thezhailybayev

Description
Есімім - Исламбек. Бұл каналда өзімнен басқа ешкімге керек емес ойларыммен, сезімдеріммен бөлісемін.
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 6 months ago

Мен енді футболдан Түрікменстанның "Аркадаг" деген командасына жанкүйер болам деп шештім. Аркадаг клубы 2023 жылы ашылған, содан бері 1 ғана матчта жеңілген. Бұл деген нағыз футбол жанкүйерлері үшін бақыт қой. Мен бақытты болуды таңдадым. Алға, Аркадаг! 🤣

1 year, 8 months ago

Шекаралар – тек картада. "Басыңдағы шекаралар" деп жүргендер айта береді.

1 year, 8 months ago

2024 жыл сәтсіз өтті, жолым болмады деп күрсінсең, жәй ғана Кешьюдің Снуп Догпен түсірген атпай қалған клипін есіңе ал.

1 year, 8 months ago

Жаңа жыл құтты болсын, достар! ?

1 year, 8 months ago

Merry Christmas ya filthy animals ??

1 year, 8 months ago

Қазақстан Тәуелсіздігіне – 33 жыл

Бүгін – қасиетті де айрықша күн. Біздің халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, өз тәуелсіздігін алғанына тура 33 жыл толды. Бұл күн – тек Қазақстанның емес, әр қазақтың жүрегіне жақын, әр азамат үшін қастерлі мереке.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында егемен ел ретінде танылды. Сол сәттен бері халқымыз қаншама тарихи сындардан өтіп, талай белестерді бағындырды. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ – бұл ата-бабамыздың азаттық жолындағы күресі мен ерен еңбегінің жемісі.

Осы жылдар ішінде Қазақстан заманауи мемлекетке айналып, экономикасы нығайып, әлемге танылды. Бірақ Тәуелсіздік – тек қол жеткізген жетістік емес, оны сақтау мен нығайту жолындағы ұдайы еңбек. Бұл – әрбір азаматтың еліне деген адал қызметі, ұрпаққа мұра болып қалар ұлы аманат.

Бүгінгі күн – өткенімізді еске алып, болашағымызды ойланатын, ең бастысы, тәуелсіздігіміздің қадірін сезінетін күн. Біз тәуелсіздік жылдары қаншама жетістікке жетсек те, алда тұрған мақсаттарымыз әлі де көп. Ұлт болып ұйысып, егемендігімізді бекем ұстап, жарқын болашаққа қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бабалар аманатына адал болайық. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Еліміз аман, жеріміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! ??

1 year, 10 months ago

Өскенде өрмекші адам болғым келеді ?️

1 year, 10 months ago

Көптің бірі болу деген өте іш пыстыратын нәрсе екен. Сол үшін де кейін балам Реалдың немесе Барсаның фанаты болам деп, бәле шығарып тұрмаса болар еді.

1 year, 10 months ago

Мен әрдайым махаббат іздейтін едім. Бірақ кейін байқасам, үнемі көшеде кішкентай балаларға күлімдеп, кез келген уақытта достарыма көмектесіп, қолдау білдіріп жүремін. Жүрекке тиетін сөздер естіп, әсерлі видеолар көрсем, көзіме жас келеді. Қарт адамдармен сөйлессем, оларды мұқият тыңдаймын. Басқа адамдарды жеке мерекелерімен құттықтау үшін ұзақ мәтіндер жазамын. Содан кейін ойласам, махаббат - ол Өзім екен ғой.

2 years, 1 month ago

Кішкентай кезімде аспандағы жұлдыздарға көп қарайтынмын. Қазір ол тым қарапайым, эмоция сыйламайтын нәрсе болып қалыпты. Табиғаттың әсемдігіне қарап, тамсана алу да бір жақсы қасиет екен ғой, шіркін.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.