SULTANKYZY

Description
Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 Monat her

Комментарииге жалықпай тыңдайтын әннің өзін не атын жазып жіберіңізші. Плейлистімді жаңалайын құрсын😅

1 Monat her
1 Monat, 4 Wochen her

Осы нұсқасы ұнады😍

3 Monate, 3 Wochen her

А уже босады, менсіз де білесіздер ғой?

3 Monate, 4 Wochen her

Сәлем, мен ғой Ләйлә.
Дуров ұсталды…
Енді?

4 Monate, 2 Wochen her

Орындалған бір арман??

Былтыр тұңғышыммен Жапонияға жол түсер деп ойлап қойғанмын. Құрбыммен біраз дайындалдық. Өкінішке қарай денсаулық жағдайына байланысты бұл сапар кейінге шегерілді. Ұлына уәде берген ана жүрек бір жыл бойы тырысты. Биыл 10 күнге үлкенім екеуміз барып келдік. Мәдениеті, тарихы, жастардың субмәдениеті өзіме қызық болды.

Осака, Окинава, Токиоға бару бұйырыпты. Жазда өте ыстық, тым ылғалды мемлекет. Ығы-жығы адам, жанталас.
Жапония десе аниме елкстейтін болды ғой. Көшеде нешетүрлі аниме кейіпкерлері сияқты киінгендер көп. Жастар тұрмақ, үлкендердің өзі «сен өзі түрлі-түрлі, түрлі екенсің» болып жүр?
Тазалыққа енді сөз жоқ. Тәртіпті биік қойған халық. Бір бос бөтелкені құшақтап 3 сағаттай жүрдім. Қоқыс жәшігін сол күйі таппадым. Қоқыстың бәрін жинап, күнде бөлмеге көтеріп келеміз
Еуропадағыдай бала да, екіқабат әйел де аз. Google-ға Жапония туралы қызық факт деп жазсам, «баладан қарағанда үй жануары көп» дейді.
Еңбекқор халық. Күні-түні жұмыс істеуге бар. Сосын толық (семіз) адамдар өте аз. Жоқ, айтарлықтай спортпен де айналыспайды. «Гены» дейді.

Қысқасы, күннің ыстығына төзіп, қалаларды барынша жаяу аралауға тырыстық. Контрастқа толы мемлекет. Әлі талай оралармыз, бұйырса??

#саяхат #балам #Жапония

5 Monate, 1 Woche her

⚡️ӘЙТЕНОВ VS ӘТЕШОВА

?Тағы бір даудың басы қылтиды. Қылтиғалы біраз болды «жалдамалы» сайттар мен телеграм каналдар былтырдан бері түрлі “дәмдеуіштер” қосып алғышартын жасап, бықсытып келеді.

?Өртті тұтандырып, отқа айналдырып алған соң жан-жақтан үрлей бастады. Әке мен шешені қойшы — беттері бес елі, терілері қалың, «жанатын» — балалары...

?Заң шыққалы да әйелдер қауымы мен еркектер қауымы арасына үлкен «сызат» түскендей. Бітіспес соғыс ашық майданға айналып бара жатқандай.

?Әйтеновты «піштіру» керек деп білек сыбанған қоғам, кешегі біраз видеодан кейін Әтешованы ат құйрығына байлайық деп «қылыштарын» жалаңдатты.

?Бүгін айқай-шумен бұрынғы байын бес күнге қаматқан Әтешованың өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Заңда “жыныс” жоқ, ұлт жоқ.

?Әлеуметтік желілер мен саржағал сайттар қоғамдық пікірді қозғап, қоғамдық пікір үкім шығаруға ықпал ететін құралға айналмауы керек. Шешім әділдік негізінде шығып, соңғы үкімді тура билер айтуы тиіс.

?Құқықтық мәдениет қалыптасқанша талай бас жарылып, көз шығар. Ешкім ешкімнің жанын жемей, айқай-шусыз, мүлікті тартыссыз бөлісетін уақытқа жеткенше қос тараптың бір-біріне жаппаған жаласы, жақпаған күйесі қалмас... Бірақ, балалар екі ессіздің ермегі мен қоғамның мазағына айналмауы тиіс...

Пікір иесі: Ержан Төлек

5 Monate, 2 Wochen her

Қалайсыздар? Кітап беремін деп жоқ болып кеттім? мендегі кітап «Жақын Жапония» деп аталады. Ал енді кішкене спойлер… Жапонияда бірнеше жыл тұрған Жадыра деген қазақ қызының кітабы. Жапония туралы қызықтар, мәдениеті жайлы кітап. Жеңімпазды интригасыз, комменттен таңдаймын деп шештім. Қандай кітап оқығыңыз келіп жүр? Қандай кітап өзіңізгн қатты ұнайды?

5 Monate, 3 Wochen her

Менде бір жақсы 3 кітап бар. Соны телеграмдық оқырмандарыма сыйласам қайтеді и деп отырмын?

6 Monate, 3 Wochen her

ҚАРТАЙҒАН КЕЗДЕ ӨКІНЕТІН 10 НӘРСЕ:

  1. Мүмкіндік пайда болған кезде саяхатқа бармағаны үшін
  2. Жаман жұптың жанында ұзақ уақыт бірге болғаны, одан ертерек ажыраспағаны үшін
  3. Басқа адамдар өзі туралы не ойлайтындығына тым көп көңіл бөлгені үшін
  4. «Мен сені сүйемін!»,- деп айтуға қорыққаны үшін
  5. Тым көп жұмыс істегені үшін
  6. Балаларымен жас кезінде көп бірге болып ойнамағаны үшін
  7. Ата-анасымен тірі кезінде жақын болып, оларға көп көңіл бөліп, тыңдап, түсінбегені үшін.
  8. Тәуекелге барып, жүректі қадам жасамағаны үшін
  9. Құлықсыз, ұнамайтын жұмыстан ерте кетіп қала алмағаны үшін
  10. Өзінің ЖАС, СҰЛУ, ӘДЕМІ болғанын ерте сезініп, бағаламағаны үшін

(С)Амантай Тойшыбайұлы

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago