?️Lent.az İnformasiya Agentliyi
? Website: https://lent.az
? Contact: @BOTAPAGroup
? E-mail: [email protected]
Last updated 2 months, 2 weeks ago
Azərbaycan Respublikası Dövlət Sərhəd Xidmətinin rəsmi "Telegram" kanalı
Last updated 2 months, 2 weeks ago
Түзелмейді екен, қинасаң да қабырға-ай.
***-Қалай жағдайың, денсаулығың қалай, жақсысың ба, үй-ішілерің қалай?
-жақсы шүкір, өзіңіздің жағдайыңыз...?
деген диалогтың жаяу жүргіншілер қаптаған көше бойында аяқталусыз, әлсін-әлсін естіліп жатқанына түсіністікпен қараймыз. Сөз арқылы емес, кейде көз арқылы бір-біріңмен тілдесуге, көз арқылы бір-біріңнің жаныңды жадыратуға болады екен.
Жоқ, мен қанша басым тасқа соғылып, эмоцияның салдарынан бірнеше рет таяқ жесем де, құрғыр құмарлықтың жетегінен еріп кететін тынымсыз пенде екенмін. Өзге түгілі, өзімді де түйсінбей кететін түрім бар. Байырғыдай ойымды еркін көсіліп бөлісе алмаймын, өйткені әдеби сөздерге жерікпін. Көзіміз көрмейтін, сезіне алмайтын алтын қазынаның үстінде отырған басында алтын тәжі бар адамды көрсет десе, ешбір жері ауырмайтын, дені сау адамды меңзер едім.
Ақсақпын, жаралымын, қансырағандаймын.***
***Телефон мен әлеуметтік желі, пышақ пен сіріңкенің мысалына ұқсас келеді. Пышақтың өткір жүзін дұрыс, мұқият қолданбасаң, қолыңды кесіп, жарақаттайсың, ал сіріңкені ықтияттылықпен қолдана алмасаң, шөбі қалың гектар жерлердің, орманды аймақтың, кең даланың шарпылып өртенуіне себепкер боларсың.
Инстаграмды орынды қолданып білмеудің салдары, кей бақытты өмірлердің қолдан құнсыздануына, шүкірсіздіктің пайда болуына әкеліп соқты.***
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн — айда , күн — айда…#ILHAN
***Кешегі Шоқай биден бір сөз қалған, Ераға
Көкті бу көтереді,
Жүйрікті ду көтереді,
Ауырды нар көтереді,
Өлімді Ер көтереді!
Ер емес пе едің?!
Талай құқайды көрген.
Құнсыз берді, пұлсыз алды,
Нең бар еді бұл құдайға берген?! — деген…
Азалы жаныңды бір ашып күннің шуағына, табиғаттың тылсымына, қарындастың қылығына, сөздің ұтымына бір шомылдыршы, Ераға!.. Еңсең тіктеліп қаладығой. Кімнің иығы бүтін дейсіз?. Ауызнан сүті арылмай жатып анасынан, бұғанасы бекімей жатып әкесінен айрылып жатқандар ше? Ес біліп, етек жинап, ел алдына шыққанда айрылған сені жұбата алмасақ оларға не деп жұбаныш айтамыз?..
Бұрынғы есті ақсақалдар айтатын еді:
Бұтағы бар ағаштың саласы көп,
Бауыр еттің аласы жоқ.
Қолдағы алтынның иесі табылса,
Ешкімнің де таласы жоқ.
Сол алтынды бергенде
қуанып шүкірлік қылғансыңдар,
Сол алтынын құдай қайтып алғанда
күшеніп күпірлік қылмаңыздар! — деп.
Дүниенің бар қазынасын жиып берсең де құнына жетпейтін алтын әкеңіз де Құдай аманаты едіғой…
Өткен заманның бірінде жауға сауытсыз шабатын бір батыр күндердің күнінде әйелінен сауытын сұратады дейді. Аң-таң болған әйелі оның мәнісін сұрағанда “Сорлы-ау, тілеулесім болған анам өмірден өткен жоқ па?! Енді маған кімнің дұғасы сауыт болады?!” десе керек.
Сол тілеулестігі Тәңірімен жалғасқан алтын асықты анаңыз да Құдай аманаты едіғой… Иесі алды. Иесіне қайтты. Дауасын табыңыз ендігісі…
Еңсе тіктеңіз, Ераға!***
***Кемелдікті (идеалды) іздеп жүрсең, оны махаббаттан іздемей-ақ қой. Себебі, махаббаттың кереметі – кемшіліктерді сүюде жасырылған.
Шамсуд-дин әт-Тибризи
Яғни, нағыз махаббат – ғашығыңның кемшіліктеріне көз жұму емес, оларды жақсы көру.***
***Шаршаудан шаршадым.
Шаршадым деме, сен кезіккен сынақтардың артында ғажайыптар күтуде.***
***Орындай алмайды екенсің, неліктен уәдеңді бердің?
Орындауға құлқың жоқ, не үшін жауапкершілік жүгін арқалап алдың?***
***Өз өміріңді уайымдаудан бұрын, өзгенің өмірін құтқару, өрт сөндіру төтенше жағдай қызметкерлерінің басты міндеті. Қарапайым, ол салаға мүлдем қатысы жоқ адамдар, бұл қиындықты елестете де алмайды.
Өмір мен ажалдың бел ортасында жалғыз ғана жаныңды тәуекелге тігіп жіберу, батырлыққа тән іс деп санамызға түйсек екен.
"Мен өмірімді қиып түсер қауіпті жағдайлардан, жалындаған өрттерден қорықпауды үйрендім. Тек ішіміз өртенбесе екен" деген әлдебір өрт сөндіруші жігіттің әлеуметтік желісіндегі THREADS парақшасына қарап отырып, еңбегіне басымды идім, оң бағамды бердім.*
?️Lent.az İnformasiya Agentliyi
? Website: https://lent.az
? Contact: @BOTAPAGroup
? E-mail: [email protected]
Last updated 2 months, 2 weeks ago
Azərbaycan Respublikası Dövlət Sərhəd Xidmətinin rəsmi "Telegram" kanalı
Last updated 2 months, 2 weeks ago