obsession*

Description
@ashygaliev
Advertising
We recommend to visit

Spin, Attack, Raid friends and Build on your way to an Empire.
Collect Coins and Stars for Airdrop! @robincoin_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

My official channel for any news & announcements.

*Important Note* :

AVOID THE ""EmpressEvolution"" CHANNEL, OR ANY OTHER IMITATION CHANNELS.

THEY ARE FAKE FROM SCAMMERS.

1 month, 3 weeks ago

Ес білгелі Дарханның әндерін тыңдаймын. Жастық шағымның жадыраңқы сәттерінде де, көлеңкелі кезеңдерінде де, күйзеліске ұшығараған мезгілдерде де жанға дауа Juzz-дың әуендері еді. Сол уақытта іште арман пайда болды. Болашақта мықты интервьюер болып, түбінде Дарханмен жеке танысамын, сұхбаттасамын және өзінің орындауында ән тыңдаймын деген мақсат пайда болды. Өкінішке қарай, өмірдің өз жоспарлары бар. Өткен жылы суық хабарды естіп, арманым енді орындалмайтынын түсіндім. Бірақ, қазақта “досына қарап адамды таны” деген жақсы сөз бар ғой. “Keipker” подкастының арқасында Juzz-дың досы, алғаш қолдаушыларының бірі және кәсіпкер Алибек Келимбетовпен танысып, сұхбаттастым. Әңгімелесу барысында, кейбір сәттерде Дарханның өзі алдымда отырғандай сезім болды. Арманым толық орындалмаса да, жартылай орындалды деп есептеймін! Ал, бұл подкастта Juzz туралы көп естеліктер мен болашақта аңыз музыкантқа арналып, түсіріліп жатқан фильм туралы айтылды. Менде оқырман саны көп емес. Бірақта, осыны оқып отырған жан болса, сілтеме арқылы өтіп, қолдау көрсетсеңіздер деймін. Видеоға лайк басып, комментарий қалдыруды да ұмытпаңыз! Ұнаса ұнады, ұнамаса ұнамады деп. Егер, каналдарыңыз болса, бөлісіп кетсеңіздер қуанып қаламын. Бұл мен үшін өте маңызды. Баршаңызға рақмет! Juzz мәңгі есімізде!❤️

1 month, 3 weeks ago

Бұрынғыдай ұзақ-ұзақ посттар жазсам оқитын желание бар ма, достар?

1 month, 3 weeks ago

Мен бүгін өмірімдегі өте маңызды шешімдердің бірін қабылдадым. Мен үшін қайырлы болғай деймін

4 months, 2 weeks ago

Саған ғашық санамда сәуле қалмай барады…

4 months, 3 weeks ago

Жазайын десем, жаза алмай,
Жүрген жоқпын ба?

4 months, 3 weeks ago

Жүрегімде жағылған жалған болса да, үміттің отын сөндіріп алуға қорқамын.

6 months, 3 weeks ago

Атыраудың тумасы болмаса да, Назок менен гөрі Атырауға жиі барады.

6 months, 3 weeks ago

Қолым босап қалған соң, 2022 жылы режиссер Асқар Ұзақбаев түсірген “Бақыт” атты фильмді көріп шықтым. Ішім алай-дүлей болып отыр. Мен үшін өте ауыр фильмдердің бірі болды. Іштей қанша мойындағым келмесе де, біздің қоғамның қотыры, белең алған проблемалардың бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылық екенін ашық айту керек. Қыз баласына қол көтеру қазақы тәрбие мен дәстүрімізге жат, бейбітшілікті ту қылған дінімізде жоқ деп қанша кеудемсоқтық танытсақ та, проблеманы ешкім жоққа шығара алмайды. Ер адам болсам да, мен де тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорқамын. Бізге яғни, еркектерге көбіреу оқу керек. Көкжиегімізді кеңейтіп, дүниетанымды арттыру қажет. Қоғамды құрайтын біз. Әр азамат өзі үшін қорытынды шығарып, әйелді ғана емес, жалпы тіршілік атаулыға қиянат пен қастандық жасап, күш көрсетудің хайуандық екенін ұғынуымыз қажет. Жаратқанның бізге нәзік жандыларға қарағанда физикалық артықшылық, күш берген себебі - біреу ғана. Ол - әйелдерді қорғау! Біздегі ұлы миссиялардың бірі осы. Ұмытпайық, үлкен күш - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымын!

7 months, 1 week ago

Кейде, бізге берілген 24 сағаттың аз екенін түсінемін.

7 months, 1 week ago

- Біз енді тағы қашан сөйлесе аламыз?
- ешқашан…

(с)

We recommend to visit

Spin, Attack, Raid friends and Build on your way to an Empire.
Collect Coins and Stars for Airdrop! @robincoin_bot

Last updated 1 month, 3 weeks ago

My official channel for any news & announcements.

*Important Note* :

AVOID THE ""EmpressEvolution"" CHANNEL, OR ANY OTHER IMITATION CHANNELS.

THEY ARE FAKE FROM SCAMMERS.