Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Better call Sula

Description
Футболдың құқықтық және өзге де аспектілері жайында.

Автор - @sultanjumakhanov
Advertising
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago

1 month, 2 weeks ago
Осы пост пікірінде [@Gukalone](https://t.me/Gukalone) жазбақшы **«Байер …

Осы пост пікірінде @Gukalone жазбақшы «Байер Неверлузен» болып жатыр ғой.

Жеңіліссіз серия 39 ойынға дейін жетті. Оның ішінде кем дегенде 5-6 ойын нәтижелері 90+ минуттарында шешілді.

Бүгін 88 және 90+1 минуттарында «Хоффенхайм» қақпасына соғылған голдар командаға камбэк сыйлады.

Тарихында болған барлық сәтсіздіктері үшін осы маусымда екі есе қайтып келе жатқандай. Бірақ жеткен нәтижелер сәттіліктің арқасы деп айтқан да дұрыс болмас.

P.S. Алонсо «Байерде» қалғаны қуантты, чемпиондар лигасында өтетін нағыз тексерісі келер маусымның басты интригаларының бірі.

1 month, 4 weeks ago

ЧЛ ширекфиналдарының тактикалық интригалары

«Арсенал» - «Бавария»

Зеңбірекшілер осы маусымда неміс ұжымына қарағанда бірізділігі жоғары команда. Осыған қарамастан, Тухель командасына қойған қарымта шабуылдық ойын жүйесі «Арсеналға» қарсы оң нәтиже беруі мүмкін.

Лондондықтарға қарымта шабуылдың басқа шеберіне, «Ливерпульға», қарсы жемісті ойын тәжірибесі үлкен көмек болып, жеңіске жетелеу ықтималдығы бар.

Қысқаша айтқанда, «Арсеналдың»позициялық шабуылы мен «Баварияның» қарымта шабуылының текетіресін тамашалаймыз.

«Барселона» - «ПСЖ»

Энрике келуімен париждік команда жоғары прессинг жасауды үйренді. Каталондықтар жоғары қысым көрсететін ұжымдарға тойтарыс бере алады, бірақ қазіргі таңда жарақаттардың көптігі жағдайды қиындатып тұр.

Оған қоса, қарымта шабуылдарды тоқтату мәселесі де бар. Мбаппе және Дембеле сынды ойыншылар ойын нәтижесін жалғыз өздері де шешіп тастауы әбден мүмкін.

«Реал» - «Ман Сити»

Чемпиондар лигасының жаңа классикасына айналған ойындарда әрдайым жеке дуэльдер өте маңызды рөл ойнайды.

Вини-Уокер, Холланд-Рюдигер сынды жұптарға маңызды Тчуамени және Родри дуэлі қосылады деп ойлаймын. Бір-біріне тікелей қарсы ойнамаса да, шабуылдарды басталмай жатып тоқтату осы ойыншылардың жауапкершілігі.

Анчелотти міндетті түрде «Ман Сити» ойынына икемделіп, қызықты жоспар дайындайтынына сенемін. Әсіресе Беллингем мен Вальверде ерекше рөл иеленеді деп ойлаймын.

«Атлетико» - «Боруссия»

Симеоне шәкірттері қарсыластарына ыңғайсыз ойын жүйесін қолданып, өмірлерін қиындата алады. Атлетико допты бере салса, Боруссия позициялық шабуылдардан мүмкіндік табудан қиналады. Оған қоса, мадридтіктер қарымта шабуылдармен үлкен қауіп төндіретіні анық.

Неміс командасы жеңісіне таңғалмаймын, алайда нәтижеге айтарлықтай басымдықпен жететініне сенбеймін.

2 months ago
**Суперлиганың кезекті тосқауылы**

Суперлиганың кезекті тосқауылы

Флорентино Перес бастаған Суперлига турнирі атауын өзгертуге мәжбүр болады.

Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік басқармасы жарыстың «Super League» атты тауар белгісін тіркеуден бас тартты. Бұндай шешімге себепкер болған ЕО аумағында Дания футбол лигасының бұрын тіркеліп қойған «Super Liga» тауар белгісінің болуы. Тараптар арасындағы дау шамамен 3 жыл бұрын басталып, наурыздың 7-сі ғана шешілді.

Тауар белгісі (таңбасы) - бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының (қызметтерінің) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қолданылатын таңбасы.

Шешімге сәйкес, ұсынылған дәлелдерден «Super Liga» бұрыннан және қарқынды түрде қолданылатын жапыға белгілі тауар белгісі. Оған қоса, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру нарығында айтарлықтай беделге ие деген қорытындыға келді.

ЕО аймағындағы қоғамның едәуір бөлігі «Super League» белгісін Данияның «Super Liga» сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы ретінде қабылдауы мүмкін болғандықтан белгілерді концептуалды ұқсас деп таныған.

Заң тілінде айтатын болсақ, Даниялық «Super Liga» ЕО аймағында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбасы болғандықтан және аталмыш таңбалар біртектес қызметтерге қатысты ұқсас белгілер болғанына байланысты «Super League» атты тауар белгісі тіркелуге жатпайды.

2 months, 3 weeks ago
3 months ago

АПЛ 2023/24: чемпиондық бәйге

25 тур алдында олжа үшін «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Арсенал» өзара таласытыны айқын. Менше, 3 команда арасында абсолютті фаворит жоқ, әрқайсысы чемпион атануы мүмкін. Бүгінгі постта әр ұжымның қандай өзіндік артықшылығы арқасында чемпиондыққа қол жеткізе алатындығына шолу жасаймын.

«Манчестер Сити» - көктемгі тұрақты мықты форма + оралған Де Брюйне
Треблдік маусым көбінің есінен кетпесе, Гвардиола шәкірттері наурыз ортасынан бастап оталып, барлығын тас-талқан еткен. Бұл бапкердің Джон Стоунске тапқан жаңа тактикалық рөлі мен команданың тұрақты құрамын анықтау сәтімен дәл келді.

Пеп көбінесе маусым басында тактикалық тәжірибелер жасап, тұрақты жүйе мен ойыншылар байланыстарын іздейді. Тұрақты құрам бекітілгеннен кейін жеңіс серияларының рекордтарын жаңартумен айналысады. Қазір негізгі 11 ойыншы нақты анықталмаса да, бапкер соған максималды түрде жақындаған болып көрінеді.

Бұған футболды әбден сағынған Де Брюйненің жалынды бабын қосуды ұмытпаңыздар. Бельгиялық оралған сәттен бастап, 4 ойында 4 нәтижелі пас + 1 гол әзірлеп үлгерген. Төрт ойынның тек біреуінде ғана 90 минут ойнағанын да атап өткен жөн.

• «Арсенал» - 2 эффективті ойын жүйесі + айып соққылар
Лондондықтар осы маусымда қақпаларын зеңбіректеп қорғап жатыр. Opta көрсеткіштеріне сәйкес «Арсенал» ең мықты қорғанысқа ие, олар тек 16.48 xG (болжамды гол) құруға мүмкіндік берген. Қорғаныстарының берік болуы тек деңгейі төменірек командалармен ғана емес, топ клубтармен ойнағанда да сақталады.

Топ клубтарға қарсы матчтарда Артета алаңда бірден екі тіреуші (Райс+Жоржиньо) көмегімен ойнап, қорғаныс пен шабуыл арасында тепе-теңдік құрайды. Алдыңғы маусымда осындай прагматикалық шешімдер жетіспеген сияқты.

Қорғаныстан басқа «Арсенал» айып соққыларды орындаудан да үздік команда. «Ситиден» Артетамен бірге келген Николас Ховер бапкерінің еңбегі командаға 16 гол алып келді. 16 голдың 11-і бұрыштамалардан келген. Бұрыштама соққыларының статистикасы келесідей: 74 соққы, 8.2 xG, 11 гол.

• «Ливерпуль» - Клопп сиқыры + прессинг және жылдам шабуылдар
Маусым басында қажетті тіреуші алынбағандықтан және орталық аймақты қайта құру керектігіне байланысты Юрген ұжымы чемпиондыққа таласпайды деген едім. Тіреуші мәселесін Мак Аллистерді жаңа рөлде ойнап үйретумен шешсе, жаңадан жасалған жартылай қорғаныста Собослаи, Джонс өмір бойы бірге ойнағандай өнер көрсетіп кетті. Бұл Клопп сиқыры болмаса, не?

«Ливерпуль» жоғары қысым көмегімен басқаларға ойнауға мүмкіндік бермейді. Олардың қарсыластары шабуыл басталған кездегі пас беру дәлдігі ең төменгі көрсеткішке ие - 68,5%. Юрген командасы қарсыластарына допты алғанға дейін орта есеппен (PPDA) тек 9,2 пас жасауға мүмкіндік береді.

Жылдам вертикал шабуылдар жаңа жартылай қорғаныстың құрамына байланысты негізгі қаруға айналды. Жартылай қорғаныс аймағында Трент, Мак Аллистер және Собослаи сынды пас шеберлері жиналып, шабуылда жылдамдығы жоғары Нуньес, Салах және Диас сияқты ойыншылар бар болғанда допты орталық аймақта ұстап тұрудың мәні жоқ.

3 months, 2 weeks ago
Better call Sula
3 months, 2 weeks ago
Better call Sula
3 months, 2 weeks ago
3 months, 3 weeks ago

Клопп «Ливерпульден» кетеді

Маусым соңында Клопптың «Ливерпульдағы» дәуірі аяқталады. 9 жылдың ішінде барлық негізгі олжаларды ұтып, клубты өзінің тарихи орнына қайтарды.

«Ливерпуль» әдетте бұндай маңызды шешімдерді алдын ала жоспарлап жасайды. Осыған байланысты потенциалды бапкермен келісімге келіп қойған да болар. Мен өзімнің нұсқаларыммен бөлісейін.

• Ханс-Дитер Флик
Германия құрамасымен сәтсіздікке ұшыраған соң, неміс бапкерінің «Бавариядағы» олжалы жылы бір маусымдық ғажап деп айтып жатқандар да аз емес. Сын айтатындарға өзінің бапкерлік дағдылары жоғары деңгейде екенін дәлелдеу үшін мерсисайдтық клуб - мінсіз орын.

Бұл таңдаудың қосымша артықшылықтары бар. Флик Клопп құрып үлгерген механизмдерді бұзбай, осы команданың ойын өрнегіне өзіне тән футболын енгізе алатын маман.

• Юлиан Нагельсманн«Бавария» жобасын ойдағыдай жүзеге асыра алмаған бапкер клубтық футболға баса-көктеп оралғысы келетіні айқын. «Ливерпуль» сондай мүмкіндік бола алады.

Командадағы ойыншылар мен бапкер арасында үйлесімділікке жол бермейтін элемент көріп тұрған жоқпын. Бірақ Нагельсманн келсе, ол басынан өзінің қағидаларына сай жаңа команда құрғысы келетіні анық.

Гвардиола тектес маман Клопптың орнын басса, әдемі хикая болайын деп тұр.

•Хаби Алонсо
Испандық аз мерзім ішінде өзін керемет маман ретінде көрсете білді. Топ клубты басқару үшін қажетті барлық қасиеттері бар.

Аңыз ойыншы болғанына байланысты ұжым ішінде құрметке ие болады, заманауи жүйелі футбол қоя алады, қажет болса қарсыласқа икемделіп те ойнай алады. Клопп дәуірін аяқтап, клуб жаңа Алонсо дәуірін бастауға керемет мүмкіндік туындап тұр.

Мен бірақ Алонсо «Байерді» тағы жаттықтырып, Мадридке келуін қалаймын. Алонсо «Реал» үшін Карлодан кейін мінсіз таңдау деп ойлаймын.

Сіздер не ойлайсыздар? Клопп орнын кім басу қажет? Клопптың өзі демалған соң қайда барғаны дұрыс?

5 months, 1 week ago
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago