Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Солай, солай жылдар жылдам жылжыған,
Көңіл қалған жолдас, достан құрбыдан.
Күннен күнге көңіл тартып көмескі,
Жоқтан жылап, жанардан жас сырғыған.
Өкінішпен өткен сонау бекер күн,
Берекеңді қайтара алмай кетермін.
Есім кірген осы күнде ойлансам,
Сол бір жанды ессіз сүйген екенмін.
Елеңдемей ессіз сүйген екенмін,
Көрем демей көзсіз сүйген екенмін.
Сынға салмай, мінге телмей шынында,
Сөзсіз сүйген екенмін.
Көкке шығып құлай құлай сары табақ,
Талай айлар жата жата шалақалап.
Содан бері үш жыл өтіп кетіпті,
Үш ғасырлық естелікті арқалап.
Артып алып үш дәуірдің мұңдарын,
Ерлік шығар қайыспастан тұрғаным.
Дүниенің жоғалтқанмын бар мәнін,
Жоғалтқанда маңдайымның бір бағын.
Әлде мүмкін маңдайымның бір сорын,
Босқа өлтіріп талай қызыл гүл шоғын.
Мұңға жерік жүрегімнің дерті ғой,
Қателігі шығар әсте бұл соның.
Жанарына нұр сіңдірген жаным-ай,
Жалғандықтан жеріп тынған жаны ұдай.
Ең алғашқы танығанда сол қызды,
Мен өзімді қалған екем танымай.
Алаулаған шақтан бастап менде үміт,
Қосарланып қонақ болды шерде ұлып.
Қарауға да жасқанатын шақ қайда,
Періштедей пейіліңе перде іліп…
Содан басқа бұйырды да дау ұлы,
Алыс кетті тыныштықтың ауылы.
Қызғаныштан, зарығудан көре алмай,
Басылмады жүрегімнің дауылы.
Жаман атқа қимай бәрі бір ауыры,
Ақтап болдым айыптардан тағы ұры.
Махаббаттың көзі соқыр деуші еді,
Біз біргеміз Ей Зағиптер қауымы.
Алыс кетіп қайта қайта ол менен,
Зарықтырып бар жанымды шөлдеген.
Періште деп жүрсем оны пенде екен,
Менде пенде соны ойлап, көрмеген.
Аласұрып ішімдегі арман мұң,
Пендеге сол періште деп алдандым.
Шыны керек таңданатын сөз емес,
Соған неге таң қалдым деп таңқалдым.
Ал қиналсын соны мынау көз көріп,
Талай алдап, талай жалған сөз беріп.
Күнекейқыз самайын күн шалмаған,
Күннен күнге бара жатты өзгеріп.
Бара жатыр өзгеріп.
Бағалау деген
Дүниеген сүйіспеншіліктен бастартқан адамды сол қасиеті үшін үлде мен бүлдеге орауға татыйтын сияқты.
Қой менің жігітім ғой немесе қызым ғой деп өзін ұстап қызғандырмайтын адамды сол қасиеті үшін қызғану сияқты.
Өзін сенен биік санамай құрмет көрсеткен адамды өзіңнен биік көру секілді.
Өзін өзгеден артық етпей қарайым болуға тырысқандығы үшін ерекше санау сияқты
Өз жан қалауларын сен үшін тәркі еткен адам үшін жан қалауларыңды тәркі ету сыяқты.
Бұл Құдайдың бағалау әдісіне ұқсайды.
Пендесі өзі үшін дүниені тәркі еткенде, үйіп төгіп береді.
Пендесі жүрегінен өзгелерді шығарғанда, оларлы жанына жақындатып қояды.
Өзін бәрінен биік қойған пендесін биіктетеді…
Біз тек өзіміз және өз таңдауларымыз үшін күресеміз
Ұйқассыз өлеңін сезіммен оқып отырған ақынға біреу "Айналайын, байқашы, ұйқасып кетіп жүрмесін" деген екен)))
Еркем деген күй?
Авторы: Сандыбай Піржан
Кей пәтуәсіз әзілді түсініп, күлгеніме ұяламын.
Жәй ғана пікір!
Салихалы әйел деген бойында дүниеге қызықпайтын, өсек айтпайтын, еріншектеніп жатып алмайтын, мал дүниесін қызғанбайтын, өзгелермен салыстармайтын, көп сөйлемейтін, сөз қайтармайтын қасиеті бар әйел емес! Осының бәрі бола тұрып өзін- өзі тәрбиелеп тыя алған әйел секілді. Бар болса неге үлде мен бүлдеге орамасқа, уақыт болса неге асықпай, шаршатпай дем алдырмасқа, неге пікірін тыңдап шешім шығармасқа, неге айтқысы келген дүниені жәй ғана сүйіспеншілікпен тыңдамасқа? Күллі пенденің жаратылысына тән қылықтар болады. Оны солай жасап қойған. Адамгершілік деген сол осы бір қылықтарды қасиетке алмастыру секілді.
Ер адамдарда да солай.
Мен де жалған сөйлеймін, елде жалған,
Илануға тұрмайды. Өлген арман.
Мен бақытты десем де сен бе қарғам,
Ел бақытты десе де сенбе қарғам.
Даусым әдемі емес болғасын осылай жолдауды жөн көрдім)
Іште қосарсыздар)
Кеуде ғана ең лайық мұңға тұрақ,
Және жүрек тым нәзік бір жапырақ.
Сөзге айналмай ішімде қала берсін,
Сезім сезім қалпында қымбатырақ.
Сүйгеніңнен шын сезім рас дәме еткен,
Орындалмай айналар досқа әдеппен.
Бақытыңа амалсыз қош бол дейсің,
Уақытыңнан ұялып босқа кеткен.
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago