Лекции, вебинары, курсы от настоящих экспертов. От архитектуры и культуры до программирования, SMM, маркетинга и финансовой грамотности.
Реклама: @Feel_focus
Last updated 1 week, 1 day ago
VK: vk.com/physics_math
Чат инженеров: @math_code
Учебные фильмы: @maths_lib
Репетитор IT mentor: @mentor_it
YouTube: youtube.com/c/PhysicsMathCode
Обратная связь: @physicist_i
Last updated 2 months ago
Құрметті әріптестер!
2024 жылдың 31 қазан күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттықбілім академиясы Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірге «Ауылдық білім беруді тұрақты дамыту мен заманауи сын-қатерлер: стратегиялар, инновациялар және ынтымақтастық» атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияөткізетінін хабарлайды.
Келесі сілтемеде толық ақпарат берілген: http://surl.li/jgdpgo
Уважаемые коллеги!
31 октября 2024 года Национальная академия образования имени И. Алтынсарина Министерства просвещения РК совместно с Инновационным центром развития образования управления образования Павлодарской области проводит ежегодную Международную научно-практическую конференцию «Устойчивое развитие и современные вызовы в сельском образовании: стратегии, инновации и сотрудничество».
По ссылке ниже приглашаем к участию:http://surl.li/sfgskx
Республиканский семинар для педагогов по единой программе воспитания прошел в Астане
Порядка 100 педагогов и сотрудников методических кабинетов из всех регионов страны прошли обучающий семинар на тему «Біртұтас тәрбие. Единая программа воспитания: ценности и их реализация». Организаторы мероприятия – Департамент воспитательной работы и дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан, Национальная академия образования им. И. Алтынсарина.
В рамках семинара участники под руководством кураторов разработали План воспитательной работы на следующий учебный год. Совместно с представителями Министерства здравоохранения, Министерства по чрезвычайным ситуациям РК, Агентства по противодействию коррупции РК, также принимавших участие в семинаре, разработан тематический план классных часов. Организаторы представили различные формы проведения уроков и профилактических мероприятий, касающихся таких тем как «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға!», «Өмірге салауатты қадам», «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» и т.д.
В завершении трехдневного семинара участники разработали план комплексного методического сопровождения педагогов, заместителей директоров по воспитательной работе с целью обеспечения эффективной реализации ценностей и целей программы в образовательных организациях.
Астанада педагогтерге Біртұтас тәрбие бағдарламасына арналған республикалық семинар өтті
Еліміздің барлық өңірінен келген 100 педагог пен әдістемелік кабинеттер қызметкерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында оқыту семинарына қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
Аталған семинар аясында қатысушылар жетекші кураторлар көмегімен келесі оқу жылына арналған Тәрбие жұмысы жоспарын әзірледі. Сонымен қатар осы курсқа қатысқан Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі өкілдерімен бірге сынып сағаттарының тақырыптық жоспарын жасады. Ұйымдасушылар тәрбие сабақтарының әртүрлі формалары және «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға!», «Өмірге салауатты қадам», «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» мен т.б. мәселелердің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу жолдарын ұсынды.
Үш күнге созылған семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен мақсаттарын тиімді іске асыру бойынша педагогтерді, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын кешенді әдістемелік сүйемелдеу жоспарын әзірлеп шықты.
Цифрландыру және «Greening education» – Алтынсарин академиясы мен ЮНИСЕФ ынтымақтастық туралы келісті
ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесшісі Майда Пашичтың елімізге жасаған жұмыс сапары аясында Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаевамен кездесті. Кездесу мақсаты Академия қызметімен, ғылыми жобалармен, еліміздің білім беру жүйесінің жай-күйімен, тараптар арасындағы даму басымдықтары және үрдістерімен танысу болды. Сонымен қатар тараптар ЮНИСЕФ-тің 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы бойынша ынтымақтастық жасау жолдарын талдады. Талқылау нәтижесінде қатысушылар болашақ бірлескен жұмыс – климаттың өзгеруі саласындағы цифрландыру мен білім беру (greening education) бағытына тоқталды.
Цифровизация и «greening education» - Академия Алтынсарина и ЮНИСЕФ договорились о сотрудничестве
В рамках рабочего визита региональный советник по вопросам образования ЮНИСЕФ в Европе и Центральной Азии в Казахстан, Майда Пашич встретилась с Президентом Академии Алтынсарина Мадиной Тыныбаевой. Целью встречи стало знакомство с деятельностью Академии, научными проектами, а также состоянием системы образования в нашей стране, приоритетами и тенденциями дальнейшего развития. Стороны также обсудили возможные пути для сотрудничества в рамках Страновой программы ЮНИСЕФ на 2026-2030 гг. В результате обсуждений участники определили области для дальнейшей работы – цифровизация и образование в области изменения климата (greening education).
Реализация инклюзивной политики в организациях образования
❕В рамках республиканской научно-практической конференции «Аспекты инклюзивного и специального образования: преемственность и возможности», которая проходит в столице с 15 по 17 мая, Директор центра инклюзивного образования Академии Алтынсарина Светлана Исмагулова представила доклад на тему «Реализация инклюзивной политики в организациях образования».
?Целью конференции является обсуждение актуальных вопросов и решение проблем развития инклюзивного образования в регионах республики, повышение профессиональной компетентности педагогов, обмен опытом, укрепление сотрудничества, развитие новых идей и проектов. В мероприятии приняли участие специалисты управлений образования и методисты методических центров, руководители и педагоги организаций всех уровней образования.
?В ходе трехдневной работы конференции будет происходить взаимообмен практическим опытом между педагогами и специалистами страны по использованию современных эффективных образовательных технологий в целях повышения качества обучения и социальной адаптации обучающихся с особыми образовательными потребностями.
Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру туралы
❕«Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысында Алтынсарин академиясы Инклюзивті білім беру орталығының директоры Светлана Исмагулова «Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Аталған конференция елордада 15-17 мамыр аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және Астана қаласының әкімшілігінің Білім басқармасымен ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
? Конференция мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту. Іс-шараға білім басқармалары мамандары мен әдістемелік орталықтар әдіскерлері, барлық білім беру деңгейлері ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
?Үш күндік созылған конференция жұмысы барысында еліміздің педагогтері мен мамандары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту сапасын арттыру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында заманауи тиімді білім беру технологияларын пайдалану бойынша тәжірибелерімен алмасатын болады.
Астанада педагогтер білім алушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады
Астанада «Орта білім беруде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру» атты педагогтерге арналған республикалық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараға әр өңірден келген 70-ке жуық мектеп педагогі қатысты.
Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов республикалық іс-шараның ашылуында сөйлеген алғысөзінде қазіргі таңда орта білім беру саласында білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру өте өзекті екенін атап өтті.
Семинардың шеберлік сабағы бөлігінде Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Гүлмира Асанбекова білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетін дамыту туралы өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқу процесінде тиімді қолданып жүрген тәсілдерін көрсетіп, қатысушылармен кері байланыс орнатып, өз тәжірибесін ұсынды.
Республикалық іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды. Бұл іс-шара орта білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық пен академиялық адалдық мәдениетін ілгерілетуге, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға, жас ұрпақ бойында жауапты азамат құндылықтарын тәрбиелеуге, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтауға бағытталған.
Сарапшылар жиналған кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтардың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру және жауапкершілігі жоғары азаматтың құндылықтарына сәйкес жас ұрпақты заңға құрметпен қарау және құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды.
Сарапшылардың ұсынымдары орта білім беру саласындағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі назарына қабылданды.
? Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы тоқсан сайын шығады, журнал жарияланымдары отандық дәйексөздер қорында және Index Copernicus базасында индекстеледі. Журнал мақсаты қазіргі отандық және шетелдік ғылым жетістіктерімен алмасу, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелерімен құзыретті мамандар мен жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Басылымның негізгі тақырыптық бағыты – орта білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін жариялау.
? Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қаралым статистикасы бойынша үздік 5 мақаланы ұсынамыз:
1) ТАРИХ САБАҒЫНДА «LESSON STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ (авторлары: Асылхан Рахым, Бауыржан Абдрахманов)
2) ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ (авторы: Асқарбек Құсайынов)
3) БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС (авторлары: Әлия Исаханова, Айгүл Садвақасова)
4) ЭФФЕКТИВНОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ УРОКА КАК ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ: ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ И РЕКОМЕНДАЦИИ (авторлары: Айзат Арыстанбек, Сая Жагпарова)
5) БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ (авторы: Анар Тәңірбергенова)
? Аталған мақалалармен және мақалаға қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bilim-uba.kz/index.php/science
Лекции, вебинары, курсы от настоящих экспертов. От архитектуры и культуры до программирования, SMM, маркетинга и финансовой грамотности.
Реклама: @Feel_focus
Last updated 1 week, 1 day ago
VK: vk.com/physics_math
Чат инженеров: @math_code
Учебные фильмы: @maths_lib
Репетитор IT mentor: @mentor_it
YouTube: youtube.com/c/PhysicsMathCode
Обратная связь: @physicist_i
Last updated 2 months ago