darakchi.uz saytining rasmiy telegram kanali
Тезкор - @darakchiuzlive
Русча - @darakchi_ru
YouTube - https://darakchi.uz/s/yt
Instagram - https://darakchi.uz/s/in
Facebook - https://darakchi.uz/s/fb
Реклама - @darakchiuzreklama, 97 330-93-91
Last updated 1 month ago
Paid Pramotion @KingOfTippersS
Save Link 18+Ag👇
https://t.me/joinchat/WBCgZavZBtU3YmJl
ShriRam Book User Name👇
@Shriram247
For Complaint 👇@ShriramBookCustomerCare
Reach out Link👇
https://reach.link/ShriRamBook
Last updated 5 months, 2 weeks ago
➡️𝐎𝐟𝐟𝐢𝐜𝐢𝐚𝐥 𝐎𝐩𝐞𝐧 𝐆𝐫𝐨𝐮𝐩👇
https://t.me/Big_Bro_Book_Open_Group
➡️𝐏𝐚𝐲𝐦𝐞𝐧𝐭 𝐏𝐫𝐨𝐨𝐟 🤑🤑
https://t.me/+owouYW51HvVkNmZl
➡️𝐘𝐨𝐮 𝐂𝐚𝐧 𝐎𝐩𝐞𝐧 𝐀𝐜𝐜𝐨𝐮𝐧𝐭 𝐎𝐧 𝐖𝐡𝐚𝐭𝐬𝐚𝐩𝐩👇
wa.link/bigbro
wa.link/bigbroid
wa.link/bigbron
Last updated 3 months ago
"Милан" мен "Реал" үшін туған бапкер
Бүгін Карло Анчелотти 65 жасқа толып жатыр екен. Папа Карлоның рекордтарын менсіз де білесіз. Сондықтан Карло Анчелоттидің жанында жүргендей әуезелемей, медиа портретін жасап көрелік.
Анчелотти – айналасына мамыражай атмосфера сыйлайтын, дау қуатын емес – мәмілегер бапкер. Ол жүрген жерде жылылық лебі есіп, қамқорлығы мен мейірімі негативтің бәрін қуып шығады.
Анчелоттидің командасында негізгі құрамға шықпаған футболшы да өзін бақытты сезінеді. Моуриньюға ренжігендер көп, Зиданға да өкпелегендер жетерлік. Неге Карло көкемізге келгенде ешкім жаман нәрсе айтпайды? Өйткені оның бойында туа бітті қасиет бар. Бірінің әкесіндей, бірінің ағасындай, бірінің кластасындай, бірінің нағашысындай болып кетеді.
Бұл пікірді аса ешкімді місе тұтпайтын Златан Ибрагимовтың өзі айтқан.
"Оның командасында алаңға шықпаған футболшылар да ашуланбайды. Өйткені, ол сенің бапкерің ғана емес, әрі досың. Ол бәріне бірдей қарайды. Бір қарасаң, ол сені басқалардан ерекше көретіндей сезімдесің. Бірақ ол бәріне солай көрінеді".
Криштиану Роналду да бұл сөзді жоққа шығармайды, Оның айтуынша, Карло Анчелотти жаттығудан кейін футболшылардың қолынан жетектеп үйіне ертіп әкететіндей қамқор әкедей.
Ешкімге дауыс көтермейді. Ешкімді команда алдында ашық сынамайды. Ешкімнің шамына тиетін сөз айтпайды. Ол футболшылардан не талап ететінін байыппен, мейіріммен сұрай алады.
Арчелотти ешкімге жақсы адам болып көрінуге тырыспайды. Өйткені ол жаман адам бола алмайтын тұлға. Әр футболшы одан өзінде жоғын іздеп табады.
Анчелотти талай "жындымен" жұмыс істеді. Жарқын өкілі – Дженнаро Гаттузо. Командадан орын тауып берді, рөлін белгілеп берді.
Анчи – клуб басшылығы таңдап әперген футболшылардан команда жасақтай алатын адам (Гвардиола, Моуринью, Тухель, Клопп, Конте – трансферге араласып, клубтан кейбір ойыншыларды сұрайды). Джуд Беллингем – айқын мысал. "Реал" командасының шырқын бұзбай, алаңдағы функциясын нақтылап берді. Бәрі риза! Футболшының интеграциясын сәтті жүзеге асыратын адам.
Карло көке – футболшының көңілін қалдырмайтын емес, көңілін түсірмейтін бапкер. Оның командасында резервте отырған адам да команда мүшесі екенін, алаңға шықпаса да үлес қосып отырғанын айқын сезінеді.
Карло көке – команда мен клуб басшылығының арасына сызат түсірмейтін бапкер. "Милан" клубында жүргенде Сильвио Берлускони көке оның "қанын ішіп" қойған. Кейде пресса арқылы, кейде Адриано Галлиани арқылы командаға дегенін істетпек болған. Бірақ Карло ағай оған да көнген. "Шабуылшыны көп шығару керек" деп талап қойса, клуб басшысымен сөз таластырудың, болмаса саботаж жасаудың қате екенін біледі. Бәрібір жолын тауып, алаңға өзі таңдаған 11 ойыншыны шығарады. Нәтиже болған соң, клуб басшылығы алдында шешімін ақтап алуға да мүмкіндік бар.
Карло Анчелотти – мықты менеджер. Көмекшілері мен бапкерлік штаб мүшелеріне функциясын тең бөліп береді. Бірі қарсыласты зерттейді, бірі тактикаға бас қатырады, бірі футболшылардың физикалық дайындығын пысықтайды. Ал өзі отырып соның бәрін басқарады. Футболшылармен жеке-жеке сөйлесіп, әрқайсына жол көрсетеді. Тәжірибесін айтады, ақылын береді. Ешкім жалғызсырамайды, жетімнің күйін кешпейді.
Футболшылардың өз тілінде сөйлеседі. "Челси" барғанда күніне 12 сағатын арнап ағылшынша үйренген, ПСЖ барғанда жатпай-тұрмай француз тілін меңгерген.
Карло Анчелотти – "Милан" мен "Реал" үшін жаралған бапкер. "Челси" үш жыл сайын бапкер ауыстырады, "Бавария" мен Карлоның менталитеті сай келмейді. "Наполи" клубының ұлылығы Марадонамен бірге келіп, сонымен бірге кеткен. "Эвертон" – Карло үшін жұмыссыз жүрмеудің амалы ғана.
Маған Папа Карлоның бір ұнайтын қасиеті – команда стилін нақты бір "ярлыкқа" байламайды. Қарсыласқа доп бермеу, контр шабуылға жатып алу, тең ойын үшін қорғаныстан шықпау, нақты бір жүйеге (4-3-3, 3-5-2, 5-3-2) байлану сияқты рамкалардан қашады. Кез келген матчта шамасына қарап ойнайды. Шабуылдау керек пе – мә саған! Контр ма – мә саған! Доп керек пе – тартып ал! Прессинг пе – қарсыластың шабуылын жөргегінде өлтіру.
Анчелотти феномені осы!
Қазір "Байер" деген дәу шықты ғой. Рекорд біткеннің бәрін жаңартып, әзірге осы маусымда сүрінбеген Еуропадағы жалғыз команда. Команда шынымен мінсіз бе? Биыл бундеслиганы жеңе ме? Еуропа лигасында атой сала ма? Осы сұрақтарға жауап іздейік.
"Байердің" басымдығы туралы айтайық. Ол жағынан біраз факторды айтуға болады:
▪️Адуынды команда. Осы маусымда 81 гол салып, қақпасына 18 гол ғана жіберіпті. Гол салу – гол жіберу сальдосы ғажап. 25 матчтың 11-інде клиншит (гол салдырмаған) тіркелген. Біз тек ресми матчтарды айтып отырмыз.
▪️Команда барлық матчта гол салып келе жатыр және қорғаушыға дейін қанжығасы майланған. Демек, "Байер" нағыз команда. Бір адамға байланып қалмаған. Бундеслигада 12 түрлі футболшы, Еуропа лигасында 14 түрлі футболшы, Германия кубогында 5 түрлі ойыншысы гол салып көзге түскен.
▪️Хаби Алонсо ротация жасаудың шебері. Бәріне бірдей мүмкіндік беріп отыр. Қай позициядағы ойыншыны алмастырса да, абыроймен ойнайды. Тіпті, қақпашылар – Лукас Градецки бундеслигада, Матей Ковар Германия кубогы мен Еуропа лигасында ойнайды. Барлық футболшы өзін команданың белді мүшесі сезінеді.
▪️Команданың ойын стилі – сескенбей ойнайды, шабуылдан қорықпайды және қорғанысты да ұмытпайды. Команда әр матчта орта есеппен 3,24 голдан салып отырады. Әр матчта орта есеппен қақпаны 16 рет нысанаға алып көреді. Бұл – ғажап көрсеткіш.
Ал, енді "Байердің" осал тұстарына тоқталайық:
▪️Команда осы маусымда үш рет тең ойнады. Қарсыластары – "Бавария" (2), "Боруссия Д" (5) және "Штутгарт" (3). Үш команда да тікелей бәсекелесі. Әзірге үздіктердің арасынан тек "Лейпциг" командасынан ғана басым түсті. Демек, командаға әлі де алыптарды жығатын әдіс-айла жетіспейді. Бундеслиганың 4-турында "Бавария" 9 рет қақпаға тура тепті, жолы болмады. "Байер" 5 тура соққымен жауап қайтарды. 14-турда "Штутгарт" леверкузендіктерден әлдеқайда басым ойнады. "Байердің" жолы болып, бір ұпай еншілеп кетті. Ал, 13-турда дортмундтықтардың жолы болды. "Байер" ойын бойынша жеп қойды, бірақ 1 ұпайды қанағат тұтты.
▪️Тағы бір факт: "Байерге" Германия кубогы мен Еуропа лигасында әлі ірі қарсылас кездескен жоқ. Бәрін қоғадай жапырып келе жатыр. Осы маусымда Хаби Алонсоның командасына қарсы басымдық көрсеткен "Бавария" мен "Штутгарт" қана. Ал, бұл командалар бундеслигада 2-ші және 3-ші орында келе жатыр.
▪️"Байерде" ойын, мінез, джокерлік жүріс, позициялық шабуыл бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ әлі де әдіс-айла мен тәжірибе керек.
P.S. Бұл команданың 2002 жылы ЛЧ финалы мен Германия кубогы финалында қатар жеңіліп, Бундеслигада чемпиондықты соңғы турда беріп қойғанын ұмытқан жоқпыз.
АПЛ осынысымен қызық!
06.11.2023 Тоттенхэм – Челси (1:4)
25.11.2023 Ньюкасл – Челси (4:1)
10.12.2023 Тоттенхэм – Ньюкасл (4:1)
Әр матч басқа. Өзіңнен "сорлы" команда келесіде өзіңнен "зор" болып шығады. Анық фаворит жоқ. Маусымды сәтсіз бастаған "Эвертон" соңғы екі матчта жауапсыз 5 гол салып (Ньюкасл, Челси), қайта еңсесін тіктеп алды.
Испанияда "Жирона" дейтін дәу шықты. Ла Лиганың 16-турынан кейін 41 ұпай жиған жалғыз команда. Чемпионат басталғалы ақырып, қарсылас біткенді қоғадай жапырып келеді. Биыл бір ғана матчта – "Реал" командасынан жеңілді. 16 матч – 41 ұпай (13 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңіліс). Былтыр 38 турдың қорытындысы бойынша 49 ұпай жиған (13 жеңіс, 10 тең ойын, 15 жеңіліс).
Әрине, футболда сенсация жиі кездеседі. Бірақ "Жирона" феномені неде? Команда қалай адам сүйсінетін ойын мен нәтижені тең алып келеді?
"Жирона" кеше тарихында бірінші рет "Барселона" командасын жықты. Жеңгенде де, сырт алаңда 4-2 есебімен басым түсті. Былтыр да "Жирона" атақты "Реал" командасын 4-2 есебімен жеңіп айды аспаннан шығарған еді.
"Жирона" феномені қарапайым. Бұл клуб 2017 жылы City Football Group құрамына еніп, клубтың бағына орай тұрақты инвестиция мен жаңа үлгідегі футбол менеджменті бұйырды. Қазіргі "Манчестер Сити" командасы ұстанған жолды CFG құрамына кіретін әлемдегі тағы 10 клуб негізге алып отыр. Клубты коммерция һәм спорт тұрғысынан ілгерілету тетігі 11 клубта сатылап жүзеге асып келеді. Өзара футболшы алмасып, трансферлік жүрісті де реттеген. Пеп Гвардиоланың да тактикалық мектебі сезіледі.
Айтпақшы, "Жирона" басшылығында Пеп Гвардиоланың туған ағасы отыр. Бұл да клубтың жетістігіне тікелей әсер ететін фактор.
Артем Довбик пен Виктор Цыганков дейтін қос украин команданың тактикалық стиліне тез бейімделді. Былтыр "Реал" қақпасына покер жасаған Валентин Кастельянос "Лацио" клубына сатылғанда оның орнын кім бастады деген уайым болған еді. Бірақ Артем Довбик импульс беріп, шабуылда Эрлинг Холаннға айналды. Артем Довбик тек оңтайлы сәтін тосып жүретін форвард емес, ол арқылы команда толассыз шабуылдай да алады. Ал 37 жастағы Кристиан Стуани барлық матчта ойнай алмаса да, командаға тыңнан күш беріп жүр.
Қорғаныстағы Дейли Блинд пен Эрик Гарсия тандемі де "Жирона" жетістігіне тікелей әсер етуші факторлар. Екеуі де бірінші пасты ғажап шығарады, шабуылға қорғаныстан дем береді.
Команда прессинг жасаудан алдына жан салмайды, дәл қазір Ла Лигада бұл тұрғыда 4-орында келе жатыр. Қай командаға қарсы ойнаса да, ойын философиясынан бір тайынбайды. Сескенбейді, тартынбайды, қорықпайды. "Жирона" негізі осы мінездің арқасында келе жатыр. Каталония клубы тек көп ұпай жиған емес (41 ұпай), бәрінен көп гол (38) салған да ұжым. Бірақ команда өндіріп гол салғанымен, соншалықты қақпасына көп гол жібереді (20). Егер Ла Лигадағы ТОП-5 команданың көрсеткішін алсаңыз, "Жирона" бұл тұрғыда осалдау.
Кеше "Барселона" жеңілді демесеңіз, қарсылас қақпасын 31 рет нысанаға алды. "Жиронаның" қақпашысы да мықты. Әйтпесе, "Жирона" соңғы матчтарда "Валенсия", "Осасуна", "Райо Вальекано" сияқты командалардың да еркін шабуылдауына мүмкіндік беріп қойды. Команданың әлсіз, осал жері де осында.
2016 жылы Англияда "Лестер" ертегісі болды ғой. Көпшілік сол ертегіні Ла Лигада "Жирона" да қайталай ма деп үміттенеді. Меніңше, олай бола қоймас. "Лестер" чемпион болған жылы Англиядағы ТОП клубтардың бәрі уақытша дағдарысқа ұшыраған еді. Ал, "Реал", "Атлетико", "Барселона" қазір қиын жағдайда дей алмаймыз. Бұл командалардың тәжірибесі, ресурсы, амбициясы ешқашан сарқылмайды.
"Лестер" чемпион болған жылы орташа есеппен әр матчта 1 гол ғана жіберетін (68-36), ал "Жирона" қазір әр матч сайын орташа есеппен 1,25 голдан жіберіп келеді. Былтыр "Барселона" чемпион болғанда 38 мачта бар-жоғы 20 гол жіберген еді.
"Жирона" биыл төрттікке ілінсе де, ғажап көрсеткіш. Мынадай ресурспен, мынадай энергия көп жұмсайтын ойынымен сарқылып қалуы да ғажап емес. Испанияда "Реал", "Барселона", "Атлетико" сияқты командалардан кейін тұрудың өзі – чемпиондықпен пара-пар.
Скотт Мактоминей деген жігіт осы маусымда 4 рет дубль жасапты. Ғажап көрсеткіш қой. Кезінде Жозе Моуринью осы жігітті МЮ академиясынан алдырып, негізгі құрамға қосып еді. Болашақта МЮ капитаны болатындай мінезді жігіт. МЮ құндылықтарын ескеретін бір ойыншы болса, осы Скотт Мактоминей. Матчтың ақырғы ысқырығы шалынғанша барын салады.
Биыл АПЛ 8-турында МЮ өз алаңында Брентфордтан 0-1 есебімен жеңіліп жатқан. 87-минутта алаңға Скотт Мактоминей шығады да, 90+3 және 90+7 минутта екі гол салып камбэк жасады.
Шотландия – Кипр арасындағы матчта да дәл осы сценарий қайталанған. 87 және 90+3 минутта екі гол салып жіберген.
Дәл қазір АПЛ-де МЮ сапында ең көп гол салған ойыншы (5 гол), Еуро-2024 іріктеуінде де сұрменгендер көшінде (7 гол).
Маркус Рэшфорд биыл сүреңсіз ойнап жүр, Расмус Хойлунд ЛЧ-да ойқастап жүргенімен, АПЛ-де әлі гол салмады. Антони өзін таппай жүр, Марсьял ойын тағдырын шеше алмайды. Бруну Фернандеш кеше пенальти сала алмады (капитан ретінде үлгі болуы керек).
Осындайда Бэтменнің "Этому городу нужен герой" деген сөзі еске түседі. Манчестерге қаһарман керек және ол Скотт Мактоминей болуы бек мүмкін.
Шешуші матч: ЕУРО алдындағы финал
Словения Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне бір рет (2000 ж), Әлем чемпионатының ақтық турниріне екі рет (2002 ж, 2010 ж) қатысқан команда. Бізге қарағанда тәжірибелі – "тәшкенкөрген".
Бүгінгі матч – финалға бергісіз. Сол үшін де матч төрешісі етіп Шимон Марцинякты қойды. Былтыр ғана Катарда өткен ӘЧ финалына (Аргентина – Франция) қазылық еткен поляк маманы. Пенальти беруден тайынбайды. Кез келген фол үшін ойынды тоқтата бермейді.
Жалпы, Қазақстан H тобында Словения құрамасынан басқасын кемі бір рет жеңіпті (Дания – 1, Финляндия – 1, Солт.Ирландия – 2, Сан-Марино – 2). Неге Словенияны жеңбеске?
Жалпы, осы кездесуде Қазақстан аутсайдер ма? Иә. Бірақ футболда аутсайдер дегеннің бәрі жеңіле бере ме? Жоқ.
Көпшілік УЕФА президенті Александер Чефериннің словениялық екенін айтып жатыр. Бірақ бұл фактор матчқа еш әсер ете алмайды. Ары кетсе сырттай тілеулес – жанкүйер болады. УЕФА ұйымын Мишель Платини басқарған жылдары (2007 – 2015 ж.ж) француздар не Еуро, не Әлем чемпионатының финалына шыққан жоқ. Қайта француздар Платиниге дейін, Платиниден кейін олжалы болды.
Негізі, маркетинг тұрғысынан Еуроға 2 млн халқы бар Словения емес, 20 млн халқы бар Қазақстан шыққаны тиімді. Германияға артынып-тартынып барғалы отырған қазақтар шашетектен. Қосымша рейс ашуға тура келеді. Өйткені, алдағы түні 3 ұпай еншілесек, тарихқа енгелі отырмыз.
Қазақстанның Еуроға жолдама алғаны Amazon, Netflix, Apple TV сияқты платформалар үшін де азық болады. Қазір бұл платформалар көпшілікке "таңсық" тақырыптарды эпикалық бояумен әрлеп, сюрреалистік туынды етіп береді.
Енді бүгінгі матч туралы ой қозғасақ. Әрине, мәреге әудем жер қалғанда Асхат Тағыберген, Бақтияр Зайнутдинов сынды екі лидеріміз жарақат алып қалды. Ұлттық құрамаға тікелей әсер ететін факторлар. Өйткені, Қазақстан 9 турда 15 гол салса, соның төртеуін Зайнутдинов, екеуін Тағыберген салған. Қазір құрамада Айымбетов (3 гол), Вороговский (2), Самородов (2), Чесноков (2) сияқты голеодорлар бар.
Зайнутдинов стандарт кезінде (пенальти, бұрыштама) пайдалы болса, Тағыберген алыстан тебудің хас шебері. Команда позициялық шабуыл ұйымдастыра алмай жатқанда керек қасиет осы екі ойыншыда бар-тын.
Словения бүгін алғашқы минуттан бастап қыспаққа алады. Оларға тең ойын да жеткілікті. Ал Қазақстанға тек жеңіс (3 ұпай) керек. Сол себепті матчтың 60-70 минутына дейін гол жібермегені дұрыс.
Словения қақпасында Ян Облак деген дүр голкипер тұрады. Клиншит королі – матчта оңайлықпен гол жібермейді. Әсіресе жақын дистанцияда ғажап ойнайды. Қақшып алады. Бір гол сала алсақ та олжа. Ол үшін өзіміз гол салдырып алмауымыз керек.
Өз басым бүгінгі матчты жеңіп, Еуроға жолдаманы ертерек алғанды құп санаймын. Өйткені, 2024 жылдың наурызында қазіргі инерция, мотивация болмайды. "Темірді қызған кезде соқ". Адиевтің сөзінде жалын барда, жігіттердің көзінде от барда Любляна қаласында лапылдау керек.
2024 жылдың наурызы – Қазақстан біріншілігі енді басталатын шақ. Ұлттық құрамадағы жігіттердің басым көпшілігі ҚПЛ-де ойнайтынын ескерсек, ол кезде көбі бабында болмайды. Сондықтан, Еуроға апарар ең төте жол – Словенияны жеңу. Жігіттерге сәттілік!
Еуро дегеніміз не? Еуро – Бразилия мен Аргентинасыз өтетін әлем чемпионаты. Мұндай турнирге жолдама алу – зор мақтаныш!
Кеше "Интер" дегендердің күні болмады.
"Интер Майами" АҚШ ашық кубогының финалында жеңіліп қалды. Миландық "Интер" де ешкімге бет қаратпай келе жатыр еді. Кеше олар да өз алаңында "Сассуоло" клубынан жеңіліп қалды.
Жалпы, "Сассуоло" туралы әңгіме қозғағым келіп отыр. Олар 5-турда "Ювентус" командасын 4-2 есебімен жеңген, енді 6-турда сырт алаңда "Интер" клубынан үш ұпайды тартып алды.
"Сассуоло" бесінші турда Италияның 36 дүркін чемпионын жеңіп қана қойған жоқ, тас-талқан етті. Қақпаға ұшқан қауіпті доп: 18 – 15. Тура тепкен доп: 7 – 2. Толық басымдық.
"Сассуоло" осы басымдығын кеше сырт алаңда "Интер" командасына қарсы ойында да ұстанды. Қақпаға ұшқан қауіпті доп: 13 – 13. Тура тепкен доп: 3 – 6. Сырт алаңда да қымсынбай ойнады.
Менің таңғалатыным: "Сассуоло" қалайша Доменико Берарди сияқты ойыншысын ешкімге сатпай отыр?
2013 жылы "Ювентус" бұл ойыншыны өте жас кезінде "Сассуоло" клубынан сатып алды. Сосын Доменико Берардиді "Сассуоло" командасына қайта жалға беріп, 2015 жылы 10 млн еуроға басыбайлы сатып жіберді.
Өйткені, "Сассуоло" 2015 жылы А Сериясына оралып, мықты футболшыға қыжалат болды. Доменико Берарди 2015 жылдан бастап командасын сүйреп келе жатыр.
"Ювентус" биыл Доменико Берардиді қайта алуға талпынып еді. Онысынан түк шықпады. "Сассуоло" бұл ойыншыны сатса, А Сериясында тұрақтап қалуы қиын. Осы маусымда Доменико Берарди гол салған матчтарда "Сассуоло" жеңілген жоқ.
Доменико Берарди - ортаңғол командада ойнайтын ТОП футболшы
жалғасы төменде...
darakchi.uz saytining rasmiy telegram kanali
Тезкор - @darakchiuzlive
Русча - @darakchi_ru
YouTube - https://darakchi.uz/s/yt
Instagram - https://darakchi.uz/s/in
Facebook - https://darakchi.uz/s/fb
Реклама - @darakchiuzreklama, 97 330-93-91
Last updated 1 month ago
Paid Pramotion @KingOfTippersS
Save Link 18+Ag👇
https://t.me/joinchat/WBCgZavZBtU3YmJl
ShriRam Book User Name👇
@Shriram247
For Complaint 👇@ShriramBookCustomerCare
Reach out Link👇
https://reach.link/ShriRamBook
Last updated 5 months, 2 weeks ago
➡️𝐎𝐟𝐟𝐢𝐜𝐢𝐚𝐥 𝐎𝐩𝐞𝐧 𝐆𝐫𝐨𝐮𝐩👇
https://t.me/Big_Bro_Book_Open_Group
➡️𝐏𝐚𝐲𝐦𝐞𝐧𝐭 𝐏𝐫𝐨𝐨𝐟 🤑🤑
https://t.me/+owouYW51HvVkNmZl
➡️𝐘𝐨𝐮 𝐂𝐚𝐧 𝐎𝐩𝐞𝐧 𝐀𝐜𝐜𝐨𝐮𝐧𝐭 𝐎𝐧 𝐖𝐡𝐚𝐭𝐬𝐚𝐩𝐩👇
wa.link/bigbro
wa.link/bigbroid
wa.link/bigbron
Last updated 3 months ago