Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Uali | ولي

Description
Автор: Shokhan Uali

● 1-бакалавр: Қазақстан, NMU 🇰🇿
● 2-бакалавр: Ливан, "Триполи" университеті (араб тілі) 🇱🇧
● Магистратура: Ливан, "Триполи" университеті

Instagram:

@shokhanualiyev
Advertising
We recommend to visit

ніяких правил, просто кайфуєм 💃🏻

власник / реклама: @andreevichx
менеджери: @NikSaQQ @peca1006, @IrynaaUa

на біржі: adsell.me/r/jNQmqI

Last updated 1 month, 1 week ago

Подпишись,что бы узнать все ответы на свои вопросы🙏
Получить карту🎴 дня и еще много интересного 💌

Админ: @Yuong_Blood

Last updated 3 days, 15 hours ago

Канал по просуванню та оптимізації сайтів під Google. Hard SEO.

Зв'язок зі мною: @devaka
(Сергій Кокшаров)

Реклама: @dv_adv
Для донатів: @dv_donate

Навчаю у групах.
https://webpromoexperts.net/courses/seo-pro-online/

Last updated 1 month ago

1 month, 3 weeks ago

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Басталған істі соңына дейін жеткізуіме сабыр, қайрат берген Жаратушы Раббымызға мың да бір алғыс-мадақтар айтамын!

Алланың қалауымен, осыдан бірнеше жыл бұрын екі ұстазыма оқып бастаған, Құранның 10 қырағатын жинау сапарым бүгін аяғына жетті… сонымен қоса үлкен жауапкершілік салмағын сеземін…

Бірінші ұстазым - шейх Жамал Занттың иджәзасы - шейх Зияд Хаж, шейх Махмұд Аккауи, Ахмад Шбайк (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 3 ұстазының тізбегі арқылы келіп жетсе, екінші ұстазым - шейх Махмұд Заътаридің иджәзасы - шейх Махмуд Дейри, шейх Абдуразақ Халяби, шейх Мұхаммед Самир Насс, шейх Ъадил Химси, шейх Бакри Тарабиши (Аллаһ оларға разы болсын) секілді 5 ұстазының тізбегі арқылы Қазақстанмен жалғасын табуда.

Жоғарыдағы шейх Бакри Тарабиши - (ثقات) сенімді кісілер арқылы жеткен әлемдегі ең жоғарғы тізбектің иесі. Ол кісі мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам) арасында 27 адам бар болса, ол кісінің тікелей шәкірті - ұстазым шейх Махмұд Заътари 28-адам, ал біз пақыр 29-адам боп тұрмыз.

Қорытындылай келе, маған сабыр сақтап, әдепсіздіктеріме көз жұмған ұстаздарыма, отбасыма, жанымда қолдау білдірген бауырларыма, осындай ұлы тұлғалардан ілім алуыма себепші болған Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре ұстаздарыма алғыс айтамын. Аллаһ Тағала баршаңыздан разы болып, осы елімізге келген алтын тізбектердің жалғасын тауып, алған ілімім бірінші өзіме, кейін басқаларға пайдасын беруін Раббымыздан тілеймін!

1 month, 3 weeks ago
Uali | ولي
2 months, 1 week ago

⠀⠀Аллаға шүкір!!!

Бүгін Имам Шатыбидың (رحمه الله) 1173 шумақтан тұратын “Хирз әмәни” атты манзумасын жатқа әрі шархымен ұстазыма тапсырып бітірдім.
Бұл манзуманы жаттаудың әрі оны түсінудің арнайы тәсілі бар. Жай ғана арабша білу жеткіліксіз. Ішіндегі имамның қойған рәміздерімен қатар жаттау керек. Осы және жанындағы имам Жазаридің (رحمه الله) 241 шумақтан тұратын, екеуі қатар жүретін “Дурро” атты манзумасына қанша тал шашым ағарды)))))

⠀⠀(бұл манзуманың жыры өз алдына бөлек)

Бірақ, қанша қиналсам да, тіпті, ең жақын болған әкем мен анама да мұңымды айтқызбаған Аллаға мадақтар болсын.

Өйткені: Жақын адамдарыма мұңымды айтуым - оларға тек нашар көңіл-күй сыйлайды.

Осыдан 5 жыл бұрын жаттап бастаған шағымда “Ұзаққой”, “Соңына шейін алып бара аласың ба”, “Құран жаттадыңғой, тыныш қана фиқх пен ақиданы оқи берсей” деген ойлар мазалайтын. Егер, сол күмәндарыма жеңілсем - қазір осы ұзын манзуманың бір шумағын да жаттай алмаған болар едім.

⠀⠀Сол үшін:

БАСТАҒЫҢЫЗ КЕЛГЕН ТІРЛІКТІ ДӘЛ ҚАЗІР БАСТАҢЫЗ. “БІРАЗДАН КЕЙІН” дедіңіз бе? СІЗ - ҰТЫЛДЫҢЫЗ.

⠀⠀Бұл кітаптар не үшін?

Ұстаздарымыз Құранның 10 қырағатынан иджаза алатын қаридан осы екі кітапты түсінікпен жаттауын талап етеді.

Себебі: Имам Шатыбидың манзумасы 7, ал имам Жазаридің манзумасы 3 қырағатты қамтып, екеуі қосылып 10 қырағатта келген үкімдер мен бір-бірінен айырмашылықтарын жинаған.

3 months, 1 week ago

Баршамыз танитын, өмірін Құран жазуға арнаған хаттат Осман Таханы (حفظه الله) ҚАЗАҚ деп жатыр.

Өз басым, бұл мәлімет сәл тереңірек зерттеуді талап етеді. Өйткені: біздерге бүткіл арабтар “АРАБСТАН” болса, арабтар үшін де бүткіл Орта Азия бір “СТАН” мемлекеттері.

Айтқым келгені ол емес, ол кісі жайлы қызық дерек оқыдым. Ол:

“ 36 жыл бойы Құран жазып келемін. Осы жылдар арасында жазылған Құран кітаптың бір әріпін де дәретсіз жазған емеспін. Бір күні ғажайып оқиға орын алды. Құран жазуға қаламымды қолға ұстаған едім, еш жазылмады. Әрі көрдім бері көрдім - түк нәтиже жоқ. Менің қасымда шейх Али Хузайфи бар еді. Сол уақытта өзімнің дәретсіз екенімді еске түсіріп, дереу дәрет алып келген кезімде, әлгі қаламым жаза бастады” - деген қиссасын өз құлағымен өз аузынан естіген доктор Абдусамиъ Анис жеткізеді.

3 months, 3 weeks ago

Құран оқудағы мүміннің хәлі

Аллаһ Тағала:

Біз кітап түсіргендердің арасында оны лайықта түрде терең түсініп оқитындар бар” - деген. (Бақара, 121)

Имам Ғазали (рахимаһулла):

Яғни, Құран оқуда мүміннің тілі, ақылы, жүрегі қатар жұмыс жасауы.

1) Тілдің міндеті - әріптерді дұрыс оқу;

2) Ақылдың міндеті - мағыналарын түсіну;

3) Жүректің міндеті - уағыз алу, әсерлену, жаман амалдардан тиылу, бойұсыну.

Демек, тіліміз оқиды, ақылымыз Құранды аударады, жүрегіміз әсер алады.

(Ихья улум әд-дин 1-287)

4 months ago

Инна лилләһи уа инна иләһи рожиъун”.

Алладан келгенбіз, Аллаға қайтушымыз”.

Бүгін үлкен муробби шейх - Убайдулла Қодири өмірден өтті.

Шамамен осыдан 1 ай бұрын бұл кісімен Ливан елі, Триполи қаласында жолығу нәсіп болған еді.

Бұл кісі Ливанға не үшін келген еді?

Түсінде Пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уа саллам) көріп, қолындағы тізбекпен салихалылар арқылы қолдан-қолға иджазамен келе жатырған өзінің мүбәрак шашын ұстазымыз шейх Абдуль Һади Хорсаға (حفظه الله) тапсыруды бұйырып, арнайы тек осы Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уа саллам) мүбәрак шашын табыстау үшін Түркиядан ат терлетіп келген еді.

Міне, бүгін Раббысымен жолығуға аттанды…

АЛЛАҺ ТАҒАЛА БІЗДЕРДІ ЖӘННАТТА САЛИХАЛЫ, ІЗГІ, ТАҚУА ЖАНДАРМЕН БІРГЕ БОЛУЫМЫЗДЫ НӘСІП ЕТСІН!

#Бүгінгі #күн #ертеңгі #тарих

4 months, 3 weeks ago

⠀⠀Адам баласы білуі керек:

- Қолындағы бар ең қымбатты дүние - УАҚЫТ пен ЖҮРЕГІ.

Уақытына немқұрайлы қарап, жүрегін құртып алса - бүткіл олжасынан мақрұм қалғаны.

Имам ибн әл-Жәузи (رحمه الله).

⠀⠀Қарап тұрсаңыз:

Уақытқа немқұрайлы қарау мен жүректің құртылуын қатар келтірген. Демек, біз әр уақытымызды пайдалы өткізбеген сайын - зиянды істермен айналыса бастаймыз.

“Мубах” амалдар жасағанымыздың өзінде барлығы топталып, ақырсоңы күнәлі істерге алып баруы әбден мүмкін. Ал, әрбір жасаған зиянды істеріміз жүрегімізді өлтіріп, рухымызды әлсірете бастайды. Құранда Аллаһ Тағала:

“Біз оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қылды” - деген. (Зухруф 76)

5 months, 1 week ago

⠀⠀Аллаһ Тағала пендесінен мына 3 сипатты көрсе басқа 3 сипатын арттырады:

1) Кішіпейілділікті көрсе - абыройын арттырады.

2) Жомарттықты көрсе - малын арттырады.

3) Өзіне құлшылық ету мен тақуа болуға деген тырысуын көрсе - ғұмыры мен дүниесін арттырады.

(Имам Ахмад Рифаъи رضي الله عنه).

⠀⠀Жоғарыда айтылған сипаттар - жалпы қағидалар. Өмірде кейбір адамдарда бірінші шарты табылып, кейінгі жемісі бұл дүниеде көрінбеуі мүмкін.

Адам баласы асығыстыққа салынып “жасап жатырмын неге болмай жатыр”? - деп айтуы мүмкін. Алайда, жоғардағы имамның сөздерін шын ықыласымызбен бір Аллаһ үшін жасай алып жатырмыз ба? Ол да сұрақ….

Амал дәптерге жай ғана қойылу үшін жасау мен жан-тәнімізбен, махаббатпен бір өзіне жасалған құлшылықтың арасындағы айырмашылық қандай үлкен еді!!!

Дегенмен, пенде бұл дүниеде көре алмаған нәтижесін қияметте еселеп көрері сөзсіз. Бүткілі Алланың хикметінің аясында….

5 months, 2 weeks ago

“Хушуъ” не болмаса “Насихаттан пайда алу” - адам баласының рухани ризығы. Қалай, қай амалдан келетінін білмейді.

Сол үшін де ғалымдарымыз мұсылман адам күніне жасайтын амалын мейілінше түрлендіргені дұрыс дейді.

Сіз ол нәрсені (Құран не болмаса қандай да бір білім, діни мағлұмат) баршасынан да жақсы білуіңіз мүмкін. Бірақ, пайда ала алмауыңыз не болмаса әсері әлсіз болуы ықтимал.

Күндердің бі күнінде шейх Мұхаммед Ғазали (имам Ғазали емес) шейх Абдулхамид Кишктің дәрісіне қатысып, кейбір сөздерді естиді. Дереу орнынан тұрып, Абжулхамид Кишктен рұқсат сұрап жамағатқа қарап:

- “Құрметті жамағат! Мен дәл осы сөздерді өзімнің кітабымда келтірдім. Алайда, жазу барысында қазір осы кісіден естігенімдей әсер ала алмадым” - дейді.

Сол үшін де мұсылман адам басқа бір бауырымен сұқбаттасу барысында өзі тіпті 100 рет естіген әңгімесі (салихалы әңгіме) қайталанса да сөзін бөлмей, әдеп сақтап соңына дейін тыңдайды.

Бәлкім рухани ризығы осы кезегінде келген болуы мүмкін.

6 months, 2 weeks ago

⠀⠀Универдегі бір группаласымды көрген едім “Кешегі сәбилердің қырылғанын көргелі бері ешнәрсе жасауға зауқым жоқ” - дейді.

⠀⠀Дұрыс, біз мұсылмандар басқа қандай да бір мұсылман зәбір көрсе, сынаққа түссе біз де әсер алып, қайғысына ортақ боламыз. Хадисте “Мұсылмандар бір дене секілді” - деп келген.

⠀⠀Алайда, өз-өзімізді жоғалтып алуға алып бармауы керек. Егер, қайғы-мұң сізді бүткіл нәрседен тыйып тастаса, біліңіз, сіз шайтанның қармағына іліндіңіз.

⠀⠀Мұсылман адам әлсіреуі мүмкін, иманы нашарлауы мүмкін, көңіл-күйі түсуі мүмкін, тағы сол сияқты адам баласына қатысты кез-келген әлсіздікке бой алдыруы мүмкін. Алайда, өз-өзін жоғалтып алмайды.

⠀⠀Құранда Аллаһ Тағала:

“Егер мүмін болсаңдар босамаңдар да қайғырмаңдар” - деген.

⠀⠀Имам Табаридың тәпсірінде “қайғырмаңдар” сөзі шектен шығып үмітсіздікке алып баратын “қайғы” меңзелгенін баян еткен.

⠀⠀Тіпті, таңғы-кешкі оқылатын зікірлерімізде де “Аллаһым өзіңнен қайғыға түсіп қалуымнан пана тілеймін” дұғасын да оқимыз.

Жоғарыдағы мәселеге өміріңіздегі кез-келген проблеманы салсаңыз болады…

АЛЛАҺЫМ МҮСЫЛМАНДАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРЕГӨР.

We recommend to visit

ніяких правил, просто кайфуєм 💃🏻

власник / реклама: @andreevichx
менеджери: @NikSaQQ @peca1006, @IrynaaUa

на біржі: adsell.me/r/jNQmqI

Last updated 1 month, 1 week ago

Подпишись,что бы узнать все ответы на свои вопросы🙏
Получить карту🎴 дня и еще много интересного 💌

Админ: @Yuong_Blood

Last updated 3 days, 15 hours ago

Канал по просуванню та оптимізації сайтів під Google. Hard SEO.

Зв'язок зі мною: @devaka
(Сергій Кокшаров)

Реклама: @dv_adv
Для донатів: @dv_donate

Навчаю у групах.
https://webpromoexperts.net/courses/seo-pro-online/

Last updated 1 month ago