Поэзия және Мен

Description
Қош келдің қымбатты оқырман!
Бұл - жеке шығармашылық каналым)
Байланыс үшін:
@AbdiqalyevMeyrambek
+99899 955 78 92
+99893 485 78 92
Мейрамбек Әбдіқалиев
Advertising
We recommend to visit

Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша

«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ84VPY00097457 лицензиясы бар.

РЕКЛАМА: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 6 days, 21 hours ago

Комментатор Ерсін Еріктің арнасы

Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі

Жарнама бойынша
@VaranRaphael

Last updated 2 days, 23 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @QARAQALPAQREKLAMA

Last updated 5 months, 1 week ago

5 months, 1 week ago

Алматы Жаз айы Шілде кеші...

Алматы,
Жаз айы, шілде кеші,
Ауасы мың құбылған күнде осы,
Қаралы бұлт нөсерлеп құя салды,
Қара жерде кеткендей бірдеңесі...

Ауа райы әп сәтте күрт бүлінді
Төккендей жүректегі күпті мұңды,
Аялы ару күнді іздеуменен,
Аялдама астына жұрт тығылды

Паналап жанындағы құба талды,
Біреу мені көрді де тұра қалды,
Амандықта іздесең таптырмайтын,
Ауылдан көшкен көрдім бір ағамды.

Жылдар өтіп өмірдің көші менен,
Құр қалмапты сол ағам несібен,
Ауылға қащан бардың деп сұрадым,
Жиырма жыл болды деді осыменен,
Айт інім қызығы жоқ сол ауылдың,
Сағынып іздеп барам несіне мен?

Деді де күліп тұрды кеңеспеді,
Мәз болған сонда үні тек өшпеді,
Сол ағам әлгі айтқан сөзден кейін,
Адам емес айуан боп елестеді.

Мекен етіп жүрсеңде қай қаланы
Туған жерге кіндігің байланады,
Адам өз туған жерін даттағанда,
Еріксізден көңілің қайғы алады,
Ақырзаман болғанда дәл осылай,
Айуандар адамдарға айналады,
Адамдар айуандарға айналады.

Ауыл жақтың жарқырап от шырағы,
Кімге болсын келіп кет деп тұрады,
Ауыл жайлы қыңыр сөз айтса біреу,
Ауызын бұза салғым кеп тұрады,
Кеп тұрады.

Ринат Қожамұрат

5 months, 1 week ago

Шәкіртімнің өлеңі баға беріңіздер...

5 months, 2 weeks ago

Тағдыр тағы ұмытқандай обалды,
Тәтті шақтар, от құшақтар жоғалды.
Басымызды тасқа соғып тындық па,
Осы біздің арамызда не қалды?

М. А
https://t.me/Meyrambek_poeziya

7 months, 4 weeks ago

Сырласу

Менде уайым жетеді, шүкірдей ме,
Қойған нүктем, нүкте емес үтірдей ме?
Ортайғысы келеді теңіз қайғым,
Шалқайғысы келгендей бүкір кейде.

Ұясына батқанда мүсәпір күн,
Қиялымда сен жаққа ұшатынмын.
Ұйқым кетіп барады бұл түн тағы,
Қалтасында ой деген кісәпірдің.

Түн түріліп сол оймен шымылдықтай,
Шақырады әтештер күнін құптай.
Менің жаным ол таңды жақтырмайды,
Сүймесіне сатылған қалыңдықтай.

Дегенмен амал қанша тіршілік бұл,
Шақасында үміттің гүл сынып тұр.
Күрсініп бір тартамын шылымымды,
Ал - Алматы түтінге тұншығып тұр.

Тұншығып бір,
Алатаудың артынан күн шығып тұр.
Сенсіз...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya

7 months, 4 weeks ago

Менің - жанымды шын ұқпайтының,
Қол жетпес жерде қалықтайтының,
Кездейсоқ болсын жолықпайтының - өкініш...

Жүрек назынан, өзіңді айым ақтап ал,
Сен ақсың қалқам ұқпайды оны басқалар.
Бірақ та енді келмейді сенен хат - хабар,
Өкініш...

Кешегі, ұмытқың келіп қараңғы күнді,
Келер күндерге білемін - алаңдығыңды.
Сонда да маған, сонда да маған амандығыңды.
Сездіріп қойшы - өтініш!

Мейрамбек Абдіқалиев

https://t.me/Meyrambek_poeziya

8 months ago

✍??
Мейрамбек Абдіқалиев

@AbdiqalyevMeyrambek

??Айнаш Төрехан қызы
https://t.me/Alhamdulillah06_08
https://t.me/diamondayna

9 months, 3 weeks ago

*** Мен-Осындамын!

https://t.me/Meyrambek_poeziya

9 months, 3 weeks ago

https://t.me/Khalbaev23_poeziya/71

Telegram

Аллаберди Калбайев

https://t.me/Meyrambek\_poeziya

9 months, 3 weeks ago
1 - Наурыз

1 - Наурыз

Сағат түнгі он екіден бір кетті.
Біздің жүрек, біздің жүрек дір етті.
Ақпан кетті, көктем келер күлімдеп.
Көктем келер көкке орап жер көкті!

Жасыра алмай жанардағы күлкіні.
Көп ойландым, төсегімде сол түні.
Таңда дала тұратындай түрленіп.
Гүлін ашып теректердің бүртігі.

Сағат бірден, жоқ екіден он кетті.
Өткен жайлы, көктем жайлы ой кетті.
Өлең жазғым келгені ме білмедім.
Шимайладым қалам алып бір бетті.

Шабыт деген шалқытатын шарап па?
Не жазбақпын сонда мынау параққа?
Ерте ояндым...
Ауа - райы: сұп-суық.
Көптен Күткен Көктем деген сол - ақ па?!

(Архив 01.03.2018)
Мейрамбек Абдіқалиев
@Meyrambek_poeziya

We recommend to visit

Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша

«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ84VPY00097457 лицензиясы бар.

РЕКЛАМА: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 6 days, 21 hours ago

Комментатор Ерсін Еріктің арнасы

Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі

Жарнама бойынша
@VaranRaphael

Last updated 2 days, 23 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @QARAQALPAQREKLAMA

Last updated 5 months, 1 week ago