Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

QYZYQQANYM.FM

Description
İırımder men qyzyģuşylyqtar ornalasqan büryş.
Focus on growth.


Büiyrsa Jolyģarmyz: @diimosh
Advertising
We recommend to visit

Last updated 1 month, 1 week ago

😍😍 Jօռɨ aռɖ sɦaʀɛ ʍʏ ċɦaռռɛʟ քʟs 🙏🙏
👇👇👇
😘✌️Aɮօʊt channel🤘😍
#ռɛա ʍʊsɨċ 🕺💃🎧
#քɨċtʊʀɛ 💏📸
#ʄa𝚗̸ռɛ ʋιԃҽσ😂🤣
𝙹̶𝚘̶𝚒̶𝚗̶&̶ 𝚂̸𝚑̸𝚊̸𝚛̸𝚎̸ 𝚙♥𝚕♥𝚜♥🙏🙏
👇👇👇
@All_music_Faf
@All_music_Faf
Any question&comment👉 @Danger_boy2

Last updated 7 months ago

4 days, 23 hours ago

Душ іште, дәретхана іште, дүкен есік алды, екі аттамдық таяу жерде орналасқан. Бұрынғы заманның қалдықтары қалмаған, сымсыз телефонмен әлемнің көрікті деген мекендеріне шартарапына, түкпір-түкпіріне камера, стористер арқылы саяхаттаймыз. Достым, жағдайымыз жеңілдеп ыңғайланған сайын, еңбектенуді ұмыт қалдырып барамыз. Түрегелмек түгілі, қозғалуға жалқауланамыз. Жатаған есек деген орынды комплиментке ренжитініміз тағы бар.

4 days, 23 hours ago

***Metsuki sutemi немесе қазақша “не бел кетеді, не белбеу кетеді”

Күліп, өмірге жеңіл қарап жүре беретін әдетім бұрыннан бар. Табиғатымнан жалпы позитив адаммын, бірақ ЖАУАПКЕРШІЛІК деген жақтан сигнал келсе, жиналып қалатын бір кем дүнием тағы бар.

2 апта болды жауабын таба алмай кеткен сынақтың үстінде келем. Бұрын “көреміз” деп басып кете беретін ем, бұ жолы басқаша. Жеке отау болып өз алдымызға Астанаға келгенде де жетіскеннен желіп келмеп ем. Артымнан қуған қарыздың нүктесін қоям деп келдім де, 4-5 сағаттық ұйқымен жүріп, қақ маңдайынан қайырып тұрып оны жаптым. Енді бас көтере бастағанда, былтырғы жайды білесіздер. Стамбұлдан келгелі міне, 1 жылдан асса да әлі жұрт алдындағы қарыз дейтін ой өзегіме түсіп, әр түн сайын жегідей жеп келеді.

“Құдайдан күш сұрайтын кезде есіңде болсын, ол сені ең әлсіз жеріңмен майданға аттандырады” дейтін бар еді, сынақтың сарала қамшысы бала күнімде жамбасыма сарт ете түскенде жылай салғаным болмаса, ес білгеннен кейінгі дәмі удай боларын кім білген.

Дәл қазір боямасыз шындық біреу, Metsuki sutemi дейтін жапон тіліндегі тастай сөздің ұңғысында тұрмын. Артта қалған әке-шешемнің хәліне қарап, бәрін тастап үйге кету не тасбауыр тастан соғылған қаланың төрт қабырғасында отырып, 4-5 сағаттық ұйқымен аққан тер тілге тигенше тірнектеу.

Ендігі сынақ - әкемде. Қос аяққа жасалатын операцияның салмағын сезінсе де, “құлын, бізге алаңдама!” деп телефон сөйлескен сайын жауап беретін әкенің сөзін тістеніп тұрып тыңдаймын. Қысқасы, не бел кетеді, не белбеу кетеді. Әке-шешем де отбасым, әйелім мен балам да отбасым. Қыл арқан үстіндегі жауапкершіліктің бір шеті бір жағына ауса, екі жақтың да терезесі шытынайды. Шағылмаған не қалып еді бірақ менде..!

Иә, құдай!
Күш бер. Ақыры пендеңнің әлсіз жерімен майданға жалаңаш жіберсең, оған да көндік. Сүрінер күн келгенше, “тексіз ұл екен”, “отбасына жарымаған әке екен” дегізбе! Қалғанын бұған дейін қалай жұдырығыма түйіп, дымын білдірмей келдім, солай алып шығам. Сүйек сынса да, маңдай жарылса да, адамзат алдындағы адамдық дейтін тамшы жарықпен күресуге дайынмын.

“Көрінбейсің” дейтін ағайынға жауап берген тілім хатым осы.
Амандықта.*

@aqanmargulan

4 days, 23 hours ago

Сен өзіңді ақылды қылып көрсеткің келетінін, өзіңмен сұхбаттасқан уақытта байқадым. Сөзден аттап, өзгенің пікірін тыңдау былай тұрсын, менсінбейтініңнен хабарың жоқ. Үлкенмен қалай қарым-қатынас орнату, қалай сыйласу керектігін үйрететін курстар сатылмайтыны өкінішті болып тұр. Пайда болса, шарықтаған бағасына қарамай сыйға тартарма едім. Жасы үлкеннің жасағаны мен көргені, сенің осы кезге дейін өміріңде жасаған әрекеттеріңнен көбірек. Сөз тізгінін беріп үйрен, өзге пікірлерді ой сүзгісінен өткізіп көр.

1 week, 6 days ago

***Дүниемен сынала бергеніміз әлдеқайда қайырлы, бастысы денсаулықпен сыналмайық. Дүниені қайта қалпына келтіру оңай іс, тек күтуді, уақытты талап етеді.

Шипаны дарыту тек Құдайға ғана тән.***

1 week, 6 days ago

***Ұлттық іргетасымыз қаланбас бұрын, ең бірінші Керей мен Жәнібек бабаларымыз жарық дүние есігін ашты. Одан соң, Қасым Хан билігі тұсында тынысымыз кеңейіп, халқымыздың жаны жадырап, жер жүзінде қазақ ұлты санының көбеюі орын алды.

Ашық аспан астында, шариғи заңдармен "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман" орнығуына себепші болған бабамыз Әз-Тәуке Хан ұлы жолдың алауын жалындатып әкетті. Тәмәмдай келе, зұлым империя оның рухтылығынан қорыққан, тақуа Кенесары бабамыз ең үлкен ұлт-азаттық көтерілістің отын жақты. Одан кейін, ұлы мұраттың жетегінде болған, алаш зиялыларының биік мақсаттасы, дем беруші көсемі Әлихан атамыз, арманымыздың алауын өшірмеу үшін жандарын құрбан етті.

Ғасырдан ғасырға жан қиярлықпен сақталып келген мәдениетіміз мен дінімізді, дәстүрімізді, ділімізді, тарихымызды ұмыт қалдыруға мүлдем болмайды.

Ұлттық мұқалмас рухтылығымыздан, шынайы тарих сыр шертеді. Ұмытылмайды.***

1 week, 6 days ago

23 сәуір– Халықаралық кітап және авторлық құқық күні.

@kaatib0

2 months, 2 weeks ago

Қателік кешірілер, дөрекілік кешірелер, сатқындық кешірілмейді.

2 months, 2 weeks ago

Көненің көзі, асылдың сынығы болсам, екі айналып теберме едің?

2 months, 2 weeks ago

***Адамның жүректен аяулы жері барма?

● Абай Құнанбайұлы***

2 months, 3 weeks ago

Маңдай терсіз, ерен еңбексіз келген табыстың берекесі болмайды.

We recommend to visit

Last updated 1 month, 1 week ago

😍😍 Jօռɨ aռɖ sɦaʀɛ ʍʏ ċɦaռռɛʟ քʟs 🙏🙏
👇👇👇
😘✌️Aɮօʊt channel🤘😍
#ռɛա ʍʊsɨċ 🕺💃🎧
#քɨċtʊʀɛ 💏📸
#ʄa𝚗̸ռɛ ʋιԃҽσ😂🤣
𝙹̶𝚘̶𝚒̶𝚗̶&̶ 𝚂̸𝚑̸𝚊̸𝚛̸𝚎̸ 𝚙♥𝚕♥𝚜♥🙏🙏
👇👇👇
@All_music_Faf
@All_music_Faf
Any question&comment👉 @Danger_boy2

Last updated 7 months ago