Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Менің атым Қожаны аяқтап бітірдім(оқуға 1 күнде жетеді негізі).Бәріміз білетін қазақша киносы түсірілген шығармағой негізі, бұрын көргенде негізгі мақсатын білмей көрген екенбізғой деп отырмын.Қожаны өзіме ұқсаттым, оның сотқарлығын емес(мен деген өте жуас бала болғанмын) Қожаның өзінің әкесімен замандас болған кісіілердің аузынан әкесі жайлы бір ыстық естелік айтса, оның тірі кезінде жасаған ерліктерін естісем деген үлкен үмітпен үндемей тыңдай қалатынын ұқсаттым.
Қазір тамағым ауырып өзімді жайсыз сезініп, үнімнің шықпай қалған жайы бар.Бұл хәлімді көріп Қуаныш досым :
- Нұреке ауырған жақсы, мен өзім ауырғанда қуанамын, себебі ауырған кездегі қиналыспен сенің әрбір жасаған күнәң кафарат болады деп қуаттап кетті.
Бұл жайлы хадисте: «Мүмінге келетін шаршау, ауру, қайғы, уайым, азап, тіпті аяғына кірген тікен де бекер емес. Алла осы ауыртпалығы арқылы оның күнәларын кешіреді» дейді
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.
Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.
Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.
Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.
Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.
Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.
Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.
Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.
Жазбағалы талай күн болыпты)
ЖОЛ АҚЫСЫ
2019 жылы енді оқуға түскен кезде өмірімде айтулы оқиғалар мен жаңа таныстықтар көп болды.17 жылдық ғұмырымда қанша адаммен таныс болсам сол жылы сол сан екі-үш есеге күрт өсті.
Сол кезден танысқан талай жандармен өмірлік дос, ал кейбірімен белгілі кезеңдегі жолдас болыппыз.Адамды бір тұлға ретінде көретін болсақ, әр адамнан өзіңе керекті пайданы ала алатындығың тағы бар.
Сондай жолдастарымның бірі енді Астанаға келіп жатырғанда маған ЖОЛ АҚЫСЫ жайлы айтты, көлікте ешқашан алдап жүруге болмайтынын, кісінің ақысы барын ескертті.Ол жігітпен қазір араласпаймын бірақ әрбір автобуста төлем жасаған сайын сол бір ақылын есіме аламын.
Итог шығарып алың енді.
Ана бауыры балаға жау алмас қорған тәрізді.Мен, міне, сол қорғанға аман-есен жетіп, паналадым.Қауіп-қатерден құтылдым.Енді алаңсыз жетісіп ұйықтауыма, тынығуыма болады.
О, жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та мейірбан не бар сенің жүзіңде?! Осы құшақ тұрғанда, мен басқа ештеңені арман етпеймін.Ешбір бақыт-байлыққа, салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін.Алтын анам, аяулым, тек сен аман болсаң болды маған.Үлкейіп, адам болған кезде мен сенің осы жақсылықтарыңды қалайда ақтауға тырысамын.Ең жаңа киімдер алып берем, ең дәмді, ең тәтті тамақ ішкізем.Кәмпитті жәшігімен сатып ап, қанша жесең же деп, қасыңа қойып қоям.
?Балалық шаққа саяхат Б.Соқпақбаев.
Қабірдің кеңдігі күрекке емес, иманды жүрекке байланысты.
Шүкіршілік жайында.
Қара түсті, түнерген түндей тек қиналған кезді жазатын қойындәптерім бар.Кеше сол қолыма түсіп кейбір жайттарды есіме алдым.Алайда өзіме неге менде сынақ кезіндегі сабыр дәптерім барда, ал нығмет кезіндегі шүкір дәптерім жоқ? -деген сұрақ қойдым.
Құран Кәрім бұл шындықты: «Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте аз», – деп ескертеді. Ал біз неге сол өте аз адамдардың қатарына кірмеске?
Қазіргі жағдайыңды ойлашы шүкір ететін заттарың өтеее көпқой иә? ал біз сол жете алмаған (бәлкім бізге хайрсыз болған) арманымызға бола сол нығметтерді ұмыт қалдырады екенбіз.
Бүгін Әуезовтың Қараш-Қарашын оқыдым.Оқып отырып сол дәуірдегі жауыздыққа төзе алмадым. Дүниесі көп жандар болыстықты бөліп алып, ал талай епті азамат арыстан жігіттер солардың малайлығында бос өмірін өткізген.
Сол заманды қазіргі кезде салып көрдім.Ойланып қарасам өзгерген түгі жоқ екен. Тек болыстық - әкімшілікке, мал дүние - қағаз ақшаға айналған.
Система әлі сол)
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.