QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 4 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 days, 4 hours ago
Жетімдердің мал-мүлкі
«Кәмелетке жетіп, ержеткенше еселеп көбейту мақсатында болмаса, жетімдердің мал-мүліктеріне жоламаңдар.» (Әл-Анғам сүресі: 152-аят)
«Ақиқатын айтсақ, жетімдердің мал-мүліктерін зұлымдықпен жегендер қарындарын отқа толтырғанмен тең. Түбінде олар жалындаған Тозақ отына кіреді.» (Ән-Ниса сүресі: 10-аят)
Осы аяттар түскен кезде, кімде жетім болса, оның тағамын өзінің тағамынан, оның суын өзінің суынан, оған қатысы бар нәрселерді өзінің заттарынан бөлек ұстап отырды. Бұлай жасау оларға ауыр келді. Осыны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтқанда, Алла Тағала мына аятты түсірді: «Олар сенен жетімдер жайлы сұрайды, (уа, Мұхаммед!) «Оларға қайырымдылық жасау — (Құдай сүйер) қайырлы іс» деп айт. Егерде оларды өз қамқорлықтарыңа алсаңдар, сендерге бауыр секілді болады. Алла арамдық жасаушы мен ізгілік жасаушыны біледі. Егерде Алла қаласа, бастарыңа тауқымет түсіре салады. Алла Құдіретті әрі Дана.» (Бақара сүресі: 220-аят)
Осыдан кейін адамдар өздерінің тағамдарын олардың тағамдарымен, суларын олардың суларымен араластырып қолдана бастады.
(Құран Кәрімнің экономикалық тәпсірі кітабынан)
Халифа (орынбасар)
(Уа, Мұхаммед!) Раббың періштелерге: «Жер бетіне халифа болатын (құлымды) жаратамын», – дегенде, олар: «Жер жүзінде бұзықтық жасап, қан төгетіндерді жаратасың ба? Біз сені мақтап, тасбих айтып (нұқсаннан пәк деп зікір етіп) ұлықтаймыз», – деген еді. (Ұлы Жаратушы оларға): «Ақиқатында, Мен сендер білмейтінді білемін», – деді. (Бақара сүресі: 30 аят)
Халифа дегеніміз – істі атқаруда басқаның орнын уақытша басу. Адам (а.с.)-ның орынбасуы ақиқатпен, адалдықпен үкім жүргізуі мен жерді игеруі еді. (Құран Кәрімнің экономикалық тәпсірі кітабынан)
Адам баласы бұл дүниеге уақытша келгенін және барлық нәрсе Алланікі екенін жақсы білуі керек. Сол Алланың мүліктерінде өзі бұйырғандай істерді жасап, тыйғандарынан тыйылуымыз керек. Жасаған әрбір ісіміздің қияметте сұрауы бар.
Адам бол, мал тап!
Абай хакімнің «Адам бол, мал тап!» деген сөзінің мәні тереңде. Адамдық қасиетке ие болмай тұрып, байлыққа иелік ету соншалық опа бермейді. Өйткені адам баласы өзінің жаратылыстағы миссиясын терең түсінбесе, ол іштегі эгосын уақытша қанағаттандыру үшін өмір сүреді. Яғни нәпсі қалауын тояттандыруға тырысады.
Дәулет жинап, бай болу - аса терең мәнге ие құбылыс. Мысалы адам баласына пайдалы кәсіп ашып, халықты жұмыспен қамтып, олардың отбасын асырауларына жағдай жасаймын, жастарды оқу тоқуға ынталандырамын һәм жан-жақты жетілуіне жағдай туғызып, жақсы азамат болып қалыптасуына көмектесемін деген секілді. Яғни Алла тағала адамға байлықты жеке басы баю үшін емес, жер бетін көркейтсін, жақсылық пен қайырымдылық жасасын деп береді. Егер осы үкімді орындасаңыз, Абай атамыз айтқандай, «Алланың сүйікті құлы боласыз». Осы ұлы мақсат жолында жұмсаған дүниен күш-қайратың, сарп еткен уақытың бәрі сауапты іске айналып шыға келеді. Осындағы ұлы мақсат, биік мұратты толық түсінген жағдай да байлықтың мәні ашылады. Олай болмағанда, тек нәпсі тояттан дыру үшін ғана ат оздырған, дүние жиған пасық байдың бірі боласыз. Әйтеке бидің:
«Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда?
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда?» - дегені де осы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы малды жан мен ар үшін жию керектігін алға тартады:
«Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи».
Демек, байлыққа қол жеткізу адамның мына дүниедегі негізгі миссиясы бола алмайды. Байлық бар болғаны ұлы мақсат, биік мұратқа жетудің құралы ғана.
"Кемел Адам" кітабы
Бауырлар!
Шариғи ілім алып жатқан бауырымыздың баласы қатты науқастанып аруханада түсіп қалыпты. Шет елде жәй ыстығың шығып ауруханаға түсудің өзі қып қызыл шығын. Қазіргі хәлі мүшкіл, сол мақсатта елге отбасымен қайту керек болып жатыр екен. Еміне болмаса да билетіне көмек беріп жіберейік. 3 адамға Стамбулдан қайту 380 000 ға шығып тұр. Бала ауруханада кемі 1 апта болады. Оған дейін билетінің қаражатына қол ұшын беріп жіберсек. Ақпарат нақтыланған, өзім жақсы танитын жігіт. Сбор толық қаражат жиналғанша жалғасады. Жұмыла қол ұшын берейік✊**
Каспи: 777 0549494
Жоқ дегенде репост**
ЖАЛҒА АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ КЛИЕНТКЕ САТУ
? Қазіргі заманғы экономикалық қарым-қатынаста жалға алынған мүлік мерзім соңында жалға алушының меншігіне (номиналды суммада немесе тегін) өтетіндігі туралы келісім бар. Бұл дінімізде тыйым салынған, себебі баршамыз білетіндей дініміздегі ең басты тыйымдардың бірі - шарт ішіне шарт қоюға болмайды. Ал бұл жерде «егер клиент төлемді уақытылы жасаса, мерзім соңында мүлік клиентке өтеді» деген шарт бар. Яғни бір шарт екінші шартқа байланып тұр. Бұның тыйым салынуындағы себебі - ешкім болашақта бірінші шарттың толық орындалатынын болжай алмайды, сондықтан адамдарға әділетсіз болмас үшін Жаратушымыз бұндай келісімге тыйым салған.
? Алайда кейбір заманауи ғалымдарымыз бұған альтернативті шешім ұсынады. Мүлікті сатуды екіжақты міндетті пункт қылудың орнына, тараптардың бірі біржақты ауызша немесе жазбаша уәде береді алады. Мысалы жалға беруші мүліктің иесі болғандықтан, мерзім біткен кезде өз мүлкімен не жасайтындығын өзі біледі. Яғни ол оны сатады ма, аренданы создырады ма немесе мүлдем басқа адамға жалға береді ме, оны өзі шешеді. Сондықтан алғашқы аренда келісіміне қатысы жоқ, бөлек біржақты уәде бере алады.
? Қорыта айтқанда, келесі 2 талапты орындай отырып, бұндай келісім жасауға болады:
1️⃣ Бастапқы аренда келісіміне қатысты емес, бөлек келісім жасау.
2️⃣ Уәде біржақты (сатушы немесе клиент) тарапынан болуы.
ИДЖАРА. АРЕНДА ҚҰНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
? Жалға беруші тарапқа ұзақ мерзімде жалға бергенде бекітілген құн қою тиімсіз. Сондықтан бұл сату емес, узуфрукт (қолдану құқығы) болғандықтан, мүлік иесіне әртүрлі мерзімге әртүрлі баға қоюына болады. Бұның 2 жолы бар:
1️⃣ Аренда құны белгілі пропорцияға сай өсуіне келісе алады. Мысалы, әр жыл сайын +10% деген сияқты.
2️⃣ Аренда мерзімін қысқа уақытқа жасап, мерзім біткен соң жаңа шарттармен қайта жаңарту. Бірақ екі тарап та өз еркімен создыруы керек және екеуінің де мерзім біткенде создырмауға құқығы болады.
⚡️ Екі нұсқа да Шариғат тұрғысынан құпталған. Алайда кейбір заманауи ғалымдар ұзақ мерзімді келісімде белгілі бір өлшем құралын пайдалануды ұсынған. Мысалы, "жалға беру құны өседі - егер мемлекет салық мөлшерін көтерсе" немесе "жалға беру құны жылдық орташа инфляция мөлшеріне сай өседі". Бұндай шарттар жарамды болып саналады.
? Бірақ кейбір қаржылық институттар бұны теріс пиғылда пайдаланып, қарапайым банктегі пайыздық жүйеге ұқсатады. Алайда иджара келісімін бұндай үлкен күнәға ұқсатуға болмайды. Дегенмен бұл келісімді жарамыз етпейді. Бірақ мысалы жалға беруші шығынды жалға алушыға міндеттеп қоятын талап қойса, онда бұл кезде келісім жарамсыз болып саналады.
? Сонымен қатар, кейбір ғалымдар түсініспеушілік (ғарар) туындамас үшін пайыздық мөлшерлеме емес, нақты бекітілген сумманы белгілеу керектігін ұсынады. Яғни "инфляция мөлшеріне сай" десе, инфляция келесі жылы қанша болатынын қазір ешкім айта алмайды. Сондықтан нақты белгілі, суммасы көрсетілген құн қою барлық тарапқа да түсінікті болады.
ИДЖАРА. ЖАУАПКЕРШІЛІК
? Жалға беруші мүліктің иесі болғандықтан барлық шығынды өзі мойнына алады. Тіпті егер сатушы клиентті өзінің өкілі ретінде тағайындаса да, ол мүліктің иесі болып қала береді, сондықтан клиентке ешқандай жауапкершілік артылмайды.
⚠️ Жалға алушы тікелей оның кесірінен болған шығынға жауапты.
Мысалы: көлік немесе ғимаратты немесе қандай да бір оборудование (құрылғы) жалға алса, және клиенттің салғырттығынан ақау келсе, онда ремонт сияқты шығынды клиент көтереді.
Ал егер клиентке қатысы жоқ фактор болса, онда жалға берушінің шығыны болып есептеледі.
Мысалы жер сілкінісінен ғимарат бұзылып қалды, парковкада тұрған жерде көлікті басқа көлік соғып кетті, ескі құрылғының бір бөлшегі (запчасть) істен шықты және т.с.с.
МУРАБАХА ЖӘНЕ ИДЖАРА
? Мурабахада клиент сатушының өкілі (представитель) ретінде тағайындалып, поставщиктен затты сатып алады. Сосын алғашында ауызша келіскен келісімді қағаз жүзінде ресми рәсімдеп, клиентке қосымша құн қосу арқылы бөліп төлеуге сатылады.
? Иджарада процесс мурабахаға ұқсас, бірақ біршама жеңіл. Клиент сатушының өкілі болып, поставщиктен затты өз иелігіне алғаннан кейін - жалға алушы және жалға беруші рөлі автоматты түрде басталады.
⚠️ Бұл жердегі 2 айырмашылық:
1️⃣ Мурабахада - сату бір реттік, яғни бастапқыда орнатылған бағаны екінші рет орнатуға болмайды. Ал иджара жалға алу/беру келісімі болғандықтан, екіжақты келісім арқылы бағаны өзгертуге болады.
2️⃣ Мурабаханың процесі ұзақ болу себебі - риск, зат клиентке сатылғанға дейін сатушының мойнында болады, ал сатқаннан кейін клиенттің мойнында. Ал иджарада мүлікке қатысты барлық риск - сатушының мойнында, себебі мүлікке иелік құқығы сатушыда.
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 4 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 days, 4 hours ago