Поэзия және Мен

Description
Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл - жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
+99899 955 78 92
+99893 485 78 92
Мейрамбек Әбдіқалиев
Advertising
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago

3 weeks ago

Сырласу

Менде уайым жетеді, шүкірдей ме,
Қойған нүктем, нүкте емес үтірдей ме?
Ортайғысы келеді теңіз қайғым,
Шалқайғысы келгендей бүкір кейде.

Ұясына батқанда мүсәпір күн,
Қиялымда сен жаққа ұшатынмын.
Ұйқым кетіп барады бұл түн тағы,
Қалтасында ой деген кісәпірдің.

Түн түріліп сол оймен шымылдықтай,
Шақырады әтештер күнін құптай.
Менің жаным ол таңды жақтырмайды,
Сүймесіне сатылған қалыңдықтай.

Дегенмен амал қанша тіршілік бұл,
Шақасында үміттің гүл сынып тұр.
Күрсініп бір тартамын шылымымды,
Ал - Алматы түтінге тұншығып тұр.

Тұншығып бір,
Алатаудың артынан күн шығып тұр.
Сенсіз...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya

3 weeks ago

Менің - жанымды шын ұқпайтының,
Қол жетпес жерде қалықтайтының,
Кездейсоқ болсын жолықпайтының - өкініш...

Жүрек назынан, өзіңді айым ақтап ал,
Сен ақсың қалқам ұқпайды оны басқалар.
Бірақ та енді келмейді сенен хат - хабар,
Өкініш...

Кешегі, ұмытқың келіп қараңғы күнді,
Келер күндерге білемін - алаңдығыңды.
Сонда да маған, сонда да маған амандығыңды.
Сездіріп қойшы - өтініш!

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya

3 weeks, 3 days ago

✍🏻📚
Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek

🎙🌹Айнаш Төрехан қызы
https://t.me/Alhamdulillah06_08
https://t.me/diamondayna

2 months, 2 weeks ago

*** Мен-Осындамын!

https://t.me/Meyrambek_poeziya

2 months, 2 weeks ago

https://t.me/Khalbaev23_poeziya/71

Telegram

Аллаберди Калбайев

https://t.me/Meyrambek\_poeziya

2 months, 2 weeks ago
1 - Наурыз

1 - Наурыз

Сағат түнгі он екіден бір кетті.
Біздің жүрек, біздің жүрек дір етті.
Ақпан кетті, көктем келер күлімдеп.
Көктем келер көкке орап жер көкті!

Жасыра алмай жанардағы күлкіні.
Көп ойландым, төсегімде сол түні.
Таңда дала тұратындай түрленіп.
Гүлін ашып теректердің бүртігі.

Сағат бірден, жоқ екіден он кетті.
Өткен жайлы, көктем жайлы ой кетті.
Өлең жазғым келгені ме білмедім.
Шимайладым қалам алып бір бетті.

Шабыт деген шалқытатын шарап па?
Не жазбақпын сонда мынау параққа?
Ерте ояндым...
Ауа - райы: сұп-суық.
Көптен Күткен Көктем деген сол - ақ па?!

(Архив 01.03.2018)
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya

2 months, 2 weeks ago
Өзгерген жыл мезгілі

Өзгерген жыл мезгілі

Сағынтқанмен жылылық, көктем лебі.
Жібергісі келмейді өткен мені.
Өзге жанды тапты деп ойлап жүрсең,
Жүрегім мекен емес көп бөлмелі!

Көктем келіп, шығарған қыстан аман,
Тағдырыма қалайша сұстана алам.
Кездесесің,
Сүйесің,
Қоштасасың.
Махаббат тұрады екен үш қадамнан.

Сен сезесің, білесің күйімді осы.
Шарасыздық ең ауыр қиын тұсы.
Жыл мезгілі мен үшін екеу ғана,
Бірі - сен бар,
Жалғыздық кейінгісі!

Ендеше ертең ештеңе өзгермейді...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya

2 months, 2 weeks ago
Ертең көктем келеді...

Ертең көктем келеді...

Мен де бір сағыныш бар сен білмейтін,
Мен де бір өкініш бар емделмейтін.
Ертең көктем келеді жалғыз өзі,
Сен - келмейсің...

Басымыздан балдәурен күн тайғасын.
Мұң налаңды кім тыңдар, кімге айтасың.
Ертең көктем келеді жалғыз өзі,
Сен - қайдасың?

Жасылға енер кешегі гүлсіз қырат,
Тасып ағар кешегі сусыз бұлақ.
Ертең көктем келеді көкбелді алып,
Сенсіз бірақ...

Көктем болып түсіме енесің де,
Қол бұлғайсың, сөзіме сенесің бе?
Көктем анық келеді,
Бірақ қалқам...
Сен - келесің бе?

Келесің бе?!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya

4 months, 2 weeks ago
Бірдеңе жазшы маған

Бірдеңе жазшы маған

Сенсіздікке қалайша сабыр қыламын?
Ауырды жаным, Аруым ауыр құладым.
Сағым бұлағым қайдасың табылшы маған,
Табылшы маған, табылшы сағындым жаным.

Қалің қалай жауап жазшы Аппағым?
Сағындырды суреттерің хаттарың.
Мен өзіңсің - құбыласыз тақуамын,
Мен өзіңсіз - тақтан тайған патшамын.

Үнсіздіктен керегі жоқ басқа әннің,
Сенсіздіктен бар бақыттан бос қалдым.
Мен өзіңсіз - ақ қары жоқ асқармын,
Мен өзіңсіз - ай күні жоқ аспанмын.

Сезім жайлы, өзің жайлы өлеңім,
Өлеңімде өртенеді көне мұң.
Мен өзіңсіз - жансыз жүрген денемін,
Мен өзіңсіз - құмда қалған кемемін.

Сағынышпен сырқаттанып жас жаным,
Өзің жайлы жыр жазуды бастадым.
Мен өзіңсіз - әуені жоқ таспамын.
Мен өзіңсіз - мен емеспін басқамын.

Өтіп кетпей мынау бес күн қас қағым,
Аппағым...
Сағындың ба,
Көңіліңді аш жаным?!

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya

We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago