фокустың күші
1 month ago

**Елге қызметтің заманауи үлгісі.

Подкаст көріңіздер:**
https://youtu.be/lnIOV6gkMPk

YouTube

Қаладан ауылға. Мектеп директорының оқу жүйесін ауыстыру жолы / Аралбек Берікұлы / Narikbi LIVE #87

Осы подкасттың шығуына үлес қосқан Allur - Қазақстанның ең ірі автокөлік компаниясына алғысымызды білдіреміз https://www.instagram.com/allur.kz Бүгінгі подкаст қонағы математика пәні мұғалімі, Казнаковка орта мектебінің директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің…

1 month, 2 weeks ago

"Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспары

"Туысқандар", "Кластастар", "Ауылдастар", т.б. чаттарға таратып жіберейікші. Барынша көп адам осы жобамыз жайлы білсінші.

Талқылау чатымызға да шақырыңыздар:
https://t.me/+WHwCFVjr2y2bCTaH

1 month, 3 weeks ago

Құрметті достар!

"Ауылға Kitapal" жобасының 2024 жылға жоспарымен танысқан шығарсыздар.
Жоспардың pdf нұсқасы📎 төменде тұр.

Мақсатымыз 16.12.2024 дейін 400 ауылға кітап жеткізу еді.
Осы сәттегі көрсеткіш: 263.

Біз ай сайын әр облыстың 2 ауылына кітап жіберіп отыруға бел будық. Бірақ сол ауылдың жанашырлары болмаса, бұл мақсатқа жетуіміз қиын. Жобаны қарапайым халықтың күшімен жүзеге асырып жатқанымызды атап өткім келеді.

Сол үшін сіздерді бірігуге шақырамын. Біреу мектеп табады, біреу кітаптарды алуға қажет қаражатты іздейді, біреу ерікті боп мектепке барып, сол кітаптарды таныстырып, оқушыларға мотивация беріп қайтады.

Қазіргі облыстар бойынша статистикамыз мынадай:

🟢 сәуір жоспарын орындады (2 ауылға кетті)
🟡 сәуір жоспарын жартылай орындады (1 ауылға кетті)
🔴 сәуір жоспарын әлі орындамады (0 ауыл)

Жалпы: 263 ауылға кетті⬇️

🟢Түркістан облысы: 48
🔴Атырау облысы: 25
🟢Қызылорда облысы: 23
🟢Алматы облысы: 21
🟢Ақмола облысы: 20
🟢Абай облысы : 19
🟢Жетісу облысы: 16
🟢Жамбыл облысы: 15
🟡Ақтөбе облысы: 13
🔴Шығыс Қазақстан облысы : 11
🔴Маңғыстау облысы: 9
🔴Батыс Қазақстан облысы: 9
🟡Қостанай облысы: 8
🟡Павлодар облысы: 8
🟢Солтүстік Қазақстан облысы: 8
🟢Ұлытау облысы: 5
🟡Қарағанды облысы: 5

Бәріміз жұмылып, Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!

Құрметпен,
Данияр Жігітбек
"Ауылға Kitapal" жобасының жетекшісі

2 months, 1 week ago

Өзіміз отырып шәй ішейік

Достар, канал аштым. Ол жерде ой, білім, инсайттарымды аудио форматта бөлісіп отырамын. Подкаст қой, былайша айтқанда.

2024 жыл соңына дейін жүргізуге бел будым.

Қызық болса, қосылыңыз. Курс емес, марафон емес, үй тапсырмасы жоқ. Жай тыңдап, ой қозғап отырсаңыз, болды.

Подписка форматын таңдадым. Каналдағы аудио материалдар жыл соңына дейін өшпейді.

Кез келген уақытта подписка жасап, бүкіл материалдарға доступ ала бересіз.

Подписка ұзақтығы: 1 ай.

Ай біткенде, тағы төлем жасап, ұзарта аласыз. Болмаса, кешірек қосылып, тыңдап шығуға да болады. Әрине, ол кезде тыңдап үлгере алсаңыз 🙂

01.03.2024 бастаймын. Оған дейін подписка жасап қойыңыз.

1 айға подписка жасаймын десеңіз,
3000 тг.

3 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
7000 тг.

5 айға бірден подписка жасаймын десеңіз,
12000 тг.

Каспи:
8 777 583 98 00
Руслан Ж.

Чекті мына жерге жіберіңіз: @bmq01

2 months, 4 weeks ago
Еріншектік, ұйқы, жүгіру мен жүзу, балалық …

Еріншектік, ұйқы, жүгіру мен жүзу, балалық шақтың жарақаты, ерте тұру, эмоцияны басқару, отбасы гармониясы жайлы сұқбат Азамат Скаковпен!

https://youtu.be/GR99dAUrbwM

4 months, 3 weeks ago
**Абзал Нарымбетов: мұнайдың болашағы, экспортқа шығу …

Абзал Нарымбетов: мұнайдың болашағы, экспортқа шығу және ішкі нарық / Narikbi LIVE #79

Подкастымыздың бүгінгі қонағы белгілі бизнес-сарапшы, мұнай-газ саласының эксперті - Абзал Нарымбетов ағамыз.

Біз Абзал мырзамен мұнай мен газ саласының болашағы, елімізді болып жатқан экономикалық өзгерістер, бизнестегі аналитиканың маңызы және т.б. маңызды тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/AgswUj-eE1Y

6 months, 2 weeks ago
KITAPAL Club-тың алғашқы кітабының талқысы. KITAPAL …

https://youtu.be/DzXBb_p7n38

KITAPAL Club-тың алғашқы кітабының талқысы. KITAPAL Talk подкасты ретінде бүгін алғашқы видеосы шықты. Таратып, қолдап жіберіңіздер. Кітап жайлы үздік ой айтқан үш оқырман және жүргізуші Данияр Жігітбек.

6 months, 3 weeks ago
Жаңа подкаст шықты***🔥***

Жаңа подкаст шықты🔥
Тұлғалық даму жайлы үздік подкаст:
https://youtu.be/Rr2JjcYVOqc

We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 3 days, 5 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 1 week ago