ozgeshe

Description
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

2 months, 2 weeks ago

Менің қазір
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.

Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!

Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.

Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!

Нұртас Тұрғанбек

2 months, 2 weeks ago
2 months, 3 weeks ago

Жаңбыр тоқтағанда қолшатырдың өзі адамға артық жүкке айналады. Дәл сол сияқты, сенің көмегің мен күш-жігерің керек болғанда, адамдар саған мұқтаж болады, бірақ олардың мақсаты орындалған соң, сен артық жүкке айнала бастайсың. Бұл өмірдің өз заңы – уақыт өте, жақындықтың орнына алшақтық келеді…

2 months, 4 weeks ago

Сен жаймаған дастарханның үстінде,
Сен құймаған шәйді қанып іштім де,

Сен жумаған киімімді кие сап,
Сен тумаған құлынымды сүйе сап,

Сен кірмеген есікті ашып, жай басып,
Сен мінбеген көлігіме жайғасып,

Сен жүрмеген сан жолдарды шиырлап,
Сан жылдарым өте шықты құйындап.

Амалсыздан қоштасқанда өзіңмен,
Уақыт тоқтап қалғандай боп сезілген.

Енді есімді жия алмаспын дегенмін,
Енді ешкімді сүйе алмаспын дегенмін.

Өмірді өлшеп әсерімен сол сәттің,
Көзде бекер мөлдірепті моншақ мұң.

Сен біреуге иық тіреп менсіз де,
Мен біреуге сүйікті боп сенсіз де,

Хабарласпай, хат алмаспай, сөйлеспей,
Тіпті ол күндер жайлы жиі ой кешпей,

Екі жақта ғұмыр кешіп келеміз,
Екі айдында бөлек жүзген кемеміз.

"Уысында бола тұра бар ғалам,
Неге бізге мұндай тағдыр таңдаған?", –

Деп бірақ та жазғырмаймын Құдайды,
Маған қазір осы күнім ұнайды...

Қ.Қ

3 months ago

Күйім аласапыран…Өз ішімде адасып кеткендеймін. Өмірдің ағысын қайда бұрарымды білмеймін. Әйтеуір бір білетінім – тыныштықтың, махаббаттың, бақыттың біздің ішімізде екені. Тағдыр деген бір қызық құбылыс. Оны даттай да алмайсың. Бір жарық бар екенін білесің, сезесің. Соған ұмтыласың.

Осы күні түсінгенім, жүректегі сәулені сөндірмеу, ізгілік жолынан таймау ғана. Одан айырылсақ, бізде басқа үміт те жоқ...

3 months, 1 week ago
3 months, 2 weeks ago

“Кез келген адамның тағдыры, қаншалықты күрделі және ұзақ болса да, шын мәнінде, бір сәтке ғана байланған. Ол сәт - адам өзінің кім екенін біржола білетін сәт”

3 months, 3 weeks ago

Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Өлеңсіз өмір кешкен күйік екен.
Мен сенің дарыныңды шектемеймін,
Мен сені өнер үшін сүйіп өтем.

Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Парасат махаббаттан биік екен.
Мен сенің біліміңнен қорықпаймын,
Мен сені ақылыммен сүйіп өтем.

Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Заманауи сезімнің күйі бөтен.
Мен сенің құқығыңды таптамаймын,
Мен сені теңдік үшін сүйіп өтем.

"Болашақ жұбайыма". 2021 жыл

4 months, 1 week ago

«…бірақ жүз жылға жалғасқан жалғыздықты қайтесіз. Қайғыда шек бар ма, қуанышта қандай береке бар, баянсыз өмірдің бақыты — Құдай берген денсаулықтың қадірін білу ғана шығар.

Басқаның бәрі – бос сөз.»

4 months, 2 weeks ago

Баяғыдай емеспін. Суыппын. Яки өмірмен достастым ба екен...Әйтеуір қайғыра беруді қойппын. Мұңнан да жалыққам-ау шамасы. Ішімде өлі тыныштық. Бұрыңғы аласұрған сезім, қиял, өкініштердің бірі де жоқ. Сүйкімді хәл. Үлкендер айта беретін «биіктен қарауды» үйренген секілдімін. «Ұзағынан болғай» дейін десем, мұздап кетем бе деп қорқамын. «Даналыққа ұласқай» дейін одан да. Иә...Даналыққа ұласқай!

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago