taube

Description
лечите свои сердца нежностью,
молитвой, тишиной, знанием,
искусством и добрыми поступками💕
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 month, 2 weeks ago

Кейде маған “аға” жетпейді. Аға! Сөйлескім келеді, айтқым келеді.
-Ағау, бүгін мынандай жағдай болды, бүгін былай жасадым, бүгін маған біреу тиісті. Ашуландым, ұрыстым, айттым. Қалай дұрыс болады? Кеңесін алғым келеді, кейде ағам бар деп әлсіздеу болғым келеді.
-Ағау, ақша жетпей тұр, салып жібересіз бе? Мына жердемін, алып кетесіз бе? Апарып тастаңызшы, алып кетіңізші, осы ой мазалап жүр, қалай дұрыс болады? Қандай шешім қабылдаған дұрыс? Мынаны бастасам қалай болады? Түрлі-түрлі сұрақтар қойып басын ауыртқым келеді ғой шіркін)

1 month, 2 weeks ago

Ең жаман жалғыздық ол - сенімен сөзі жараспайтын, ойы сәйкес келмейтін, не дүниеңе, не ақіретіңе пайдасы жоқ адамдардың ортасында отыру.

1 month, 2 weeks ago

Тең - теңімен.
Теңім - тегіме айналғанға дейін, тірегім - теңіме айналғанға дейін, лайық болып, өзімді түзейін.

Кейде өткеніміздегі «қате», «өтпелі» адамдардың мойнына кінә іліп қойып жатамыз, себебі ол біздің қалағанымыздай, арманымыздағыдай бола алмады деп.
Расында дәл сол кезде, біз сондай адамның теңі болып тұрғанымыз. Сондықтан да болашағыңды қалағаныңдай өзгері үшін = өзіңді жақсы жаққа өзгерту керек. Болашағыңда жақсы адамды кезіктіру үшін - өзің жақсы болуың керек.

1 month, 2 weeks ago

«Өнерге, кітапқа, театр мен ән кештеріне құмар, рухани өсуге ерекше мән беретін жан екенсің, бәрекелді! Арнаңдағы жазбаларың ұнайды» - деп тәнті етші, әйтпесе, «сағаттап спектакль көргеннен не табасың?», «кітапқа қарасам ұйқым келеді» дегенді күнде естіп жүрмін.

1 month, 2 weeks ago

Қалай ілімге құштар болғаныңды, жүрекпен қалай құранға ғашық екеніңді сезіне білу, мұсылман үшін айтып жеткізе алмас шексіз сезім. Құранның әрбір әріпін қалай ынта-ықыласпен оқуға құштар екеніңді сезінген сайын, Раббыңа ессіз ғашық жандай мәз боласың🥹💕

1 month, 2 weeks ago

Маңдайым сәждеге тисе екен тезірек деген сезімді нағыз мұсылманнан артық ешкім сезіне алмас шіркін! Раббысымен сырласуға асыққан жанның көрінісі тым ерекше қайталанбас көпке бұйыра бермес бір бақыт.

1 month, 3 weeks ago

тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық.

1 month, 3 weeks ago

“Иман - жүректегі нұр, адамның өміріне бағыт беріп, үміт пен сенімнің негізін қалыптастырады. Иманды адам қиындықтарға сабыр етіп, Аллаға тәуекел етеді.”

1 month, 3 weeks ago

Ұстазымыздан “Некеге сөз салғанда қалай көркем түрде жеткізсек болады?” - деп сұрадық.
Ол кісі: “Болашақта менің балаларыма жердегі Жәннат сіз болғаныңызды қалаймын” - деп айт деді…

Тик токтан оқып қалдым)

1 month, 4 weeks ago

адам болған соң, кейде сезімге ерік беру, жылау, ренжу, ашулану немесе жер көкке сыймай қуану- норма деп ойлаймын. біз - робот емеспіз, біз - адамбыз. сондықтан да, сезімдерімізді, эмоциямызды жасыра берудің қажеті жоқ. "хочется умереть, а ещё поесть токпокки" деген кітаптан "егер жаман эмоцияларды жасыра берсек, жақсы эмоцияларды да сыртқа шығара алмай қаламыз" дегенді оқып қалғаным бар еді. Шыныменде бізге сезімдеріміз бен эмоциямызды ашық, адекватно көрсетуді үйрену керек. Мүмкін, бақыттың сыры сонда шығар?

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago