Better call Sula

Description
Футболдың құқықтық және өзге де аспектілері жайында.

Автор - @sultanjumakhanov
Advertising
We recommend to visit

Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша

«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ84VPY00097457 лицензиясы бар.

РЕКЛАМА: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 6 days, 21 hours ago

Комментатор Ерсін Еріктің арнасы

Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі

Жарнама бойынша
@VaranRaphael

Last updated 2 days, 23 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @QARAQALPAQREKLAMA

Last updated 5 months, 1 week ago

3 months, 3 weeks ago

**Трансферлік шолу – Лига 1

Қызықты трансфер – Жоао Невеш (Бенфика-ПСЖ, 60 млн. еуро)**

Энрике ойын жүйесіне жетіспей жүрген ойыншы. Тіреуші позициясынан командасының қарқынын қадағалайтын, допқа бақылау орнатуға жауапты Бускетс тәріздес болады деп ойлаймын. Қажетті машықтар жеткілікті: қысым астында сенімді ойнайды, пас беруден де осал емес.

Оның алдында бұл позицияда Угартенің пас беру машығы жеткіліксіз болған, ал Витинья жақсы әмбебап ойыншы болғанымен, терең аймақта шабуылдық потенциалы толыққанды жүзеге аспаған. Осы маусымда жас дарындардан құралған Невеш-Витинья-Эмери үштігіне міндетті түрде назар салу қажет.

Ұтымды трансфер – Мэйсон Гринвуд (Манчестер Юнайтед-Марсель, 26 млн. еуро)

Мэйсон шабуыл шебінде әр позицияда жемісті ойын көрсете алатын футболшы. Қақпаға допты оңайлықпен екі аяқпен еншілейді, соққылары әрдайым өте дәл әрі жойқын болады. Оған қоса пас арқылы креативтік шешімдерді ойлап таба алады. Алдыңғы маусымда Хетафенің шабуыл қаупінің негізгі себепкері болған.

Де Дзерби жүйесіндегі қапталдағы рөл өте үйлесімді болуы қажет. Италиялық маманда вингерлер алаң жиегінде жоғары позицияда орналасады және оларға өте ұтымды 1-ге-1 жағдайлар жиі ұйымдастырылады. Бірақ бұның алдында Гринвуд жүйелі командада ойнап көрмеген, Хетафеде тіпті жұлдыз ретінде толық еркіндік берілген. Қорғаныс фазасында икемділік және тәртіптік танытып біраз нәрсе үйрену қажет.

Күтпеген трансфер – Матвей Сафонов (Краснодар-ПСЖ, 20 млн. еуро)

Біріншіден, геосаяси жағдайға байланысты ресейлік чемпионаттан тікелей еуропалық топ клубқа көшу мүмкін емес деген ойда болғанмын. Алдыңғы маусым алдында Кузяевтің Гавр клубына ауысуына қарағанда Франция үшін ойыншының қай жерден келгені аса маңызды емес сияқты.

Екіншіден, Энрикеге жоғары деңгейде пас беріп ойнай алатын қақпашы керек. Сафонов Доннарумаға қарағанда аяқпен жақсырақ ойнаса да дәл осы компонентте топ клубқа сай деңгейде емес, ал доп қайтарудан Доннарума үздік қақпашылар қатарында. ПСЖ Барт Вербрюгген сынды жақсы пас беретін қақпашы алғанда Доннарумаға сөзсіз сапалы және қаупі жоғары бәсекелестік болар еді.

3 months, 4 weeks ago

Трансферлік шолу - А Сериясы

Күтпеген трансфер - Артем Довбик (Жирона-Рома, 30,5 млн. еуро)

Ла лиганың үздік сұрмергені Римде шулатады деп ойлаймын. Рома кезекті рет шабуылшы позициясына ойыншы алып жатыр, украиналық бұл орынды тұрақты түрде басуы қажет. Артемның шабуылшыға қажет барлық қасиеттері жақсы деңгейде дамыған, алайда оның ойыны командаластарына тәуелді болып келеді.

Тәуелділігіне байланысты алаңдап керек емес, команда құрамында креативті Дибала, Соуле, Пеллегрини, Ле Фе сынды ойыншылар жетіп жатыр. Довбикке гол еншілеу ғана қалып тұр. Атлетико ойыншыға көз салып тұрғанда шабуылшы Романы таңдағы мені аң-таң етті. Таңдау қаншалықты сәтті болғанын тамашалайық.

Қызықты трансфер - Дуглас Луис (Астон Вилла-Ювентус, 51,5 млн. еуро)

Вилланың сәтті нәтижелерге жетуінің басты себепкерлерінің бірі. Классикалық бокс-ту-бокс, шабуылдың екінші қарқын кезінде жемісті қосылады, жоғары динамика арқылы командасының ойына қосымша басымдық береді.

Позициялық қорғаныс фазасында әрдайым қырағылық танытып ойнамайтындығы бар. Мотта өзіндегі бар жартылай қорғаушылармен бірге қалай үйлестіреді деген сұрақ өте қызықтырады.

Ұтымды трансфер - Альваро Мората (Атлетико-Милан, 13 млн. еуро)

Мората командаластарының өнерін іске асыруға көмектесетін шабуылшы. Еуро кезіндегі Ямаль мен Уильямс жарқын көрсеткен ойыны Леау және Чуквезе тарапынан көріну қажет.

Жаңа бапкер Фонсеканың командалары әдетте допқа көп иелік етеді. Бұндай жүйеде Альваро айып алаң ішінде қорғаушылар назарын өзіне қаратып, қапталдағы вингерлерге еркіндік сыйлау қажет.

Бұдан басқа форвард жартылай қорғанысқа түсіп шабуылды байланыстыра алады және прессинг жасаудан да осал емес. Бұндай ақшаға Милан ұтымдылығы жоғары трансфер жүзеге асырды.

4 months ago
6 months, 1 week ago

Маусым қорытындылары (2)

Заманауи футболдың басты жұлдыздары мен ең маңызды адамдары жаттықтырушылар екені айқын. Клубтар олардың қалауларына сүйеніп, керек трансферлер мен өзге әрекеттер көмегімен қолайлы орта құруға тырысады. Тіпті бір бапкер келуімен клуб өзінің стилін толығымен өзгертуі де мүмкін және бапкерлер үшін компенсация төлеу қалыпты жағдайға айналуда.

Команданы бапкердің қажеттіліктеріне сүйеніп құру = нәтиже

Клубтарда өзінің Гвардиоласын немесе Клопп сынды бапкерін табу арманы бар, алайда олардың көбі шыдамсыздық танытып, бапкерлерден бірден нәтиже талап етеді немесе қажетті жағдай жасамайды. Сауатты менеджмент сапалы бапкерге жан-жақты көмек көрсету арқылы ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін екендігін түсінген.

Осы маусымда сенсациялық нәтиже көрсеткен командалардың айтарлықтай бөлігі бапкер фигурасының негізінде құрылған командалар. Алонсо – алғашқы толық маусымында бундеслига олжасын жеңді, Эмери – толыққанды маусымында «Вилланы» чемпиондар лигасына жетеледі, Хенесс – бірінші толық ойын науқанында «Штуттгартпен» «Баварияны» озып, ең беделді еурокубокте ойнау құқығына ие болды. Бұдан басқа Мичелдің «Жиронасы» және Моттаның «Болонья» сияқты мысалдар бар.

Бұндай тенденция әсерінен клубтар бапкерді таңдауда тәуекелге жиі бара бастады. «Бавария» топ клубты мүлде жаттықтырмаған Компаниді тағайындады, «Челси» жоғары деңгейде тәжірибесі жоқ Марескаға мүмкіндік берді, «Брайтон» болса «Санкт Паулиді» бундеслигаға көтерген Фабиан Хюрцелерді АПЛ тарихындағы ең жас бас бапкер етуді жоспарлап жатыр.

@bcsula

10 months ago
10 months, 1 week ago

АПЛ 2023/24: чемпиондық бәйге

25 тур алдында олжа үшін «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Арсенал» өзара таласытыны айқын. Менше, 3 команда арасында абсолютті фаворит жоқ, әрқайсысы чемпион атануы мүмкін. Бүгінгі постта әр ұжымның қандай өзіндік артықшылығы арқасында чемпиондыққа қол жеткізе алатындығына шолу жасаймын.

«Манчестер Сити» - көктемгі тұрақты мықты форма + оралған Де Брюйне
Треблдік маусым көбінің есінен кетпесе, Гвардиола шәкірттері наурыз ортасынан бастап оталып, барлығын тас-талқан еткен. Бұл бапкердің Джон Стоунске тапқан жаңа тактикалық рөлі мен команданың тұрақты құрамын анықтау сәтімен дәл келді.

Пеп көбінесе маусым басында тактикалық тәжірибелер жасап, тұрақты жүйе мен ойыншылар байланыстарын іздейді. Тұрақты құрам бекітілгеннен кейін жеңіс серияларының рекордтарын жаңартумен айналысады. Қазір негізгі 11 ойыншы нақты анықталмаса да, бапкер соған максималды түрде жақындаған болып көрінеді.

Бұған футболды әбден сағынған Де Брюйненің жалынды бабын қосуды ұмытпаңыздар. Бельгиялық оралған сәттен бастап, 4 ойында 4 нәтижелі пас + 1 гол әзірлеп үлгерген. Төрт ойынның тек біреуінде ғана 90 минут ойнағанын да атап өткен жөн.

• «Арсенал» - 2 эффективті ойын жүйесі + айып соққылар
Лондондықтар осы маусымда қақпаларын зеңбіректеп қорғап жатыр. Opta көрсеткіштеріне сәйкес «Арсенал» ең мықты қорғанысқа ие, олар тек 16.48 xG (болжамды гол) құруға мүмкіндік берген. Қорғаныстарының берік болуы тек деңгейі төменірек командалармен ғана емес, топ клубтармен ойнағанда да сақталады.

Топ клубтарға қарсы матчтарда Артета алаңда бірден екі тіреуші (Райс+Жоржиньо) көмегімен ойнап, қорғаныс пен шабуыл арасында тепе-теңдік құрайды. Алдыңғы маусымда осындай прагматикалық шешімдер жетіспеген сияқты.

Қорғаныстан басқа «Арсенал» айып соққыларды орындаудан да үздік команда. «Ситиден» Артетамен бірге келген Николас Ховер бапкерінің еңбегі командаға 16 гол алып келді. 16 голдың 11-і бұрыштамалардан келген. Бұрыштама соққыларының статистикасы келесідей: 74 соққы, 8.2 xG, 11 гол.

• «Ливерпуль» - Клопп сиқыры + прессинг және жылдам шабуылдар
Маусым басында қажетті тіреуші алынбағандықтан және орталық аймақты қайта құру керектігіне байланысты Юрген ұжымы чемпиондыққа таласпайды деген едім. Тіреуші мәселесін Мак Аллистерді жаңа рөлде ойнап үйретумен шешсе, жаңадан жасалған жартылай қорғаныста Собослаи, Джонс өмір бойы бірге ойнағандай өнер көрсетіп кетті. Бұл Клопп сиқыры болмаса, не?

«Ливерпуль» жоғары қысым көмегімен басқаларға ойнауға мүмкіндік бермейді. Олардың қарсыластары шабуыл басталған кездегі пас беру дәлдігі ең төменгі көрсеткішке ие - 68,5%. Юрген командасы қарсыластарына допты алғанға дейін орта есеппен (PPDA) тек 9,2 пас жасауға мүмкіндік береді.

Жылдам вертикал шабуылдар жаңа жартылай қорғаныстың құрамына байланысты негізгі қаруға айналды. Жартылай қорғаныс аймағында Трент, Мак Аллистер және Собослаи сынды пас шеберлері жиналып, шабуылда жылдамдығы жоғары Нуньес, Салах және Диас сияқты ойыншылар бар болғанда допты орталық аймақта ұстап тұрудың мәні жоқ.

We recommend to visit

Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша

«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ84VPY00097457 лицензиясы бар.

РЕКЛАМА: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 6 days, 21 hours ago

Комментатор Ерсін Еріктің арнасы

Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі

Жарнама бойынша
@VaranRaphael

Last updated 2 days, 23 hours ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @QARAQALPAQREKLAMA

Last updated 5 months, 1 week ago