sultandyq

Description
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

20 hours ago

Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.

1 week, 6 days ago

Жазбағалы талай күн болыпты)

1 week, 6 days ago

ЖОЛ АҚЫСЫ

2019 жылы енді оқуға түскен кезде өмірімде айтулы оқиғалар мен жаңа таныстықтар көп болды.17 жылдық ғұмырымда қанша адаммен таныс болсам сол жылы сол сан екі-үш есеге күрт өсті.

Сол кезден танысқан талай жандармен өмірлік дос, ал кейбірімен белгілі кезеңдегі жолдас болыппыз.Адамды бір тұлға ретінде көретін болсақ, әр адамнан өзіңе керекті пайданы ала алатындығың тағы бар.

Сондай жолдастарымның бірі енді Астанаға келіп жатырғанда маған ЖОЛ АҚЫСЫ жайлы айтты, көлікте ешқашан алдап жүруге болмайтынын, кісінің ақысы барын ескертті.Ол жігітпен қазір араласпаймын бірақ әрбір автобуста төлем жасаған сайын сол бір ақылын есіме аламын.

Итог шығарып алың енді.

3 months, 1 week ago

Бүгін Әуезовтың Қараш-Қарашын оқыдым.Оқып отырып сол дәуірдегі жауыздыққа төзе алмадым. Дүниесі көп жандар болыстықты бөліп алып, ал талай епті азамат арыстан жігіттер солардың малайлығында бос өмірін өткізген.

Сол заманды қазіргі кезде салып көрдім.Ойланып қарасам өзгерген түгі жоқ екен. Тек болыстық - әкімшілікке, мал дүние - қағаз ақшаға айналған.

Система әлі сол)

3 months, 2 weeks ago

Астанадамыз. Бұрындары басында ыза тудыратын, кейін арасында жүре беріп қалыпты жағдайға еніп кетіп еді…

Не нәрсе?

Түрі қазақтың тілі орыс болғаны…

Кезінде өзім 5 жыл тұрған қалам — Астанам, бірақ осы жолы сәл бөтендік сезгендеймін. Пәлен жыл неоимпериялық амбициясы халқына да сіңіп кеткен түрік ағайынның арасында сүріп келгеннен бе, түрі қазақтың орысша сөйлегені қытығыма тиіп жатыр.

Жоқ, көзің сықсиып бәрібір орыс бола алмайсың!

Көшеде бақылап тұрмын, бір туыс көкеме ұқсайтын азамат келе жатыр, “Бәрібір өз елің, бәрібір шетелде сұлтан болғаннан әлдеқайда ғажап емес пе?!” деп тұрғаным сол еді телефонмен орысша сөйлесіп бара жатқанын құлағым шалып қалды. Көңілімді мұң шалып, біртүрлі күйге ендім…

Орыс болайын десең түрің келмейді, қазақ болайын десең тілің келмейді, сондай бір бейшара, төмен хәл екен.

Шетелдерден үйреніп келгенім осы, ал… Ұлттық санам одан сайын жаңғырып, бойды намыс кернеп барады.

Біз бен сізге үндеу.

#ой_түймекке

4 months ago

Досым, сен кіммен болғың келеді?

Әлбетте “Адам” атты жаратылыс дүние есігін ашқаннан соң сол есіктің қайта жабылатын күннің бір күні келерін жүрегімен сезеді, тіпті ол кезді ойласа зәресі қалмай қорқатыны да болады. Ол өлмектен қаншама адам қашып құтылғысы келген, бірақ еш нәтижесіз.

Ал Жаратқанға иман еткен мұсылман үшін өлім сәті әлбетте оңай болмағанымен, ол осы жалған дүниенің есігін мәңгілікке жауып, жасаған жақсы амалына сай, лайықты дәрежесін алатын құтты мекені болары сөзсіз.

Мәселе осында, Шәкәрімше айтқанда “Өлгеннен соң не болам?”. Қайтқаннан соң адамдар есеп күніне топ топ болып қайта тіріледі екен, ал сол тірілген сәтінде дүниеде кімді жақсы көрген болса сол жанмен бірге тіріледі делінген.

Сол кезде кіммен болғың келеді? Қазіргі уақытша дүниенің ләззатына батып, әрбір қыздың бұтына жабысып жүрген жұлдызсымақтармен бірге ме? Әлде жақсылықтың жанашыры болып, салиқалы жолмен жүрген пенделермен бірге ме? әлбетте ТАҢДАУ ӨЗІҢДЕ!! Қазірден Әрекет ет! Ештеңе де мәңгілік емес! Өліміңді ұмытпа! Досым..

баршамызға салиқалы жандармен болуымызды нәсіп етсін.

5 months, 3 weeks ago

Күнә жасап, тәубе етпейтін жүрек әрдайым жаралы

5 months, 3 weeks ago

Менің әуежайда жұмыс атқарып жатырғаныма 8 ай, ал неке қиғаныма 4 күн.

Әуежайдың билігінің тізгіні араб кісілерге өткені жайлы алдыңғы жазбамда айтқан болатынмын, сол араб ағайындар ең әуелі намазхана салып артынан тахарат алуға жағдай жасағанында тілге тиек еттім.

Алайда ол араб басшымыз маған жаққанымен басқа әуежай жұртшылығына жаға қоймапты, (айлық аз, сыйақы төлемеу сынды себептермен) тіпті арнайы мемлекеттің бір тапсырмасымен келген деген (арабқұлдық деген шығадығо осы жерден) қиқу сөздерді естідім.

Бүгін жұма күні әуежай жанындағы мешітке жұма намазын оқуға бардым, әдеттегідей жиналып бірге оқып шығып келе жатырғандағы оқиға мені қатты сүйсіндірді, алдымда сол бәрі шошып жүретін араб кісі(первый деп атайды) жанжағына қарап біреу көріп қоймасын дегендей қалталсынан біраз ақшасын шығарып алдында тұрған мұқтаж кісіге ұстатты да ары қарай кете берді, дәл менің көз алдымда.

Барлығы жамандап жүрген жан шын мәнінде олай болмай шығуы әбден мүмкін, ешкім жайлы жаман ойламайық балалар.

5 months, 3 weeks ago

Некелестімғо айтпақшы)

7 months, 3 weeks ago

Дастарханда отырмыз ауқаттанып болғаннан соң, ақырындап қол жайып дұға ете бастадық.

- Рамазан айы берекелі болсын, ұстаған оразаларды Алла Тағала қабыл етсін.

-?? үнсіздік..

- Осы айда жасалған әрбір құлшылықтардың сауабы еселенсін.

- ?? үнсіздік..

- Алла Тағала көздерінің қуанышы болатын салиқалы жар нәсіп етсін.

- бәрі ӘМИИИН..))

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.