Qara sıa ?

Description
Ол туралы…✨
Advertising
We recommend to visit

По вопросам сотрудничества - @oknknk

Last updated 2 days, 19 hours ago

inst: https://instagram.com/k1ill0?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

по сотрудничеству-@liberty_www

Last updated 1 month, 1 week ago

1 year, 2 months ago

Алла құлын жақсы көрсе, егер ол құлы Пайғамбардың (саллаллаху алейхи уа саллям) артынан еремін деп шешсе, ол дайын болуы керек. Алла ол құлының жүрегін тек Өзі мен Елшісіне арнау үшін жиі тазартатын болады. Адамдарға деген махаббаттан тазартады, олардың сөзімен не ісімен құлын сынау арқылы. Жүрегін тек Раббысын іздейтін қылып тәрбиелейді. Жүрегін тек Пайғамбарға еретіндей қылып басқарады.

1 year, 2 months ago

Түсте тамақтануға барғам. Бір әжені көрдім. Жүзі сондай нұрлы. Жоқ, жүзі ғана емес, жәй тұрғанының өзі, әр қимылының өзі - Нұр. Оның сәулесін айналадағы адамдарда сезгендей, бәрі сол жарыққа қарай ұмтылғандай әжеге көмектесуге, мен де қалыспай мантысын салып беруге, басқа біреу шәйін демдеп беруге, келесі адам алған тамағын үстеліне апарып беруге асықты. “Оны мен қуантайыншы, ризашылығын мен алып қалайыншы” деп таласқандай бәрі. Ол әже жәй ғана - жарық нұр болып тұрды.

Адам саған ешнәрсе істемесе де, тіпті еш тіл қатпай жатып-ақ осынша өзіне баурай алады екен - ау.

Раббымыз баршамызға әдемі қарттықты нәсіп етсін.

1 year, 2 months ago

Ислам мәдениеті - ол …

өте сұлу, көркем, мейірім мен даналыққа толы

1 year, 2 months ago

“Біз көңілдерді түсіру үшін емес,
Түскен көңілдерді көтеру үшін келдік…”

1 year, 2 months ago
1 year, 2 months ago

Пайғамбарымыз (с.а.с.) туған күні - Мәуліт мейрамы мүбәрак болсын****

Барлық дұға тілектеріңізді Алла қабыл етсін ??

Дұға үшін аты - жөніңізді жазып кетсеңіз болады ?*??*

1 year, 3 months ago

Дети лечат нас ?

1 year, 3 months ago

Дәнияның осы посттарын оқып, жаным тебіреніп кетті түннің жарымында ?

1 year, 3 months ago

27 тамыз күні Шымкентте болған ерекше қатты найзағай мен бұршақ жауын бәрінің есінде шығар жергілікті адамдардың ?

Дәл сол күні Аиша комьюнитидің 2ші кездесуін өткізіп болып, Дәния екеуіміз қорытындылап паркте отырғанбыз. Сол сәтте жауын басталды ақырындап. Біз дереу екі мекен-жайға такси шақырып, үйге қайтып бара жаттық. Сонда такси күтіп тұрғанда Дәния күліп тұрып: “осы соңғы кездесуіміз шығар, 2сіне дейін Астанада болуым керек” деді.

Күн ашық кезде кездесуді өткізіп, өміріне риза болып тұрған менің көңілім, жаңағы сөздерді естігенде жауа бастаған жаңбырмен бірге су сепкендей басылды да қалды. Өз күйімді өзім аңғарып үлгермедім. Ол үйіне түсіп кеткен соң, үйге келгенше жылап, үйге келген соң сәждеде жатып, қатты бұршақ жаңбырмен жарыса тағы жылағаным бар еді. Одан қалса, келесі 1-2 күнде көңіл - күйім онша болмады. Жанымның жабырқап тұрғанын Рахманнан басқа ешкім жұбата алмайтындай күйде болдым.

Асылында, жылап жатқан мен емес, менің рухым еді… ?

Тілмен айтып жеткізе алмайтын қандай сезім бастан кешіріп едіңіз? Менің сол кездегі күйім дәл сондай болған еді. Тіпті өзімде парқына барып үлгермедім, неге көңілімнің сонша құлазығанының.

Артынан тынышталып, ойланып көрсем, Дәния менің өміріме енген Алланың нұры екен. Оны көргенде үнемі… үнемі Оны еске алады екем. “Менің жанымды түсінетін адам жоқ шығар” деп ойлап жүрген кезімде, алдымнан күн секілді жарқырап шыға келген, мені сөзсіз түсінетін, көзіме қарап-ақ бәрін ұғатын жарық шуағым екен ? “Тағы жалғызсырайтын болдым” деп құлазыған көңілімнің сол сәттегі мұңы орынды да екен ау ?

Ол қазір Астанада. Мекен өзгергенімен, бәрі бұрынғыша. Бір - бірімізді әлі қатты сеземіз. Рухтардың бір - бірін сезуі мекенге бағынышты емес екен ғой. Алланың мекенге бағынышты болмағанындай ☺️?

P.S. Постты жазбас бұрын, алдымен Дәнияны өміріме сыйлаған Жаратушыма ризашылығымды білдіріп алдым 2 рәкат шүкірде, сосын ғана каналымда ☺️? қайда жүрсеңіз де аман болыңызшы

1 year, 3 months ago

Воистину, другим вообще не до тебя.

Просто Всевышний посылает их тебе с целью твоего воспитания, чтобы показать, что скрыто в тебе. Будь это хорошее или плохое.

We recommend to visit

По вопросам сотрудничества - @oknknk

Last updated 2 days, 19 hours ago

inst: https://instagram.com/k1ill0?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

по сотрудничеству-@liberty_www

Last updated 1 month, 1 week ago