ӘБІЛХАЯТ ✨

Description
Advertising
We recommend to visit

𓆩 𝑠𝑡𝑖𝑐𝑘𝑒𝑟𝑠, 𝑡ℎ𝑒𝑚𝑒𝑠, 𝑙𝑎𝑛𝑔𝑢𝑎𝑔𝑒𝑠, 𝑚𝑢𝑠𝑖𝑐 𝑓𝑜𝑟 𝑦𝑜𝑢` 𓆪

· @botwexsavi_bot (по рекламе | делу)

· 𝑚𝑦 𝑏𝑜𝑡 - @wexsaviibot ✧

────────────────────

HAJIME.RECORDS


Отзывы: @infotgotz

Админ/рекл: @Za77st



❗️Администрация не несёт ответственность за рекламу. Будьте внимательны ❗️

1 Monat, 2 Wochen her

Оқырманға сауал: Жан-дүниеңіз сізге қаншалықты қызық?

1 Monat, 2 Wochen her

Е. Евтушенконың «Людей не интересных в мире нет...» деген өлеңі қатты ұнап еді. Әсіресе алғашқы екі шумағы. Соны өзімше тәржімелеп, назарларыңызға ұсынғым келді. Шынмен де өмірде қызық емес нәрсе бола ма? Евтушенконың ойына не қосар едіңіздер?

Жан болмайды қызықсыз,
Әрқайсысы – бір әлем.
Соны танып үздіксіз,
Шығарсақ қой жыр-әуен.

Ұқпаймыз-ау біз тіпті,
Өзімшілдік нарқымен.
Адам кейде қызықты –
Қызықсыздау қалпымен.

3 Monate, 1 Woche her

Анам туралы

Мектепке бармай тұрып Абай, Шоқан, Сәкен сынды тұлғаларды анамның аузынан естідім. Оқулықтың мұқабасындағы портреттерде кімдер бейнеленіп тұрғанын айтып, түсіндіріп отыратын.

Бастауыш сыныпқа көшкен жылы мұғалімдер ашық сабақтарын жаппай интерактивті тақтамен (слайдпен) өткізуі тиіс деген пәрмен түскен екен. Соның бір себебінен біздің үйде басқа үйлерден ертерек компьютер пайда болды. Ол бізге қатты қуаныш әкелген сәт-тұғын.

Осылайша информатика сабағында мәтін теруді үйреткеннен кейін, анам маған әрбір сабақ жоспарын компьютерге тергізетін болды. Ал ол кісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Оларда қағаз жұмысы деген бастан асады ғой. Түнге дейін отырғанда әбден мазам қашып, ұйқым келетін. Бірақ анам арқамнан қағып «сәл қалды, енді мына қағазды жазып таста» дегеннен кейін шабыттанып, әйтеуір біраз шаруаны атқарып шығатынбыз.

Оның пайдасын кейін көп көрдім. Анамның осы сабақ жоспарын жасай отырып, мен орыс әдебиетінің заңғар тұлғаларымен таныса бердім. Төртінші-бесінші сынып оқып жүргенімде жоғары сыныпта өтілетін Антон Чехов, Лев Толстой, Николай Гоголь сынды жазушылардың қиын да қызықты өмірі мен шығармашылығының алғашқы беттерін аштым.

Анам орыс тілі мұғалімі болса да, үйде ешқашан орысша сөйлеген емеспіз. Кешқұрым оқып беретін анамның ертегілері әлі де есімнен шыққан жоқ. Әжем, әкем, ағаларым барлығы қазақы тәрбиемен мені ер жеткізді. Соның негізгі ұйытқысы болып анам тұрды.

Қазір ол кісі жарының, балалары мен немерелерінің ортасында. Ұстаздық қызметін әлі де жалғастыруда.

Бүгін осы кісінің туған күні. Үш күн бұрын ғана әкемнің төл мерекесін атап өткен едік. Енді міне қуанышымыз әрімен қарай тізбектеліп жатыр.

Сізге дүниенің бар жақсылығын тілеймін, мама. Деніңіз сау, көңіліңіз биік болсын. Әкем екеуіңіз біздің қызығымызға тоймаңыздар.

Перзенттік пейіліме періште «әумин» дегей.

15.08.2024

4 Monate, 2 Wochen her

«Біз өлеміз ештеңе ұғынбастан...»

«Фарятьев фантазиясы» фильміндегі актер Андрей Мироновтың монологы осылай басталады. Санаңды сапырып түсетін сауалдар өмір пәлсапасының өзегіне үңілуге шақырады. Бұл сұрақтарға сіз бүгін жауап бересіз деп айта алмаймын. Бірақ күндердің күнінде рухыңыз міндетті түрде осы жұмыспен айналысады. Ғибратты ой ағынын қазақшаға тәржімелеп, назарыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз, қадірлі оқырман. Әрі қарай актердің өзі сөйлесін:

– Маңызды емес мәселелермен басымызды ауыртамыз да жүреміз. Санамызға салмақ, жүрегімізге жүк артып аламыз. Ал ең өкініштісі – алысқа көз тікпей, аяғымыздың астын ғана көретініміз. Естеріңізде ме, бізге бала кезімізден «Көзіңе қарап жүр... Байқа, құлап қалма» деген сөздерді құлағымызға құйып келеді.

Соның қырсығынан дүниенің дидарына жанарымызды суара алмаған күйде ештеңе түсіне алмай өмірден өтіп кетеміз. Бірақ тіршілік тізбегінде тірнектеп жүріп көңіл күмбезінде «Жоғарыға! Үйге қарай!» деген дауыс күңгірлеп тұрады. Бәлкім бұл – келген жағымызға қарай, ілкі отанымызға деген сағыныштан туған ұмтылыс шығар...

Ал сол жаққа жөнеп кеткен жандарды қайда қоясыз? Тура біз сияқты ғой олар да. Бірақ олар қазір өз үйінде және өте бақытты. Кейде маған олар біз туралы ойлайтын секілді болады.

Иә, олар бізді аяйды, сағынады. Ал сіздер сезбейсіздер ме мұны? Еске түсіріңізші, сізді біреу күтіп жүрген сияқты сезім болған шығар әйтеуір?

...Осы ғашықтар неге жұлдыз санайды? Неге оларға аспан сондай әсем көрінеді? Бәлкім көк қақпасы ашылып бұрыннан білетін әлімсақтағы әлемі өзіне шақыратын шығар?

Қызық, бала кезде неліктен қалықтап, ұшып жүрген түстер көреміз? Ал қарттыққа аяқ басқанда төменге құлдилап бара жатқандай күй кешеміз. Бұл сондай ауыр сезім! Бірақ сіз мұндай түсті әлі көріп үлгермеген шығарсыз...

Неліктен біз түсімізде өзімізге мүлде беймағұлым тілдерде еркін сөйлесе береміз? Болмаса өңімізде көрмеген өңірлер мен түйсігімізге түнемеген төңіректе серуендеп жүреміз. Сол уақыттағы шексіздікке бергісіз сәттерді айтсаңызшы. Сондай жарқын, сондай ыстық. Өкініштісі, солардың көбі таң ата ұмытылып қалады.

Ал мен бұрын-соңды көрмеген бейтаныс адамды бұрыннан танитындай сезім кешкеніңізге сенімдімін. Құдды ет жақын ежелгі досыңды әрекетінен, иісінен танығандай, иә?

Ал ешкімнің аузынан шықпаса да бізге бағытталған қаратпа сөздерді қайда қоярсыз?! Ондаған, жоқ жүздеген дауыстар бізді көмекке шақырады, қауіпті алдын-ала ескертіп жатады. Бірақ қайдан?

Бұл біздің жүрегімізде бар қасиет. Егер бұлардың барлығы болмағанда... Онда осыншалық қысқа, бір сәттік ғұмырды сүрудің қандай мәні қалады? Бірақ осындай қасқағым уақытта басқа да көп адамдар үшін мың өліп, мың тіріліп жатамыз... Бұл не нәрсе өзі? Айтыңыздаршы?

Меніңше, бұл – дүниедегі ең қымбат әсерлер. Ал оларды не үшін өлтіріп жатырмыз біз? Оның да бір мақсаты бар емес пе ішімізде? Айналаңызға қараңызшы. Адамдар бұл нәзік сырды ұғынған болса, барлығы бүтіннің бөлшегі екенін түсініп қазіргідей бір-бірін ренжітіп, азапқа салмас еді ғой...

Шіркін, өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін, оның мәнін табуға тырысу керектігін, барлық қиыншылықтың уақытша болатынын жан-ділімен ұққанда ғой...

Күндердің күнінде біздің балаларымыз, болмаса немерелеріміз ұғады мұны. Олар ұсақ-түйектің бәрін ысырып тастап, бір-бірін шынайы сүйеді. Ал өздерінің ұрпақтарына: «Аяғыңның астына қарай берме, басыңды көтер» деп айтатын болады.

Абзал МАҚАШ,«Egemen Qazaqstan»
26.06.2024

4 Monate, 3 Wochen her

Бала кезде анаммен жиі тыңдайтын әні еді осы. Музыкасы айсберг секілді асқақ, ал мағынасы оның судың астындағы бөлігіндей – терең...

4 Monate, 3 Wochen her

АЙСБЕРГ

Лидия Козлова,
Игорь Николаев

Ледяной горою айсберг из тумана вырастает,
И несёт его течением, по бескрайним, по морям.
Хорошо тому кто знает как опасен в океане
Как опасен в океане, айсберг встречным кораблям...

А я про всё на свете с тобою забываю,
А я в любовь как в море бросаюсь с головой.
А ты такой холодный как айсберг в океане,
И все твои печали под чёрною водой.

Кто ты ? Горе или радость,
то замёрзнешь, то растаешь,
Кто ты, ласковое солнце или мёртвый белый снег ?
Я понять тебя пытаюсь, кто же ты на самом деле,
Кто же ты на самом деле, айсберг или человек?

Ты уйди с моей дороги или стань моей судьбою,
Протяни на встречу руки и поверить помоги,
Что любовь моя сумеет примирить меня с тобою
И растает этот айсберг, это сердце без любви.

6 Monate, 3 Wochen her

ҒИБРАТТЫ ҒАДЕТ

Лев Толстой – өмір бақи өзімен күресіп өткен жан. Пенделік мүсінінен кісілік қашалғанша, жазушы жаны маза таппаған. Күнделіктерінде өзін жермен-жексен етеді. Мұның бәрі, әрине, өзін тәрбиелеудің амалы. Ақылдың кермесіне ат байлаған ақсақалдың мына бір әдетін біз де үйренсек ғажап болар еді...

Жазушының мынадай қызық әрекеті болыпты. Егер оның көзінше әлдекім біреуді «ақымақ», «оңбаған» деп балағаттай бастаса, «сенен де өткен ақымақ па?» яки «сенен де өткен оңбаған ба?» деп өзіне сұрақ қояды екен. Осы тәжірибесін ол өзінің балаларына да тәрбие ретінде қолданып отырған.

Кішкентай қызы Татьяна күні-бойғы қызықтарын айтып, соңында «сүйкімсіздеу» бір баланы көріп қалғанын жеткізгенде, әкесі ескі әдетінше анықтап: «Иә, сенен де сүйкімсіз бала ма екен?», деп сұраған екен.

Дүниенің ди­дарына қа­рап­ тұрсақ, сан мыңдаған дүмшелер адамдарды өзімшілдікке тәр­биелеп жатқанын байқауға болады. Осы арқылы кісі­лікті тәкәппарлықпен шатастырып алған­дар аз емес. «Өзгенің бәрін өзіндей көрген сәтте ғана, адам өмірін түсіне бастайды», дейді ілгерідегі данышпандар. Ештеңе түсіне алмай жүргеніміз осыдан болса керек...

Абзал МАҚАШ

7 Monate her

Өзгеден өзін көрген сәтте ғана адам өз өмірін түсіне бастайды.

Л. Н. Толстой
Аударған Абзал Мақаш

7 Monate her

АРАЛДАҒЫ АР АЗАБЫ

Бұл кім өзі? Қарақан басының қамы үшін Отанын сатқан опасыздың бірі ме? Жоқ. Ертелі-кеш құдайды ұлықтап, дімкастарға дем салатын монас­тырьдағы момын пірәдар ма әлде? Жоқ. Тепсініп тентектік көрсететін әумесер әулекі ме, қара қылды қақ жаратын дау шешер данышпан ба? Оған да жата қоймайды. Бұл кім болды сонда? Пенде? Періште? Сайтан? Ешқайсысы да емес. Бұл – рух. Бұл – толассыз күрестің арқасында қол жеткізген тап-таза рухтың иесі хақында баян.
«Толығырақ оқимын»

#кинобаян

7 Monate, 1 Woche her

ҚАДЫР ҚАТЕЛЕСПЕПТІ

Газеттің жұмысы қауырт қой. Аяғың шідерленіп, көп жерге жете алмай қаласың. Кеңшілікте қоян көжектегендей жиі баратын университетімізге қазір тіпті түйе боталағандай сирек баратын болдық. Тіршілікке араласқан соң солай болады да. Негізі айтар ойым басқа еді.

Осындай қарбаластардың арасында бір мезгіл студент екеніңді еске алып, оқу ордаңның ауасымен тыныстау – сұмдық қуаныш екен. Мұны мен бүгінгі диплом жұмысын алдын-ала қорғау кезінде сезіндім.

Көптен көрмеген группаластарымызбен Абай аудиториясын толтырып отырмыз. Мінбеде төрт жыл сабақ берген оқытушыларымыз. Дипломды қорғаудың ережелерін түсіндіріп жатыр. Артынша достарымыз да жұмыстарын таныстыруды бастап кетті. Басқа адамға бұл жиын өте ресми мәжіліс болып көрінер, ал маған тіпті жып-жылы бас қосудай сезілді. Құдды бәріміз жиналып әдеттегідей үй тапсырмасын айтып жатқан сыңайлымыз. Содан не керек, дипломымызды біз де абыройлы қорғап шықтық. Ағайларымыз «Егемен Қазақстанның» тұрақты оқырмандары болғаннан кейін, қаламымыздың жүріп тұрғанын, сәйкесінше дипломды жақсы жазып шығатынымызды айтып қояды. Басқаға қайдам, осы сөз маған қатты қуаныш сыйлады.

Артынша ерте тапсырып шыққан группаластармен шай іштік. Әңгімелесіп, әзілдесіп отырдық. Бәрі баяғыша. Бәрі нұрлы, ерекше көңілді. Отыра бергің келеді, бірақ бірінші абзацтағы мәселе бар емес пе? Соның шаруасымен қимай-қимай редакцияға шықтық.

Жол бойы таңнан бергі оқиғаларды ойымша қорытып келемін. Тамаша кезді кешіп келеміз ғой қазір. Сонда «Міне – бақыт!» деді ішкі дауысым. Дәл сол сәттегі сезімді бірден жазба қылып жариялап жібердім. Несі бар? Айқайдың даусы алты қырға жеткенде, бақыттың үні неге батпақтап ішімде қалу керек?

«Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды», деп Қадыр ақын қателеспепті. Мөлшерсізді мөлшерге салудың қажеті не?

Расымен, меніңше, бақыт – секундттардың арасындағы сәуле. Ол секундтар қазір де өтіп жатыр. Енді солардың арасындағы сәулеге жүрегіңізді тосып көріңізш. Бәрі басқаша болады. Кішкентай нәрсеге де қуана беру керек екен. Ол асылында, кішкентай емес...

17.04.2024

We recommend to visit

𓆩 𝑠𝑡𝑖𝑐𝑘𝑒𝑟𝑠, 𝑡ℎ𝑒𝑚𝑒𝑠, 𝑙𝑎𝑛𝑔𝑢𝑎𝑔𝑒𝑠, 𝑚𝑢𝑠𝑖𝑐 𝑓𝑜𝑟 𝑦𝑜𝑢` 𓆪

· @botwexsavi_bot (по рекламе | делу)

· 𝑚𝑦 𝑏𝑜𝑡 - @wexsaviibot ✧

────────────────────

HAJIME.RECORDS


Отзывы: @infotgotz

Админ/рекл: @Za77st



❗️Администрация не несёт ответственность за рекламу. Будьте внимательны ❗️